Қандастар Ассамблея

Елбасы мерзімінен бұрын сайлауға байланысты консультация өткізді

22.01.2016 2767
Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мерзімінен бұрын сайлауға қатысты консультация өткізді.

Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мерзімінен бұрын сайлауға қатысты консультация өткізу үшін алдымен Қ.Жақыповпен пен  К.Мәсімовты, сосын Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты сондай-ақ  Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговты қабылдады.   

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин де қатысқан.

 

Елбасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстың кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен пен Премьер-Министр Кәрім Мәсімовты қабылдап, консультация өткізу барысында Парламент сайлауын өткізу туралы Мәжіліс депутаттарының үндеуін қарастырып, бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын және мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен әлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық және ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

 

Ал, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені Мәжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты.

Елбасы Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен кездесу барысында да Мәжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды және мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты.

И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағында көрсетілгендей,  Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды.

И.Рогов Мәжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мәслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін тілге тиек етті.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Фото: akorda.kz

 

Ұқсас материалдар