Елбасы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

01.05.2016 1379
Алматының «Астана» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматының «Астана» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концертті ашты


«Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Біз 25 жыл бойы әркімнің өзгелерден қысым көрмей, тең сезінуі үшін біртұтас мемлекет құрып келеміз. Бұл тарих Алматыдан бастау алды. Бірлік пен ынтымақтың арқасында әлемге танылған мемлекет құра білдік. Барша елмен достық қарым-қатынас орнатып, жақсы көрші болдық. Өз ішінде қырық пышақ болып, қырқысып жүрген мемлекеттер татуласу үшін бізге келеді. Әлемнің 50-60 мемлекеті бізге сенім артады және бейбітшілік іздейді. Мен де сіздердің қатарыңызданмын! Халқымыздың қолдауынсыз мен мұны жалғыз өзім жасай алмас едім», - дейді Ұлт көшбасшысы.

Елбасы түрлі ұлттардың ауызбіршілігімен ауыз толтырып мақтана алатын елдер саны соншалықты көп емес екенін атап өтті.

«Бірліктің арқасында біз индустриялды мемлекет құрамыз! Біздің алдымызда әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына кіру міндеті тұр. Бұған қоса, білім-ғылымды, техниканы дамыту міндеті қойылып отыр, сондықтан да студенттерімізді тек Қазақстанда ғана оқытып қоймаымыз. Келесі жылы барлық түлектерге тегін білім береміз. Басты қорымыз саналатын ауыл шаруашылығы мен технологияларға қол ұшын созып отырмыз. Украина мұнымен мақтана алар ма еді? Жоқ. Себебі оларда бірлік жоқ, халқы адам өлтіріп, жаға жыртысып, ұрлық-қарлыққа көшкен. Осындай мүшкіл хәлді бастан кешіріп жатқан мемлекеттер әлемде жетерлік. Құдай басымызға салмасын», - деп толықтырды Президент.

Сонлдай-ақ Елбасы бүгін барша қазақстандық тойлайтын қос мейрам тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

«Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақыт, жарқын болашақ, бақ-берек тілеймін! Ұлы Даланың Мәңгілік елі жасай берсін!», - деді Мемлекет басшысы.

Концертте қазақ эстрадасының жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Құдайбергенов, Дильназ Ахмедиева және тағы басқалары әннен шашу шашты.


Дереккөз Bnews.kz

Фото Inform.kz

Ұқсас материалдар