Екі алтын, бір күміс

11.08.2016 2413
Рио-2016

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниджат Рахимов және екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды. 


Брасс әдісімен 200 метр қашықтықта суға жүзу жарысында қазақстандық спортшы  белгіленген қашықтықты 2:07:46 уақытта жүзіп өтіп, бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақ қызы Жазира Жаппарқұл күміс жүлде еншіледі. Жазира жұлқа көтеру сайысын Жазира 115 келімен екінші болып аяқтаған болатын. Серпе көтеруде Жазира бар күшін салды. Алдымен 140 келіні көтере алмады. Кейін ол сол салмақты еркіне бағындырды. Соңғы мүмкіндігінде Жазира Жаппарқұл 144 келіні еңсерді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз 259 келімен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтады. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтерген Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, қытайлық Люй Сяоцзюнь (379) бірінші орынды иеленді. Серпе көтеруде Ниджат алдымен 202 келіні басынан асырса, екінші мүмкіндігінде  212  келі зілтемірді көтерді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 379 келіні еңсерді. Осылайша, Ниджат Рио Олимпиадасының алтын жүлдесін алды.

Ұқсас материалдар