Қандастар Ассамблея

ЕҰУ студенттері сайлау алды үндеу жариялады

27.02.2015 4146
ЕҰУ студенттері сайлау алды үндеу жариялады

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Шараға мемлекеттік сыйлық лауреаттары,  ғылым докторлары, университет магистранттары, студенттік ұйымдардың төрағалары мен белсенді жастары қатысты. Дөңгелек үстел барысында жиналған қауым Президенттің «Нұрлы жол» атты халыққа  жолдауын талқылап, болашақта жоспарланып отырған ірі шаралар Елбасының жеке қадағалауын қажет ететінін айтты. Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес парламент пен президент сайлауы бір жылда өтпеуі керектігі мен бұл шара конституциялық өткізу мерзімдері 2016 жылға қатар келіп тұрған Президент және парламенттік сайлауларын екі бөлек өткізуге мүкіндік беретіндігі ортаға салынды.

Айбол Арғынғазинов, студент жастардың ғылыми қауымдастығының төрағасы:

- Қазіргі таңда әлем кеңістігі қиын кезең өткізуде: экономикалық дағдарыс, дау-жанжалдар, ұлтаралық келіспеушіліктер. Бұның барлығы біздің назарымыздан тыс қала алмайды. Қазақстан көп ұлтты, тату, бейбітшілік орнаған мемлекет.  Бұл мемлекетіміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі деп білеміз, және біздер осы саясаттың жалғасқанын қалаймыз. Сондықтан Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасын орынды деп білеміз. Оған қолдау көрсетуді азаматтық парызымыз деп санаймыз.  Еуразия ұлттық университетінің  ғылыми қауымдастығы, оның ішінде жас ғалымдар, президенттік шәкіртақының иелері, оқу озаттары, белсенді студенттер жиналып отыр. Өзіміздің тарапымыздан бас қосып, үндеу жариялауды орынды деп көрдік.

 

Шарипа Садманова, Еүразия ұлттық университетінің 2 курс студенті, «Алтын белгі» ұйымының төрайымы:

- Бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс  өкілдері береке мен ынтымақтастықта тұрып жатқаны Елбасымыздың көреген саясаты деп білемін. Алда төрткүл дүние көз тіккен «ЭКСПО 2017» халықаралық жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, келесі жылы еліміздің Парламенті Мәжілісіне  кезекті сайлауын өткіземіз. Міне, осы шараларды жоғары дәрежеде өткізуге  көшбасшымыз бірден-бір көмекші бола алады. Сондықтан біз Нұрсұлтан Әбішұлының кезектен тыс өткізгелі отырған сайлауда жеңгенін қалаймыз.

Кездесу соңында жастар жиналып, бір ауыздан үндеу жариялады:

Біз мемлекетімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу үшін аянбай еңбек етіп жатқан Елбасымызды мерзімінен бұрынғы  Президент сайлауына түссе, демократиялық түрде жалпы халықтың қолдауына ие болатынына сенеміз. «Таяудағы жылдар жаһандық сынақтар жылдары болады. Одан тек ынтымағы мен бірлігі мығым қуатты мемлекет өте алады» деп, сүттей ұйыған халыққа үміт артқан Елбасын ЕҰУ жастары әрқашан қолдайды.

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Ұқсас материалдар