Қандастар Ассамблея

ЕҰУ ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырады

27.10.2016 1815
2019 жылы Еуразия Ұлттық Университеті ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырады деп жоспарлануда.

2019 жылы Еуразия Ұлттық Университеті ғарышқа алғашқы жерсерігін ұшырмақ. Бұл туралы есептік кездесу барысында университет ректоры хабарлады.

– Біздің мақсатымыз – ғарышқа өзіміздің алғашқы жерсерігін жасап, қосу. Ең бастысы біз оны басқа жақтан сатып алмай, өзіміз жасаймыз, – деді ЕҰУ ректоры Ерлан  Сыдықов есептік кездесуде.

Ректордың айтуынша, «Ғарыштық техника мен технология» кафедрасының магистранттары мен мамандары ғарыштық кеңістік мониторингі бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты жоғары дәрежеде атқарып келеді.

– Университет мақсаты – ғарыш саласында әмбебап маман дайындау. Бұл жөнінде Елбасы Қазақстанның ғарыштық держава болу керектігін айтты. Бұл үшін үлкен қаражат бөлінген және ең үздік деген мамандар тартылып,  мелекеттік құрылымдар жасалуда,- деп атап өтті ректор.

2015 жылдан бастап университет «Ғарыштық техника мен технология» және «Құрылыс материалдарының бұйымдары мен конструкциясын жасап шығару» мамандықтары бойынша магистранттар дайындайды. Ал, биыл  «Биотехнология», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Жылу энергетикасы» сынды тағы үш мамандық ашылып отыр.

Жалпы құны 449 104 теңге болатын «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының зертханасы» және «Кіші ғарықтық материалдар зертханасы» атты 2 зертхана құрылды. Зертхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

«Жыл соңына дейін тағы екі зертхана ашу жоспарда бар. Бұл мамандықтарда 568 магистрант білім алады. Аталған мамандықтар бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламасы құрастырылған», - деді университет ректоры.

Оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін Германиядан, Оңтүстік Кореядан, Польшадан, Түркиядан және Қытайдан  серіктес университеттерден білікті мамандар шақырылып отыр.

Ұқсас материалдар