Қандастар Ассамблея

Ең бірінші Бейбітшілік және келісім сарайы.

24.07.2014 4587
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен әр үш жыл сайын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайлары өтуде.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен әр үш жыл сайын Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайлары өтуде. Бұл құрылтайдың ерекшелігі, ешқашанда бір үстел басында жиналмаған дін өкілдері бас қосып, әлемдегі діни ахуалды талқылауы. Бұл, еліміздің әлемдік саяси аренадағы үлкен жетістігі болып табылады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылда өткізілген бірінші құрылтайда келесі съезд арнайы салынған ғимаратта өтетіндігі жайлы мәлімдеген еді. Елбасы айтқандай, 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының ІІ-ші съезі барлық діндерді бір шаңырақтын астына біріктірген, бейбітшілік пен келісімнің нышанына айналған, Астанадғы жаңа ғимарат Пирамидада өткен болатын.

Тарихқа үңілсек, осыған ұқсас сарай салуды бірінші болып ұсынған Ұлы Моғолдар Империясының үшінші падишахы Ұлы Ақбар еді. Ол Моғолдар династиясының негізін қалаушысы Бабурдың ұрпағы. Ақбар жауалап алу соғыстары арқылы Моғол империясын күшейтіп, жерін кеңейтті. Ақбар падишах ғылымға, сәулет өнеріне ерекше қолдау көрсетті. Ол өз маңына ең танымал ғалымдарды, ақындарды, музыканттарды және суретшілерді жинады. Оның билік құрған кезінде  сурет салу мектебі, 24 мың том кітабы бар үлкен кітапхана ашылды. Ақбардың бұйрығымен 1569 жылы Агры қаласының жанында империяның жана астанасы Фатехпур-Сикридің («Жеңіс қаласы») құрылысы басталды. Ол империяда көптеген реформалар жүргізді. Реформалардың негізгі мақсаты әр бір адамға құрметпен қарайтын, әділетті орталықтанған мемлекет еді.

Моғол империясында көптеген дін өкілдері, мұсылмандар, христиандар, иудейлер, индуисттер мекен еткен еді. Ұлы Ақбар барлық діндерге құрметпен қараған. Сондықтан да империяда діни алауыздықты, соғысты болдыртпау үшін, ол, халықты біріктіру амалдарын ойластыра бастады. Ақбар, қоғамда діни мәселелердің шешу жолдарын талқылайтын арнайы сарайды салдыруға бұйрық береді. Кейін төрт есігі бар бұл сарай түрлі дін өкілдері жиналып, туындаған мәселелерді талқылап, ортақ шешімдер шығаратын орынға айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік ИТАР ТАСС ақпараттық телеграфтық агенттігіне берген сұхбатында дін мәселесінде Ұлы Моғолдар империясының падишахы Ақбардан үлгі алатындығын жайлы айтқан еді. Бұның бір көрінісі кезінде діндерді біріктірген Ақбардын сарайына ұқсас Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайының бой көтеруі.

Ұқсас материалдар