Қандастар Ассамблея

«Достық үйлері» мерекелік кештер ұйымдастырды

02.02.2015 6508
2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан шаралардың да ауқымы кең.

Еліміз егемендік алғалы бір шаңырақтың астында 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрақтылық пен бірлік сақтап, тату-тәтті өмір сүріп келеді. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан шаралардың да ауқымы кең.

Мысалы, 23 қазанда Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттік этносаясат: «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы міндеттер, әдістеме, технологиялар» тақырыбында үш күндік аймақтық семинар-тренинг  басталды. Аталған семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының өкілдері және «Көкше» академиясының профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Оған қоса семинарға Германия, Болгария елдерінен бақылаушы қонақтар да келеді.

Ағымдағы жылдың 18 қазанында ШҚО-да «Облыстық Достық үйінде» «Верх-Иртышка» орыс казак қауымы алғаш рет «Казачье братство» фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, еліміздегі халықтар тарихына деген құрметті қалыптастыру. Іс-шараның ұйымдастырушылары еліміздегі әр этнос өкілдерінің мәдени, тілдік дамуына көп көңіл бөлетіндігіне үлкен алғыстарын білдірді. Кеш қонағы болып, Ресейдің Өскемен қаласындағы консулы болды.

19 қазан күні «Азери» ШҚО облыстық Әзірбайжан қауымдастығы, 18 қазанда аталып өткен Әзірбайжан елінің Тәуелсздік күніне арнап, мерекелік концертін өткізді. Кеш жүргізушілері атап өткендей, Қазақ және Әзірбайжан елдерін ортақ діни, мәдени құндылықтар, екі ұлттың бір-біріне деген бауырмалдығы біріктіреді. Кеш барысында Әзірбайжан елінің Ұлттық лезгинка, «ерлер биі», қыз балалар биі «Узун дара», «Сары Гялин» билеріне толы болды.   

Павлодар облысының «Достық үйінің» ұйымдастыруымен 19 қазан күні «Возрождение» және «Ленц» неміс үйлеріндегі жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Einschulungfest-2014» атты мерекелік кеш өтті. Неміс ұлтының өкілдері немісше би билеп, ән шырқап, «Возрождение» мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Неміс орталығының айтуынша,неміс тілі мен мәдениетін үйренгісі келетін кез келген оқушы қабылданып, оқу басталу күні мереке ретінде жыл сайын аталып өтеді екен.  

Суреттердің дереккөздері: Фестиваль братства, Мой Азербайджан«Einschulungsfest-2014»

Ұқсас материалдар