Қандастар Ассамблея

«Дориді іздеу» анимациялық фильмінің трейлері жарық көрді

11.11.2015 3619
Disney/Pixar компаниясының су асты әлемінің қызықтарына толы «Дориді іздеу» атты жаңа анимациялық туындысының трейлері жарық көрді.

Disney компаниясына тиесілі Pixar киностудиясы су асты әлемінің қызықтарына толы «Дориді іздеу» атты жаңа анимациялық туындысының трейлері жарық көрді. Картина режиссерлері – Эндрю Стэнтон мен Энгус МакЛэйн

10 қараша күні Дориді дауыстаған Эллен Дедженерес өзінің ток-шоуында (The Ellen Show) бір қызық видеоны көрсетті. Видео ұйқы үстінде сөйлеп жатқан Дори мен оны оятпақ болған Немо мен Марлиннен («Немоны іздеу» анимациялық фильмінің негізгі қаһармандары) басталады. Оянған соң Дори есіне бірнәрсе түскенін айтады. («Бірақ бұл мүмкін емес қой, иә?» – деп айналасындағылардан таңдана сұрайды). Кейіннен ол өзінің отбасын іздеуге көшеді.

«Дориді іздеу» фильмі 2003 жылы жарық көріп, үлкен танымалдыққа ие болған «Немоны іздеу» анимациялық туындысының сиквелі болып табылады. Алғашқы фильмнен сиквелде: Дори, Немо, Марлин және аквариум тұрғындары  көрсетіледі. 

Дори (ағылш. Dory) – есте сақтау қабілеті нашар, бірақ мейірімді көк балық. Ол өзінің сырқатынан арылып, отбасын тапқысы келеді. Фильм желісі «Немоны іздеуден» кейін бір жылдан соң  Калифорния жағалауында өтеді.

Сюжет

Бірінші фильмнен кейін алты ай өткен соң Доридің есіне кенет балалық шағының естеліктері келе бастайды. «Калифорниядағы Монтерей інжу моншағын» есінен алған ол өз жанұясын іздеуге аттанады. Сөйтіп ол Монтерей теңіз өмірі институтына келіп, онда түсі ақ белуха – Бэйлимен, кит-акула – Кей Димен және сегізаяқ – Хэнкпен кездеседі. Соңғысы кейіннен оның гидіне айналады. 

Фильмнің өндірісі

2005 жылы Майкл Эйснер (Disney) мен Cтив Джобс (Pixar) арасындағы фильмдерді Pixar студиясына бөліп беруге байланыста келіспеушіліктен кейін, Disney 1995 пен 2006 жылдар аралығындағы Pixar фильмдеріне (Авторлық құқықтары Disney компаниясына тиесілі) сиквел түсіру үшін жаңа Circle 7 Animation анимациялық студиясын құратындығын жариялаған болатын. Студия «Ойыншықтар тарихы 3» пен «Құбыжықтар корпорациясы 2» туындыларының түсірілімін бастады және «Немоны іздеу 2» фильміне сценарий жазуға сценарист Лори Крейгті жалдады.

Disney компаниясының бас директоры қызметіне Эйснердің орнына Роберт Айгер келген соң Circle 7 Animation студиясы жабылып, есесіне Disney медиа компаниясы Pixar киностудиясын сатып алды.

2012 жылы Эндрю Стэнтон «Немоны іздеудің» сиквелін әзірлеп жатқандығы және оның 2016 жылы жарық көретіндігі жайлы хабарлама шықты. 

«Дориді іздеу» кинотеатрлардан 2016 жылдың 17 маусымында көрсетіледі деп күтілуде. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар