Дінмұхамед Анапин: "Отанға деген сүйіспеншілігімді байқауда көрсеткім келді!"

26.03.2015 1878
2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды.

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асады. Байқауға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Өтініштер 17 наурыздан басталып, 15 сәуірге дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.

Байқауға қатысқан үміткерлермен аз-кем сұхбаттасып отыруды бастаған едік. Өткен жолы Айзада Байсарина есімді қарағандылық студентпен сұхбат құрдық. Енді ақтөбелік Дінмұхамед Анапин есімді студенттің ойын білейік: 

– Менің есімім Дінмұхамед Анапин. 1999 жылдың 27 сәуірінде дүниеге келдім. Бала күнімнен бәрін білуге құштар, жаңашылдыққа жаным құмар болды.
Соның ішінде дизайнмен айналысуға қатты қызықтым. Сайттардың сыртқы құрылымын жасау, әртүрлі веб-сайттардың сұлбасын құрастырып, мұқабалар мен палкаттар жасауға ынталы болдым.  
Қазір Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 1 курс студентпін. Өз мамандығымды өте жақсы көремін, техникаға әуеспін. Өмірде ең бастысы өз кәсібіңді, жұмысыңды сүю деп білем.
Бос уақытымда әлеуметтік желілерде жеке блогымды жүргіземін. Жаңа технологиялар мен басқа да тақырыптарға байланысты өз ойымды қосып отырамын. Әлеуметтік желіде белсенді болғандықтан, осы постерлер туралы байқауды көзім шалып қалды. «Неге қатыспасқа?!» деген шешімге келдім.
Отанға деген сүйіспеншілігімді, ыстық ықыласымды кейде көпшілікке білдіргім келеді. Сондықтан, осы постерлер байқауына қатысуға бел шеше кірістім. Өте көп уақыт ойымды пісіріп, қалайда үздік шығаруға тырыстым.
Ойлана келе жұмысымды Қазақстанның картасымен байланыстыруды жөн санадым. Көк туымызды да пайдаландым. Мұның бәрі тәуелсіздігіміздің айғағы деп білемін!
Мені қолдаушыларға үлкен алғысымды білдіремін!

Әзірлеген: Жандос Смайлов.

Ұқсас материалдар