Қандастар Ассамблея

Депутаттар сайлауын өткізу бойынша баспасөз орталығы ашылды

27.01.2016 2366
Астана қаласының баспасөз орталығы ашылды.

Бүгін «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінің мәжіліс залында Астана қаласының баспасөз орталығы ашылды. Орталық мамандары жұртшылықты ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласының мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты ақпараттармен хабардар етіп отыратын болады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 20 қаңтардағы «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, үстіміздегі жылдың 20 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауы және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

«Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығын іске асыру аясында бүгін осы кезеңде жүргізілетін барлық процестер туралы кеңінен баяндау үшін баспасөз орталығы ашылды, барлық қажетті ақпарат қала тұрғындары үшін қол жетімді болады», – деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов баспасөз мәслихаты барысында.

Орталық күн сайын таңғы сағат 09.00 кешкі сағат 18.00 дейін, демалыссыз жұмыс істейді, ал сайлауға дейін бір ай қалғанда орталық 12 сағаттық жұмыс күніне көшеді. Орталық саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің БАҚ өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ, электоралды кезең ішінде алдағы сайлау бойынша өзекті ақпараттарды жеткізу үшін құрылған.

Бұдан басқа, үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап баспасөз орталығында халықаралық бақылаушыларға, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне көмектесетін орталық ашылады. Баспасөз орталығының толлыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады. Ал 5 ақпанда Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындарына өз сайлау учаскесі туралы мәлімет беретін бірыңғай байланыс орталығын іске қосады.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

 

Ұқсас материалдар