Әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері қаралады

10.10.2016 1917
Ұлт жоспары – «100 нақты қадам». 31-қадам

Ішкі істер министрлігінде орган қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. 

Отырыс барысында Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне келіп түсетін азаматтардың қызметтік әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы шағымдарын Қоғамдық кеңесте және ІІД Консультативтік кеңес органдарында қарау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар «Дактилоскопиялық және геномдік тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобаларын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге дайындық мәселесі қаралды.

Қоғамдық кеңесті дайындау және өткізу Қоғамдық кеңестің заң шығармашылық қызметі мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелді.

Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі зорлық-зомбылық мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауда берілген ұсынымдарды іске асыру жөнінде ақпараттар ұсыну тапсырылды. 


Алмас САУДАМБАЙ

Ұқсас материалдар