Қандастар Ассамблея

Денис Тен: «Мен қазақ балабақшасына барғанмын» (ФОТО)

07.04.2015 3835
«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жуырда ғана Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлде алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен кездесу ұйымдастырды.

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жуырда ғана Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлде алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен кездесу ұйымдастырды. Айта кетейік, Денис жақында Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлде алған болатын. Екі жарыс күнінің нәтижесі бойынша 267,72 ұпай жинаған еді. Бірінші орынды испаниялық Хавьер Фернандес пен иеленсе, жапониялық Юдзуру Ханю күміс жүлде алды. 

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кездесу барысында алдағы уақытта қазақ тілін үйренетінін айтты.

 – Мен қазақ тілін жақсы көремін, қатты қызығамын. Бал кезімде қазақ балабақшасына барғанмын. Қазақша таза сөйлейтінмін. Маған ол кезде тілдердің айырмашылығы аса біліне бермейтін еді. Кейін 10 жасқа толғанда мені Мәскеуге алып кетті. Сол жақта жаттығу жасадым. Өздеріңіз білесіздер, Ресейде қазақша сөйлейтін орта жоқ. Барлығы орыс тілінде. Сондықтан қазақ тілін ұмытып қалғаным рас. Қазір тек «сәлем», «сау бол» деген сияқты бірді-екілі сөздер ғана есте қалды. Алайда мұның бәрі уақытша деп ойлаймын. Алдағы уақытта қазақ тілін үйренемін. Әрине, спортшының бос уақыты шектеулі. Сондықтан дұрыс жоспар құруым қажет. Қазіргі кезде негізінен Америкада жаттығамын. Сондай-ақ Қазақ-Британ техникалық университетінің студентімін. Сабақтың бәрі ағылшын тілінде өтеді. Соның арасында уақыт тауып, қазақ тіліне де көңіл бөлетін боламын. Бұрындары «Инстаграм» парақшамдағы оқырмандарым негізінен шетел азаматтары еді. Сол себепті посттарды ағылшынша жазып жүрдім. Ал қазір жағдай өзгерді. Қазақша жазатындар көбейді. Олардың жазғандарына түсінбесемде қуанамын. Менің басты мақсатым Қазақстанға адал қызмет етіп, елімнің атын шығару. Енді алдағы уақытта сол еліме деген махаббатымды қазақ тілінде жеткізе алатын болсам, аата-анам да, мен де қатты қуанатын боламыз. Тағы да бір рет қайталап өтейін. Ана тілімді үйренетіме уәде беремін, – дейді Денис Тен.


Суреттерді түсірген: Нұрбек Әлманбетов.

Ұқсас материалдар