Қандастар Ассамблея

Дәстем сал Қарабасұлы

28.07.2014 2709
Әдебиет тарихында аты елеусіз болып, артында қалдырған мұралары жиналмай келген тұлғалардың бірі – XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген суырыпсалма әнші­ақын, күйші­композитор, халық батыры – Дәстем сал Қарабасұлы.

Әдебиет тарихында аты елеусіз болып, артында қалдырған мұралары жиналмай келген тұлғалардың бірі – XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген суырыпсалма әнші­ақын, күйші­композитор, халық батыры – Дәстем сал Қарабасұлы.

Ақынның туған жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының маңы. Оны сан қырлы өнерге – әншілік, мергендік, қолөнершілік және басқа өнердің көптеген түрлеріне өз ағасы Қожаберген жырау Толыбай сыншы ұлы баулыған. Ел аузында сақталған кейбір деректерге қарағанда Дәстем бала кезінде ауыл молдасында, кейін медреседе оқып, білім алған көрінеді.

Аты мәлім өнерпаздың шығармалары көп болуына қарамастан, дені біздің кезге жетпеген, ел есінен ұмыт қалған. Оның шығарған «Қызылжар», «Гүлтөбе», «Қарағай», «Ақ сауыт», «Көктау» атты әндері, «Адырна», «Мір», «Бүкпелім»,

«Сібір», «Ертіс» деген күйлері, «Жалаңтөс баһадүр», «Салқам Жәңгір», «Ғаділ Әнет», «Данышпан Қазыбек», «Қайран Әйтеке», «Ақша батыр», «Дәстемнама», «Абақ ана», «Жаман батыр», «Бозқозыұлы Бөкенбай» атты тарихи­ерлік жырлары да болыпты. Қазір бұл шығармаларды жатқа білетін де, домбырамен тартып, нақышына келтіре айтатын да көнекөз адам қалған жоқ.

Ел ішінде Қарабасұлы жыраудың тек Абылай ханға, Жабай, Баян, Бөгенбай, Тұрсынбай, Малайсары, Қабанбай, Айдос, Олжабай, Есет, Жәнібек батырларға, Байжігіт күйшіге, Бұқар, Тәтіқара,  Үмбетей  жырауларға  берген  баталарының үзінділері мен «Жаман батыр» деген дастанның үзіндісі, «Дәстемнама» атты тарихи жыры ғана сақталған.

Сонымен, «Дәстемнама» тарихи дастанының қазіргі сан түрлі ауытқымалы  пікір  қайшылығына  толы дүбірлі  заман кезімен қарағандағы танымдық қуат­құндылығы неде? «Дәстемнама» нендей толғақты мәселе көтеруімен ғасырлар сын елегінен өте келе бізге қымбатты қазына болып тұр? Жауап іздеп көрелік.

Біріншіден, «Дәстемнамада» орта ғасырлар шеніндегі Орта Азия халықтары басынан кешірген сан тарихи өткелдер жолай шолу түрінде болсын айтылып өтіп, түркі халықтарының тағдыр­талайы, елдік қадір­қасиеті, мекен еткен жер­су аймағы жыр жолдарымен зерленеді. Екіншіден, Сібірдегі түркі жұртын қан қақсата жүріп, белсенді отарлау саясатын жүргізген Ермак қарақшының жауыздығы мен оның ит өлімі аталмыш тарихи мұрада өз кезеңі тұрғысымен алып қарағанда алғаш рет көркем шығармаға арқау болып, біршама айқындықпен ашылып көрсетіледі.

Жалпы Ермактың өмірі мен өлімі жөнінде нешеме қилы, қайшылықты пікір­байламдар бар. Алайда, «Дәстемнама» дастанының  тарихи  айғақты  көлденең  тартуы  тұрғысынан келсек, халық жадында сақталып келген Ермак өліміне қатысты «итке талатып өлтіруі» нұсқасының өміршеңдене түсетінін байқаймыз. Сол секілді «Дәстемнаманы» жырлаушы Ермакты Жармақ деп, оның әкесі Тимофейді – Темепей, Ібір­Сібірді жаулаушы саудагер­алпауыт Строгановтарды – Ыстыраған, Ібір­Сібірдің кіші санды халықтарын қазақ тілінің ауызша айтылу мақамына қарай әр түрлі айтып, жырлай береді. Жырдағы:

 

Қазақтың бегі – Ер Дәулен

Жармақты (Ермакты) бөгеп соғысып,

Қарсы тұрды көлденең.

Орта жүз Керей Сейдек те

Ер еді асқан санаттан.

Сүйреп әкеп Жармақты

Қабаған итке талатқан, – деген шумақтарындағы Ермакты итке талатып өлтiрген Сейдек батырдың Көшебенiң Еламан атасынан тарайтынын айтады. Еламан атаның кейбiр ұрпақтары Жамбыл ауданында тұратынын көпшiлiк бiле бермеуi мүмкiн.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Ұқсас материалдар