Тұрар Рысқұлов

23.01.2013 3112
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы бұрынғы Жетісу облысы (Верный) Талғар ауданында дүниге келген. Бала кезінде Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910-1914 жылдары Пішпектегі бірінші дәрежелі  ауылшарушылық  училищесін бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына  оқуға қабылданады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде оқуын тастап Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркеге оралып онда «қазақ жастарының революциялық одағын» құрды. Осы жылы жазда РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.  1918 қыркүйекте Түркістан АКСР-нің денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етіп, осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше орталық комиссия ұйымдастырылып оның төрағасы болып тағайындалады. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан АКСР-і ОАК төрағасының орынбасары, ал 1920 жылы 21 қаңтарда Түркістан АКСР-і ОАК төрағасы болып сайланды. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОЕ шешіміне орай Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберіліп, Орталық Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1926 жылы наурызда Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19  сәуірде Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Қазақ өлкелік БК(б)П комитетін басқарған Ф.И.Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау» идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында И.В.Сталинге нақты ұсыныстар жасады.

1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.

Дереккөзі: ОҚО әкімдігі