Қандастар Ассамблея

Ең қауіпті сусын

08.02.2013 2521
Уильям Кенневелл–Австралия тұр­ғыны. Ол 25 жасына жетпей жатып-ақ әлемдегі құрамы құпия болып табылатын, бірақ бала-шағаның барлығы да ішуге әуес «Кока-коладан» зиян шекті. Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр су­сынды ішіп жүріп, ақырында оның зар­дабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды? – Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәти­жесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көр­сетіп. Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұ­ның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді су­сын­нан көреді. Дәрігерге кө­рінуге келген ол ауыз қуысы тамы­рын­дағы қан­ның бұ­зыл­ғанын естиді. Қазір оның қолында жа­санды тіс пен сусынды қатар ұстап түскен сурет бар. – Мұның бәрін басқа жұртты сақ­тандыру үшін жасадым. Дәрігерлер ке­зінде маған газды сусыннан бас тарт­пасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкі­нішті, – деп еске алады ол. Шын мәнінде, австралиялық зерт­теуші­лер газды сусындардың адам ағза­сына өте зиян екенін айтып отыр. Сұрау салудың барысында 5 пен 16 жастағы 16800 бала мен жасөспірімге зерт­теу жұмыстары жүргізілген. Олар­дың 56 пайызы газды сусындарды іше­тін болып шыққан. Бұл өте қауіпті. Газ­ды тәтті сусын тістің қызыл етін боса­тып, тісті босатады, – дейді ав­­стра­лиялық дәрігер Джейсон Армфилд. Ендеше, тәтті газды сусыннан сіз де абайлаңыз!  Айқын

Уильям Кенневелл–Австралия тұр­ғыны. Ол 25 жасына жетпей жатып-ақ әлемдегі құрамы құпия болып табылатын, бірақ бала-шағаның барлығы да ішуге әуес «Кока-коладан» зиян шекті.

Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр су­сынды ішіп жүріп, ақырында оның зар­дабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды?

– Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәти­жесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көр­сетіп.

Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұ­ның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді су­сын­нан көреді. Дәрігерге кө­рінуге келген ол ауыз қуысы тамы­рын­дағы қан­ның бұ­зыл­ғанын естиді. Қазір оның қолында жа­санды тіс пен сусынды қатар ұстап түскен сурет бар.

– Мұның бәрін басқа жұртты сақ­тандыру үшін жасадым. Дәрігерлер ке­зінде маған газды сусыннан бас тарт­пасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкі­нішті, – деп еске алады ол.

Шын мәнінде, австралиялық зерт­теуші­лер газды сусындардың адам ағза­сына өте зиян екенін айтып отыр.

Сұрау салудың барысында 5 пен 16 жастағы 16800 бала мен жасөспірімге зерт­теу жұмыстары жүргізілген. Олар­дың 56 пайызы газды сусындарды іше­тін болып шыққан. Бұл өте қауіпті. Газ­ды тәтті сусын тістің қызыл етін боса­тып, тісті босатады, – дейді ав­­стра­лиялық дәрігер Джейсон Армфилд.

Ендеше, тәтті газды сусыннан сіз де абайлаңыз! 

Айқын

Ұқсас материалдар