Қандастар Ассамблея

Ғалым Әлихан Бөкейханұлы

08.02.2013 2467
Алаш алыптары саясаттың сахнасында сақырлап қайнап жүргеніне қарамастан ұлт дамуының қай саласын да қамтуға тырысты. Сондықтанда, өздері арнайы маманы болмаса да, ғылымның әр саласы бойынша кітаптар жазып, халықтың ой-санасын жетілдіруге тырысты. Мәселен, Ж.Аймауытұлы «Психология», М.Жұмабайұлы «Педагогика», Ә.Бөкейханұлы «География», А. Байтұрсынұлы«Қазақ тілі», Қ.Сәтбаев «Алгебра», М.Дулатұлы «Есеп кітабы» т. б. оқу құралдарын дүниеге әкелді. Және қандай дүниелер жазды десеңізші! Қазақ ғылымының алғашқы қадасын қадағандардың бірі «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлы. 1903 жылы Ресей география қоғамында Әлихан Бөкейханұлының қазақтың ауыл шаруашылығы туралы 3 бірдей зерттеуі жарық көрген. Онда қазақтың қара қойы мен жылқысының өзге мал түрлерінен ерекшелігі және қазақ даласының егін егуге, мал бағуға, басқа бақшалық өнімдерді өсіруге қолайлы және қолайсыз жерлері туралы жан-жақты тәптіштеліп жазылған деген еді бірде филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Ісмақова. – Біз қазақ ғылымы туралы бұл мәліметтерді айтқан кезде Ресейдің ғылымтану мамандары «неге олар кітап боп шықпаған, ауыл шаруашылығы туралы 1903 жылы-ақ зерттеу монографиялары шықса, қазақ ғылымы төңкеріске дейін-ақ қалыптасқаны ғой», деп таңданыстарын жасыра алмады. Олар Орынбор, Петербург географиялық қоғамдарының журналдарында орыс тілінде шыққан. Өкінішке орай, біз осы зерттеуді әлі қажетсінбей отырмыз. Республикалық мәртебесі бар Астанада, не Алматыда Ә. Бөкейханұлы атында әлі күнге дейін не кітапхана, не жоғары оқу орны жоқ. Бұл үшін Әлиханды рухани ұстазы санайтын Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтердің рухы бізге риза бола қоймас деп ойлаймын–, дейді А. Ісмақова. Ғалымның көптен бері Әлиханның есімін ауыл шаруашылығы институтына беру туралы да ұсыныс жасап жүр. Ол кісіні қазақтың игі жақсыларының көпшілігі қолдайтындықтарын білдірген. Өкініштісі сол, әзірге бұл ұсыныс құзырлы орындардың құлағына жетпей жатыр. Дәулетқали Асауов BAQ.kz

Алаш алыптары саясаттың сахнасында сақырлап қайнап жүргеніне қарамастан ұлт дамуының қай саласын да қамтуға тырысты. Сондықтанда, өздері арнайы маманы болмаса да, ғылымның әр саласы бойынша кітаптар жазып, халықтың ой-санасын жетілдіруге тырысты. Мәселен, Ж.Аймауытұлы «Психология», М.Жұмабайұлы «Педагогика», Ә.Бөкейханұлы «География», А. Байтұрсынұлы«Қазақ тілі», Қ.Сәтбаев «Алгебра», М.Дулатұлы «Есеп кітабы» т. б. оқу құралдарын дүниеге әкелді. Және қандай дүниелер жазды десеңізші!
Қазақ ғылымының алғашқы қадасын қадағандардың бірі «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлы. 1903 жылы Ресей география қоғамында Әлихан Бөкейханұлының қазақтың ауыл шаруашылығы туралы 3 бірдей зерттеуі жарық көрген. Онда қазақтың қара қойы мен жылқысының өзге мал түрлерінен ерекшелігі және қазақ даласының егін егуге, мал бағуға, басқа бақшалық өнімдерді өсіруге қолайлы және қолайсыз жерлері туралы жан-жақты тәптіштеліп жазылған деген еді бірде филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Ісмақова.
– Біз қазақ ғылымы туралы бұл мәліметтерді айтқан кезде Ресейдің ғылымтану мамандары «неге олар кітап боп шықпаған, ауыл шаруашылығы туралы 1903 жылы-ақ зерттеу монографиялары шықса, қазақ ғылымы төңкеріске дейін-ақ қалыптасқаны ғой», деп таңданыстарын жасыра алмады. Олар Орынбор, Петербург географиялық қоғамдарының журналдарында орыс тілінде шыққан. Өкінішке орай, біз осы зерттеуді әлі қажетсінбей отырмыз. Республикалық мәртебесі бар Астанада, не Алматыда Ә. Бөкейханұлы атында әлі күнге дейін не кітапхана, не жоғары оқу орны жоқ. Бұл үшін Әлиханды рухани ұстазы санайтын Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтердің рухы бізге риза бола қоймас деп ойлаймын–, дейді А. Ісмақова.
Ғалымның көптен бері Әлиханның есімін ауыл шаруашылығы институтына беру туралы да ұсыныс жасап жүр. Ол кісіні қазақтың игі жақсыларының көпшілігі қолдайтындықтарын білдірген. Өкініштісі сол, әзірге бұл ұсыныс құзырлы орындардың құлағына жетпей жатыр.

Дәулетқали Асауов

BAQ.kz

Ұқсас материалдар