Қандастар Ассамблея

Қазақстандағы кішкентай боксшы қыз әлемді таңғалдырды (БЕЙНЕ)

08.02.2013 2534
Youtube.com порталында бір жарым миллион рет көрілген бес жасар павлодарлық қыз туралы видео интернет қолданушыларын таңғалдыруда, деп жазады «Экспресс К» газеті. Бірнеше минутқа созылатын роликте құйттай қыз әкесімен бірге өзінің бокстың керемет шебері екенін көрсетеді. Қазақстандағы таңғажайып қыз туралы ақпаратты әлемнің көптеген сайттары жарыса жариялауда. Бейнероликте кішкентай Эвника өте талантты боксшы екенін көрсетеді. Әкесінің соққыларынан жалтарып үлгеруімен қатар қыз қарымта соққыны да дер кезінде бағыттап үлгереді. Бейнероликке қарасаңыз санаулы минуттар ішінде құйттай боксшының 18 апперкот пен 16 джеб жасап үлгергенін көресіз. Әкесінің бала спортшыны шеберліктің осындай деңгейіне жеткізу үшін талай тер төккені көрініп тұр. BAQ.kz

Youtube.com порталында бір жарым миллион рет көрілген бес жасар павлодарлық қыз туралы видео интернет қолданушыларын таңғалдыруда, деп жазады «Экспресс К» газеті. Бірнеше минутқа созылатын роликте құйттай қыз әкесімен бірге өзінің бокстың керемет шебері екенін көрсетеді.

Қазақстандағы таңғажайып қыз туралы ақпаратты әлемнің көптеген сайттары жарыса жариялауда. Бейнероликте кішкентай Эвника өте талантты боксшы екенін көрсетеді. Әкесінің соққыларынан жалтарып үлгеруімен қатар қыз қарымта соққыны да дер кезінде бағыттап үлгереді. Бейнероликке қарасаңыз санаулы минуттар ішінде құйттай боксшының 18 апперкот пен 16 джеб жасап үлгергенін көресіз.
Әкесінің бала спортшыны шеберліктің осындай деңгейіне жеткізу үшін талай тер төккені көрініп тұр.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар