Қандастар Ассамблея

Былтыр қаржы министрлігі 11 млрд теңгеге 2500-ден астам отандық автокөлік сатып алған

08.02.2013 1801
Бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Болат Жәмішев ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке мемлекеттік органдар 2012 жылы қанша отандық, қанша шетелдік автокөлік сатып алғанын айтып берді, деп хабарлайды BNеws.kz тілшісі. «2012 жылдың шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде орталық және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға бағынатын ведомстволардың автопаркін отандық көлікпен толықтыру туралы тапсырма берілген болатын. 2012 жылы 11,7 млрд теңгеге Қазақстанда құрастырылған 2553 көлік сатып алынды. Жоспардан алшақтай отырып, 467 көлікті артығымен сатып алдық. Қосымша 9,8 млрд теңгеге 1365 шет елдерде шығарылған көлік сатып алынды. Жоспардағы 228 шетелдік көлікті сатып алған жоқпыз», - дей келе Қаржы министрі мемлекеттік қызметкерлер мінетін шетелдік қымбат көліктерді отандық машиналарға ауыстыру жөніндегі тапсырманың орындалғанын айтты. Айта кетейік, бүгін Премьер Серік Ахметовтың қатысуымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтуде. Кенжекей Тоқтамұрат

Бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Болат Жәмішев ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке мемлекеттік органдар 2012 жылы қанша отандық, қанша шетелдік автокөлік сатып алғанын айтып берді, деп хабарлайды BNеws.kz тілшісі.

«2012 жылдың шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде орталық және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға бағынатын ведомстволардың автопаркін отандық көлікпен толықтыру туралы тапсырма берілген болатын. 2012 жылы 11,7 млрд теңгеге Қазақстанда құрастырылған 2553 көлік сатып алынды. Жоспардан алшақтай отырып, 467 көлікті артығымен сатып алдық. Қосымша 9,8 млрд теңгеге 1365 шет елдерде шығарылған көлік сатып алынды. Жоспардағы 228 шетелдік көлікті сатып алған жоқпыз», - дей келе Қаржы министрі мемлекеттік қызметкерлер мінетін шетелдік қымбат көліктерді отандық машиналарға ауыстыру жөніндегі тапсырманың орындалғанын айтты.

Айта кетейік, бүгін Премьер Серік Ахметовтың қатысуымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтуде.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар