Қандастар Ассамблея

Биыл 3 мыңнан астам мемлекеттік мекеменің мүлкі түгенделеді – Қаржы министрі

08.02.2013 1862
Биыл 3 227 мемлекеттік мекеме мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі түгенделеді. Бұл туралы бүгін Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілішісі. Бұл мекемелердің балансында 10 мың жылжымайтын мүлік есепте тұр екен. «Биыл мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүліктері түгенделеді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясымен келісіле отырып, бұл істі сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жұмыстар арқасында биыл 3 227 мемлекеттік мекеме мен республикалық кәсіпорынның мүлкі түгенделеді. Олардың балансында 10 мың жылжымайтын мүлік есепте тұр», - дей келе министр түгендеудің нәтижесі қандай болмақ дегенге тоқталып өтті. «Түгендеу нәтижесінде мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін тиімді жағына ыңғайластыра отырып, жұмысқа орналастыру, балабақша немесе шағын орталық ашуға болатын нысандарды айқындап, коммуналдық меншікке беру көзделіп отыр. Сондай-ақ «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасын қатыстыра отырып, жеке кәсіпкерлерге нысандарды бөлу жоспарлануда», - деді Б.Жәмішев. Естеріңізде болса, 23 қаңтар күні Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген Елбасы республикалық мемлекеттік мекемелер мен республикалық кәсіпорындардың жеке мүліктерін түгендей отырып, артық нысандарды балабақша, мектеп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне айналдыруды тапсырған болатын. Кенжекей Тоқтамұрат

Биыл 3 227 мемлекеттік мекеме мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі түгенделеді. Бұл туралы бүгін Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілішісі.

Бұл мекемелердің балансында 10 мың жылжымайтын мүлік есепте тұр екен. «Биыл мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүліктері түгенделеді. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясымен келісіле отырып, бұл істі сапалы әрі мерзімінде аяқтау мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы жұмыстар арқасында биыл 3 227 мемлекеттік мекеме мен республикалық кәсіпорынның мүлкі түгенделеді. Олардың балансында 10 мың жылжымайтын мүлік есепте тұр», - дей келе министр түгендеудің нәтижесі қандай болмақ дегенге тоқталып өтті.

«Түгендеу нәтижесінде мемлекеттік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін тиімді жағына ыңғайластыра отырып, жұмысқа орналастыру, балабақша немесе шағын орталық ашуға болатын нысандарды айқындап, коммуналдық меншікке беру көзделіп отыр. Сондай-ақ «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасын қатыстыра отырып, жеке кәсіпкерлерге нысандарды бөлу жоспарлануда», - деді Б.Жәмішев.

Естеріңізде болса, 23 қаңтар күні Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген Елбасы республикалық мемлекеттік мекемелер мен республикалық кәсіпорындардың жеке мүліктерін түгендей отырып, артық нысандарды балабақша, мектеп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне айналдыруды тапсырған болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар