Қандастар Ассамблея

Қазақстанның мемлекеттік борышы 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр

08.02.2013 2469
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік борышы 3 828,2 млрд теңгені немесе 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Болат Жәмішев осыны мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік борышы (өзара талаптарды есепке алмағанда - агенттік) 3 828,3 млрд теңгені немесе 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бұның ішінде үкіметтік борыш 24,1 млрд АҚШ доллары деп есептелді», - деді қаржы министрі. Оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдарлдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр. «Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр. 2012 жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борыш деңгейі рұқсат етілетін және қауіпсіз шекте тұр. Жалпы ішкі өнімге қатысты айтар болсақ, Үкіметтік борыш 11,51 пайызды құрайды», - деді Б.Жәмішев. Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтуде. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік борышы 3 828,2 млрд теңгені немесе 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Болат Жәмішев осыны мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік борышы (өзара талаптарды есепке алмағанда - агенттік) 3 828,3 млрд теңгені немесе 25,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бұның ішінде үкіметтік борыш 24,1 млрд АҚШ доллары деп есептелді», - деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдарлдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның «2012-2013 жылдардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебінде» Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индексі бойынша 14-ші орында тұр. 2012 жылдың қорытындылары бойынша үкіметтік борыш деңгейі рұқсат етілетін және қауіпсіз шекте тұр. Жалпы ішкі өнімге қатысты айтар болсақ, Үкіметтік борыш 11,51 пайызды құрайды», - деді Б.Жәмішев.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің алқа мәжілісі өтуде.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Ұқсас материалдар