Қандастар Ассамблея

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесі халықаралық стандарттарға сай қайта жасалады –

07.02.2013 2319
Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесі халықаралық стандарттарға сай қайта жасалады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті. «Белсенді әлеуметтік саясаттың жүргізілуі халықтың жағдайын жақсартты. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды орташа табыстан жоғары елдер қатарына қосады. Осыған қарамастан, халықтың белгілі бір бөлігі аз қамтылғандардың қатарында. Сондықтан, әлеуметтік көмек көрсету жалғастырыла бермек. Соңғы екі жылдың өзінде бұл бағдарламаларды қаржыландыруға 80 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Былтыр 97,3 мың адам мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алды. Олардың алпыс пайыздан астамы - 18-ге толмағандар», - деп атап өтті министр. Қазір Қазақстанда 572 мыңнан астам мүгедек тұрады. Олардың үштен бірі еңбекке жарамды жаста, 10 пайызы балалар. Бұл топқа арналған жұмыстар мүгедектердің құқы мен сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін, 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қамтылған. «Мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек қайта түзілді. Бұл көмек түрі енді азаматтарға немесе отбасына мұқтаждығына қарай жасалады, әрі «өзара жауапкершілік» жүйесі ене бастайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік көмектің басты көрсеткіші болып қала бермек. Оны анықтау әдістемесі шынайы қажеттілік ескеріле отырып, ел экономикасының қазіргі жағдайы һәм келешегіне сүйеніп, халықаралық стандарттарға сай қайта жасалады. ҚР Үкіметі мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алуға құқық беретін көрсеткіш деңгейін ең төменгі күнкөрістен 40%-ға, 2015 жылы 60%-ға, ал 2020 жылға қарай 100%-ға көтермек», - деді Серік Әбденов. Оның айтуынша осы іс-шаралардың нәтижесі – кедейліктің айтарлықтай азаюына әкеліп, халық арасында және өңірлерде жалақы деңгейіндегі ауытқуды ретке келтіруі тиіс. Айымгүл Әбілева  

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесі халықаралық стандарттарға сай қайта жасалады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті.

«Белсенді әлеуметтік саясаттың жүргізілуі халықтың жағдайын жақсартты. Халықаралық сарапшылар Қазақстанды орташа табыстан жоғары елдер қатарына қосады. Осыған қарамастан, халықтың белгілі бір бөлігі аз қамтылғандардың қатарында. Сондықтан, әлеуметтік көмек көрсету жалғастырыла бермек. Соңғы екі жылдың өзінде бұл бағдарламаларды қаржыландыруға 80 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Былтыр 97,3 мың адам мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алды. Олардың алпыс пайыздан астамы - 18-ге толмағандар», - деп атап өтті министр.

Қазір Қазақстанда 572 мыңнан астам мүгедек тұрады. Олардың үштен бірі еңбекке жарамды жаста, 10 пайызы балалар. Бұл топқа арналған жұмыстар мүгедектердің құқы мен сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін, 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қамтылған.

«Мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек қайта түзілді. Бұл көмек түрі енді азаматтарға немесе отбасына мұқтаждығына қарай жасалады, әрі «өзара жауапкершілік» жүйесі ене бастайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік көмектің басты көрсеткіші болып қала бермек. Оны анықтау әдістемесі шынайы қажеттілік ескеріле отырып, ел экономикасының қазіргі жағдайы һәм келешегіне сүйеніп, халықаралық стандарттарға сай қайта жасалады. ҚР Үкіметі мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алуға құқық беретін көрсеткіш деңгейін ең төменгі күнкөрістен 40%-ға, 2015 жылы 60%-ға, ал 2020 жылға қарай 100%-ға көтермек», - деді Серік Әбденов.

Оның айтуынша осы іс-шаралардың нәтижесі – кедейліктің айтарлықтай азаюына әкеліп, халық арасында және өңірлерде жалақы деңгейіндегі ауытқуды ретке келтіруі тиіс.

Айымгүл Әбілева

 

Ұқсас материалдар