Қандастар Ассамблея

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңмен реформалау көзделуде – Еңбек министрі

07.02.2013 2291
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңмен реформалау көзделуде. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2017 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи, ғылыми негізделген стандарттарын енгізуге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңмен реформалау көзделуде. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нарығын монополиясыздандыру, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, ірі медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституционалдандыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Жартылай стационар жағдайында және үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігі шектеулі адамдардың отбасына оралу мүмкіндігін кеңейтуге тиіс», - деп атап өтті министр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Отырыста ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, биылғы жылдың мақсат-міндеттері белгіленеді. Айымгүл ӘБІЛЕВА, фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңмен реформалау көзделуде. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2017 жылға дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи, ғылыми негізделген стандарттарын енгізуге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңмен реформалау көзделуде. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нарығын монополиясыздандыру, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, ірі медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституционалдандыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Жартылай стационар жағдайында және үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігі шектеулі адамдардың отбасына оралу мүмкіндігін кеңейтуге тиіс», - деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Отырыста ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, биылғы жылдың мақсат-міндеттері белгіленеді.

Айымгүл ӘБІЛЕВА, фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ұқсас материалдар