Қандастар Ассамблея

Еңбекақы жүйесін реформалау қажет – еңбек министрі

07.02.2013 1969
Бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов еңбекақы жүйесін реформалау керек деген ойын ортаға салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Төртінші қадам – жұмыспен қамтудың өнімділігін ынталандыру. Еңбекақы диспропорциясын реттеу және жою. Ең жоғарғы жалақы қаржы және сақтандыру салаларында (182,1 мың теңге), ал ең төменгі еңбекақы ауыл шаруашылығында (50,2 мың. теңге) тіркеліп отыр. Өңірлер арасында да жалақы деңгейінде ауытқу көп. Мәселен, ең жоғарғы орташа жалақы Атырау (177,5 мың. теңге) мен Маңғыстау (165 мың. теңге) облыстарында тіркелген. Ал Солтүстік Қазақстан (67,7 мың. теңге), Жамбыл (71 мың. теңге) және Ақмола (72,9 мың теңге) облыстарының көрсеткіштері төмен», - деді министр. «Жалақы қарызы азайғанымен, әлі де бар. Еңбекақы уақытылы төленбегендіктен, әлеуметтік шиеленіске әкеліп соғады. Бұл ретте төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп, жұмысқа қабілетті халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейіне жақындату қажет. Еңбекақы мәселесін шешуде барлық деңгейде келіссөздер жүргізуге екпін қою керек, яғни кәсіпорында ұжымдық келісімшарт жасаудан бастап, мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікке дейін», - деп толықтырды Серік Әбденов. Оның айтуынша, азаматтық қызметкерлердің еңбекақы жүйесін реформалау қажет. Министрлік еңбекақының жаңа үлгісін әзірледі. Қазір бұл жоба ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуда. Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов еңбекақы жүйесін реформалау керек деген ойын ортаға салды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Төртінші қадам – жұмыспен қамтудың өнімділігін ынталандыру. Еңбекақы диспропорциясын реттеу және жою. Ең жоғарғы жалақы қаржы және сақтандыру салаларында (182,1 мың теңге), ал ең төменгі еңбекақы ауыл шаруашылығында (50,2 мың. теңге) тіркеліп отыр. Өңірлер арасында да жалақы деңгейінде ауытқу көп. Мәселен, ең жоғарғы орташа жалақы Атырау (177,5 мың. теңге) мен Маңғыстау (165 мың. теңге) облыстарында тіркелген. Ал Солтүстік Қазақстан (67,7 мың. теңге), Жамбыл (71 мың. теңге) және Ақмола (72,9 мың теңге) облыстарының көрсеткіштері төмен», - деді министр.

«Жалақы қарызы азайғанымен, әлі де бар. Еңбекақы уақытылы төленбегендіктен, әлеуметтік шиеленіске әкеліп соғады. Бұл ретте төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп, жұмысқа қабілетті халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейіне жақындату қажет. Еңбекақы мәселесін шешуде барлық деңгейде келіссөздер жүргізуге екпін қою керек, яғни кәсіпорында ұжымдық келісімшарт жасаудан бастап, мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікке дейін», - деп толықтырды Серік Әбденов.

Оның айтуынша, азаматтық қызметкерлердің еңбекақы жүйесін реформалау қажет. Министрлік еңбекақының жаңа үлгісін әзірледі. Қазір бұл жоба ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуда.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұқсас материалдар