Қандастар Ассамблея

Серік Әбденов: Оқыс оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр

07.02.2013 1939
Оқыс оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Еңбек өнімділігінің артуымен қатар, жұмыс істейтін адамның кәсіби мансабы жалғасып жатқан кезде еңбек қабілеті сақталуы үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалуы тиіс. Өндіріс ошақтарында жыл сайын екі жүз мыңнан астам жұмысшы жарақат алады, кәсіби дерт көбейіп келеді. Еңбек жағдайы қолайсыз жұмыс орындарының үлес салмағы артық. Мұның бәрі айтарлықтай экономикалық залал да келтіреді. Статистикаға сүйенсек, 600 мыңнан аса жұмысшы қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс мерзімі сияқты өтемақы алады екен. Бұған жұмыс берушілер мен сақтандыру ұйымдары жыл сайын 60 млрд. теңге жұмсайды», - деді министр. Оның айтуынша, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған еңбек заңнамасының негізі бойынша жалпы құқықтық білім беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. «Пилоттық жоба түрінде кәсіпорында еңбекті қорғудың мемлекеттік талабына жұмыс шартының сәйкестігі жөнінде жұмыс берушінің ерікті декларациялау тәжірибесі енгізілуде. Оқыс оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланған. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік қамсыздандырудың арнайы кестесін ұйымдастыру туралы жоба әзірленді», - деп толықтырды Серік Әбденов. Айымгүл ӘБІЛЕВА

Оқыс оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Еңбек өнімділігінің артуымен қатар, жұмыс істейтін адамның кәсіби мансабы жалғасып жатқан кезде еңбек қабілеті сақталуы үшін қолайлы еңбек жағдайы жасалуы тиіс. Өндіріс ошақтарында жыл сайын екі жүз мыңнан астам жұмысшы жарақат алады, кәсіби дерт көбейіп келеді. Еңбек жағдайы қолайсыз жұмыс орындарының үлес салмағы артық. Мұның бәрі айтарлықтай экономикалық залал да келтіреді. Статистикаға сүйенсек, 600 мыңнан аса жұмысшы қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс мерзімі сияқты өтемақы алады екен. Бұған жұмыс берушілер мен сақтандыру ұйымдары жыл сайын 60 млрд. теңге жұмсайды», - деді министр.

Оның айтуынша, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін азаматтардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған еңбек заңнамасының негізі бойынша жалпы құқықтық білім беру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

«Пилоттық жоба түрінде кәсіпорында еңбекті қорғудың мемлекеттік талабына жұмыс шартының сәйкестігі жөнінде жұмыс берушінің ерікті декларациялау тәжірибесі енгізілуде. Оқыс оқиғадан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарланған. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік қамсыздандырудың арнайы кестесін ұйымдастыру туралы жоба әзірленді», - деп толықтырды Серік Әбденов.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұқсас материалдар