Қандастар Ассамблея

Берлинде 63-ші кинофестиваль өз жұмысын бастады

07.02.2013 2139
Берлинде саяси және әлеуметтік кино саласында алдыңғы қатарлы деп саналатын жылсайынғы халықаралық кинофестиваль өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі. Фестиваль 1951 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның негізгі бағдарламасында 19 картина ұсынылмақ. Биыл оған қазақ кинематография тарихында тұңғыш рет отындық туынды – 28 жасар қазақ режиссері Эмир Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты фильмі іріктеліп алынды. 2012 жылғы шілденің басында түсірілім жұмыстары аяқталған аталмыш фильм бұған дейін де бірнеше жүлделерді иеленген болатын. Берлин кинофестивалі «А» санатындағы ең ірі және беделді кинобайқаулардың бірі боп табылады. Оның дәрежесі Канн мен Венециядағы фестивальдермен тең түседі. Бұл конкурсқа қазақ киносы бұған дейін бір рет қана ұсынылған болатын. Ол Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» картинасы еді (1995 ж.). Кинофестиваль 2013 жылғы ақпанның 7-17 аралығында өтеді. Басты жүлделердің иелері 16 ақпанда анықталады. BNews.kz

Берлинде саяси және әлеуметтік кино саласында алдыңғы қатарлы деп саналатын жылсайынғы халықаралық кинофестиваль өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Фестиваль 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.

Оның негізгі бағдарламасында 19 картина ұсынылмақ. Биыл оған қазақ кинематография тарихында тұңғыш рет отындық туынды – 28 жасар қазақ режиссері Эмир Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» атты фильмі іріктеліп алынды.

2012 жылғы шілденің басында түсірілім жұмыстары аяқталған аталмыш фильм бұған дейін де бірнеше жүлделерді иеленген болатын.

Берлин кинофестивалі «А» санатындағы ең ірі және беделді кинобайқаулардың бірі боп табылады. Оның дәрежесі Канн мен Венециядағы фестивальдермен тең түседі. Бұл конкурсқа қазақ киносы бұған дейін бір рет қана ұсынылған болатын. Ол Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» картинасы еді (1995 ж.).

Кинофестиваль 2013 жылғы ақпанның 7-17 аралығында өтеді. Басты жүлделердің иелері 16 ақпанда анықталады.

BNews.kz

Ұқсас материалдар