Қандастар Ассамблея

Көкшетауда «Қоғам. Саясат. Жастар» форумы өтті

07.02.2013 2287
Көкшетауда Ақмола облысы Жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қоғам. Саясат. Жасатр» форумы өтті. Мұнда 2013 жылы өңірдегі жастар саясатын дамыту келешегі талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Форум жұмысына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шүкеева, басқарманың жастар саясаты мәселелері жөніндегі бас маманы Мәлік Ахметқалиев қатысты. Форумға қатысушыларды «Нақты істер бағдарламасы» қоғамдық-еңбек қозғалысы жұмысының келешегімен бұл жылы «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары Гүлмира Оразова таныстырды. Шарада, сондай-ақ мемлекеттік нышандарды насихаттау бойынша облыстық PR-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды Степногорск қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №5 мектеп-лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбира Ережепова (теледидар) жеңіп алды. Екінші орынды Сандықтау ауданындағы Белгород ОМ-нің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тамара Фомина (DVD) иеленді. Өткен жыл бойы қоғамдық маңызы бар шараларға қатысқан Жастар қауымдастығының белсенділері –гуманитарлық-технкалық академияның студенті Қаппас Бақытжанды, «Көкше» академиясының студенті Камила Ахмадиеваны және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің студенті Еркебұлан Балбергеновті марапаттады. Форум Ақмола облысындағы қоғамдық-саяси жастар белсенділігін дамыту жөніндегі ресурстық орталықтың аясында өтті. Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.

Көкшетауда Ақмола облысы Жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қоғам. Саясат. Жасатр» форумы өтті. Мұнда 2013 жылы өңірдегі жастар саясатын дамыту келешегі талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Форум жұмысына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шүкеева, басқарманың жастар саясаты мәселелері жөніндегі бас маманы Мәлік Ахметқалиев қатысты.

Форумға қатысушыларды «Нақты істер бағдарламасы» қоғамдық-еңбек қозғалысы жұмысының келешегімен бұл жылы «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары Гүлмира Оразова таныстырды.

Шарада, сондай-ақ мемлекеттік нышандарды насихаттау бойынша облыстық PR-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды Степногорск қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №5 мектеп-лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбира Ережепова (теледидар) жеңіп алды. Екінші орынды Сандықтау ауданындағы Белгород ОМ-нің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тамара Фомина (DVD) иеленді.

Өткен жыл бойы қоғамдық маңызы бар шараларға қатысқан Жастар қауымдастығының белсенділері –гуманитарлық-технкалық академияның студенті Қаппас Бақытжанды, «Көкше» академиясының студенті Камила Ахмадиеваны және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің студенті Еркебұлан Балбергеновті марапаттады.

Форум Ақмола облысындағы қоғамдық-саяси жастар белсенділігін дамыту жөніндегі ресурстық орталықтың аясында өтті. Форум қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.

Ұқсас материалдар