«Федерация кубогінің» іріктеу ойыны басталады (видео)

05.02.2013 2260
Ертең Астанада әйелдер арасындағы теннистен халықаралық «Федерация кубогінің» іріктеу ойыны басталады. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған жарысқа 18 елден 100-ге жуық спортшы жиналды.  Осыған орай, Қазақстан Теннис Федерациясы баспасөз маслихатын өткізіп, алдағы додада өнер көрсететін Ұлттық құраманы таныстырды. Жерлестерімізден Ярослова Шведова, Галина Воскобоева, Ксения Первак және Сессил Каратанчаева алаңға шығатын болды. Алдағы іріктеу сынындағы Қазақстан құрамасының ең басты қарсыласы Қытай теннисшілері болып есептеледі. Себебі, өткен жылғы жарыста Ұлттық құрама  қытайлық спортшыларға есе жіберіп, әлемдік топқа өте алмады. Юрий КАРЛОВ, Ұлттық құраманың капитаны: - Дайындығымыз жоғарғы деңгейде. Себебі, ертең өнер көрсететін спортшыларымыз Австралияда өткен әлемдік жарыстан жақында ғана оралды. Сонда жинаған тәжірибелерін пайдаланулары керек.

Ертең Астанада әйелдер арасындағы теннистен халықаралық «Федерация кубогінің» іріктеу ойыны басталады.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған жарысқа 18 елден 100-ге жуық спортшы жиналды.  Осыған орай, Қазақстан Теннис Федерациясы баспасөз маслихатын өткізіп, алдағы додада өнер көрсететін Ұлттық құраманы таныстырды. Жерлестерімізден Ярослова Шведова, Галина Воскобоева, Ксения Первак және Сессил Каратанчаева алаңға шығатын болды. Алдағы іріктеу сынындағы Қазақстан құрамасының ең басты қарсыласы Қытай теннисшілері болып есептеледі. Себебі, өткен жылғы жарыста Ұлттық құрама  қытайлық спортшыларға есе жіберіп, әлемдік топқа өте алмады.

Юрий КАРЛОВ, Ұлттық құраманың капитаны:

- Дайындығымыз жоғарғы деңгейде. Себебі, ертең өнер көрсететін спортшыларымыз Австралияда өткен әлемдік жарыстан жақында ғана оралды. Сонда жинаған тәжірибелерін пайдаланулары керек.

Ұқсас материалдар