Қандастар Ассамблея

«Астана опера» театры екінші жартыжылдықта жұмыс істей бастайды

04.02.2013 2419
Елордадағы «Астана опера» опера және балет театры екінші жартыжылдықта жұмыс істей бастайды. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Астана опера» атты жаңа мемлекеттік опера және балет театры өз жұмысын екінші жартыжылдықтан бастайтын болады. Театр құру оңай шаруа емес әрине, зауыт, фабрика сияқты сол күннен бастап өнім шығара алмайды. Оның репертуары уақыт өте келе қалыптасады. Елбасының Жарлығы бойынша Төлеген Мұхамеджанов оның директоры болып тағайындалды», - деді М.Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, биылғы жылдың жоспары бойынша, бұл театр Ла-Cкала сияқты әлемдік деңгейдегі театрмен бірге Санкт-Петербургте гастролін өткізеді. Өңірлер де республикалық деңгейде театрлардың гастролін ұйымдастыру керек. Айымгүл Әбілева

Елордадағы «Астана опера» опера және балет театры екінші жартыжылдықта жұмыс істей бастайды. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Астана опера» атты жаңа мемлекеттік опера және балет театры өз жұмысын екінші жартыжылдықтан бастайтын болады. Театр құру оңай шаруа емес әрине, зауыт, фабрика сияқты сол күннен бастап өнім шығара алмайды. Оның репертуары уақыт өте келе қалыптасады. Елбасының Жарлығы бойынша Төлеген Мұхамеджанов оның директоры болып тағайындалды», - деді М.Құл-Мұхаммед.

Оның айтуынша, биылғы жылдың жоспары бойынша, бұл театр Ла-Cкала сияқты әлемдік деңгейдегі театрмен бірге Санкт-Петербургте гастролін өткізеді. Өңірлер де республикалық деңгейде театрлардың гастролін ұйымдастыру керек.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар