Қандастар Ассамблея

Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек – Мәдениет министрі

04.02.2013 1791
Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Сіздер өңірлік деңгейдегі мәдениет «министрі» болғандықтан, өз облыстарыңыздағы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында, шығармашылық оқу орындарында кімдер оқып жатқанын, олардың әрқайсысының аты-жөнін білулеріңіз керек. Ұлыбритания, Германия, Италия, Францияның оқу орындарын бітіріп келіп жатқан жастар біздің өңірлерде жұмыссыз жүр», - деді М. Құл-Мұхаммед. Оның пайымынша, мәдениет басқармасы солардың барлығын жұмысқа тартып, облыстағы мәдениет мекемелерінің басшыларынан батыл талап етуі керек. Республикалық деңгейде бұл мәселе қолға алынған. Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек.

Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Сіздер өңірлік деңгейдегі мәдениет «министрі» болғандықтан, өз облыстарыңыздағы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарында, шығармашылық оқу орындарында кімдер оқып жатқанын, олардың әрқайсысының аты-жөнін білулеріңіз керек. Ұлыбритания, Германия, Италия, Францияның оқу орындарын бітіріп келіп жатқан жастар біздің өңірлерде жұмыссыз жүр», - деді М. Құл-Мұхаммед.

Оның пайымынша, мәдениет басқармасы солардың барлығын жұмысқа тартып, облыстағы мәдениет мекемелерінің басшыларынан батыл талап етуі керек. Республикалық деңгейде бұл мәселе қолға алынған. Кадр мәселесін шешуге өңірлер де атсалысуы керек.

Ұқсас материалдар