Қандастар Ассамблея

Қазақстанда қазақ ұлттық музейі ашылады

04.02.2013 2613
Биылғы жылы Елбасының тапсырмасы бойынша тағы да орталық мемлекеттік музей – қазақ ұлттық музейі жұмысын бастайды. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жаңа музейдің жалпы көлемі алпыс екі мың шаршы метр. Біздің Алматыдағы орталық мемлекеттік музейдің экспозициялық залы сегіз мың шаршы метр ғана екенін ескеретін болсақ, бұл Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы теңдесі жоқ мүзей болайын деп отыр. Оның құрамында тарихи, осы заманғы өнер, алтын бұйымдары музейі бір кешенде орналасатын болады, - деді министр. Айымгүл Әбілева

Биылғы жылы Елбасының тапсырмасы бойынша тағы да орталық мемлекеттік музей – қазақ ұлттық музейі жұмысын бастайды. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жаңа музейдің жалпы көлемі алпыс екі мың шаршы метр. Біздің Алматыдағы орталық мемлекеттік музейдің экспозициялық залы сегіз мың шаршы метр ғана екенін ескеретін болсақ, бұл Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы теңдесі жоқ мүзей болайын деп отыр. Оның құрамында тарихи, осы заманғы өнер, алтын бұйымдары музейі бір кешенде орналасатын болады, - деді министр.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар