Жастар бір-біріне кітап сыйлады (видео)

02.02.2013 2743
Астаналық жастар бір-біріне ерекше сыйлық жасады. Олар кәдесыйдың орнына, рухани азық болар кітап сыйлады. Бұл «Кел, жастар, оқылық!» әлеуметтік акциясының жалғасы ретіндегі ұйымдастырылған. Қазақстан студенттер альянсының мүшелері осы арқылы ел жастарын кітап оқуға шақырып, олардың қандай кітап оқитындығын анықтамақ. Естеріңізге сала кетейік, «Кел, жастар, оқылық!» акциясы  «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен 14 қаңтарда қолға алынған болатын. Ұйымдастырушылар аталған шара өңірлерде де жалғасын табатындығын айтуда. Алмас ТОҒАЙ, Астана студенттер альянсының көшбасшысы: - Акция максаты – отандық жазушыларды оқу. Мен Пауло Гуело деген жазушының кітабын алып келіп, орнына мен «Қазақ елінің тұңғыштары» деген кітапты алдым. Аталған шара барлығына ұнап жатыр деген ойдамын.

Астаналық жастар бір-біріне ерекше сыйлық жасады.

Олар кәдесыйдың орнына, рухани азық болар кітап сыйлады. Бұл «Кел, жастар, оқылық!» әлеуметтік акциясының жалғасы ретіндегі ұйымдастырылған. Қазақстан студенттер альянсының мүшелері осы арқылы ел жастарын кітап оқуға шақырып, олардың қандай кітап оқитындығын анықтамақ. Естеріңізге сала кетейік, «Кел, жастар, оқылық!» акциясы  «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен 14 қаңтарда қолға алынған болатын. Ұйымдастырушылар аталған шара өңірлерде де жалғасын табатындығын айтуда.

Алмас ТОҒАЙ, Астана студенттер альянсының көшбасшысы:

- Акция максаты – отандық жазушыларды оқу. Мен Пауло Гуело деген жазушының кітабын алып келіп, орнына мен «Қазақ елінің тұңғыштары» деген кітапты алдым. Аталған шара барлығына ұнап жатыр деген ойдамын.

Ұқсас материалдар