Қандастар Ассамблея

Бауыржан батырдың жарияланбаған жазбалары

02.02.2013 3069
Шымкентте Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының еш жерде жарияланбаған жазбалары жарыққа шықты. Белгілі жазушы әрі шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы жинақтап шығарған бұл еңбекке Баукеңнің прозалық әңгімелері кіріп отыр. Сондай-ақ хас батырға жазылған хаттар да топтастырылыпты. Мәселен, әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың жазған тілек-хаттарын да кездестіруге болады. «Жарияланбаған жазбалар» атты жинақ батырдың жан дүниесін толықтай тануға көмектесері анық. Ал батыр бабамыздың жиені Табысбек Қалымбеков бұл құнды дүниелерді 20 жыл бойы сандығының түбінде сақтағанын бы­лайша әңгімеледі. – «Жәмила әпкеміз қай­тыс боларынан бұрын қыздарына мына мұра­ны Табысбектің қолына табыстаңдар», – деп ескертіпті. Осылайша 1992 жылдан бері бұл еңбек менде сақталды. Аманатты орындау үшін кітаптың жарық көрер сәтін 20 жыл бойы күтті. Сондықтан өзіме ар­тыл­ған жауапты істі орындай алдым деп есеп­теймін. Жинақтың жарыққа шығуы ел-жұрттың Бауыржан ағаға деген шексіз құрметі деп білеміз. Оқырмандарына жол тартқан дүниеге баға беріле жатар». «Солдаттың соңғы күні» деген бір пьеса аяқталмаған, бірақ оны оқыған оқыр­ман­дар Баукең шығармашылығының шарық­тау шегіне жеткендігін аңғарады. 400 беттен құралған «Жарияланбаған жаз­балар» атты жинақ Шымкент қаласында 1000 данамен басылып шығарылған. Тың туын­ды оқырманға жол тартты. Автор: Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы  Алаш айнасы

Шымкентте Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының еш жерде жарияланбаған жазбалары жарыққа шықты. Белгілі жазушы әрі шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы жинақтап шығарған бұл еңбекке Баукеңнің прозалық әңгімелері кіріп отыр. Сондай-ақ хас батырға жазылған хаттар да топтастырылыпты.

Мәселен, әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың жазған тілек-хаттарын да кездестіруге болады. «Жарияланбаған жазбалар» атты жинақ батырдың жан дүниесін толықтай тануға көмектесері анық.

Ал батыр бабамыздың жиені Табысбек Қалымбеков бұл құнды дүниелерді 20 жыл бойы сандығының түбінде сақтағанын бы­лайша әңгімеледі. – «Жәмила әпкеміз қай­тыс боларынан бұрын қыздарына мына мұра­ны Табысбектің қолына табыстаңдар», – деп ескертіпті. Осылайша 1992 жылдан бері бұл еңбек менде сақталды. Аманатты орындау үшін кітаптың жарық көрер сәтін 20 жыл бойы күтті. Сондықтан өзіме ар­тыл­ған жауапты істі орындай алдым деп есеп­теймін. Жинақтың жарыққа шығуы ел-жұрттың Бауыржан ағаға деген шексіз құрметі деп білеміз. Оқырмандарына жол тартқан дүниеге баға беріле жатар».

«Солдаттың соңғы күні» деген бір пьеса аяқталмаған, бірақ оны оқыған оқыр­ман­дар Баукең шығармашылығының шарық­тау шегіне жеткендігін аңғарады. 400 беттен құралған «Жарияланбаған жаз­балар» атты жинақ Шымкент қаласында 1000 данамен басылып шығарылған. Тың туын­ды оқырманға жол тартты.

Автор: Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Алаш айнасы

Ұқсас материалдар