Шырайлы өлке

02.02.2013 4877
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі: Тегіс – Бетпақ дала жазығы Шөлейт – жазық даланың шөлге ұласу зонасы Шөл дала – Мойынқұм, Қызылқұм. Сырдария өзені мен Өзбекстан шекарасының аралығын Қызылқұм құмдары алып жатыр. Тоғай – Сырдария мен Арыс өзенінің бойындағы Алқап – Кентау, Шымкент, Шардара алқабы Тау етегіндегі дала – тегістіктен тауға ұласатын зона Аршалы орман – Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық саябағындағы ормандар зонасы Альпі шалғындары – Батыс Тянь-Шаньдағы аршалы ормандарының жоғарғы жағындағы зона Мұздықтар мен мәңгі қар зонасы – Батыс Тянь-Шань шыңдарының зонасы Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше қорғауға алынған 3 табиғи аймақ бар: Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауында теңіз деңгейінен 1300-ден 4238 м биіктікте Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас және Төлеби әкімшілік аудандары мен Жамбыл облысының Жуалы аудандары аралығында орналасқан. Қазақстан мен Орта Азиядағы ең көне қорық болып саналатын Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылып, 132 мың га жерді алып жатыр. Қаратау қорығы – Сырдариялық Қаратау жоталарында орналасып, 34 мың га жерді қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі – Бессаз тауы (2176 м). 2004 жылы ұйымдастырылған. Сайрам-Өгем ұлттық саябағы – Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай жоталарында теңіз деңгейінен 1700-ден 4200 м биіктікте орналасқан. Жалпы көлемі 149 мың га. 2006 жылы ұйымдастырылған. Облыста Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің 17 түрі, құстың 39 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі, балықтың 6 түрі мекендейді. Аймақта табиғи объектілердің молдығы мен алуан түрлі болуы экологиялық туризмнің төмендегідей түрлерінің дамуына ықпал жасады: • Тау туризмі. Туризмнің бұл түрі негізінен ішкі туристер арасында кеңінен тараған. Туристер жаяу немесе атпен Боралдай, Қаратау, Қазығұрт, Өгем, Қаржантау және Талас Алатауының асу, жоталарына көтеріліп, табиғат сұлулығымен танысады. • Тарихи-қорықтық туризм. Ұлы Жібек жолы бойымен қиыстырылған маршруттар барысында Оңтүстіктің бай табиғаты мен тарихи құндылықтарын қоса таныстыру. • Этнографиялық туризм. Халықтың салты, дәстүрі, өмірлік әдет-ғұрпы, музыкасы мен қазақ ауылының ұлттық ас мөзірімен таныстыру. Қазақ отбасында шетелдіктердің тұруы кең орын алған. • Спелеологиялық туризм. Қазақстанның оңтүстігіндегі үңгірлермен танысу және зерттеу. • Альпинизм. Арнаулы дайындықпен Батыс Тянь-Шань шыңдарына көтерілу. • Балалар туризмі және экологиялық балалар лагері. Табиғи және тарихи орындармен таныстыру мақсатында мектеп балаларын топтастырып экскурсия ұйымдастыру. • Бальнеологиялық туризм. Сарыағаш және басқа да шырайлы өлке табиғаты емдік қасиеті бар бастауларда демалу мен емделу. Физиотерпия. • Аңшылық. Арнайы орындарда, белгіленген уақыт мерзімінде балық аулау мен дала аңдары мен құстарын аулауға рұқсат етіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында қабан, қасқыр, тау ешкілерін атуға арнайы рұқсат (лицензия) алынады. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі:

  • Тегіс – Бетпақ дала жазығы
  • Шөлейт – жазық даланың шөлге ұласу зонасы
  • Шөл дала – Мойынқұм, Қызылқұм. Сырдария өзені мен Өзбекстан шекарасының аралығын Қызылқұм құмдары алып жатыр.
  • Тоғай – Сырдария мен Арыс өзенінің бойындағы
  • Алқап – Кентау, Шымкент, Шардара алқабы
  • Тау етегіндегі дала – тегістіктен тауға ұласатын зона
  • Аршалы орман – Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық саябағындағы ормандар зонасы
  • Альпі шалғындары – Батыс Тянь-Шаньдағы аршалы ормандарының жоғарғы жағындағы зона
  • Мұздықтар мен мәңгі қар зонасы – Батыс Тянь-Шань шыңдарының зонасы

Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше қорғауға алынған 3 табиғи аймақ бар:

Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауында теңіз деңгейінен 1300-ден 4238 м биіктікте Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас және Төлеби әкімшілік аудандары мен Жамбыл облысының Жуалы аудандары аралығында орналасқан. Қазақстан мен Орта Азиядағы ең көне қорық болып саналатын Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылып, 132 мың га жерді алып жатыр.

Қаратау қорығы – Сырдариялық Қаратау жоталарында орналасып, 34 мың га жерді қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі – Бессаз тауы (2176 м). 2004 жылы ұйымдастырылған.

Сайрам-Өгем ұлттық саябағы – Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай жоталарында теңіз деңгейінен 1700-ден 4200 м биіктікте орналасқан. Жалпы көлемі 149 мың га. 2006 жылы ұйымдастырылған.

Облыста Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің 17 түрі, құстың 39 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі, балықтың 6 түрі мекендейді. Аймақта табиғи объектілердің молдығы мен алуан түрлі болуы экологиялық туризмнің төмендегідей түрлерінің дамуына ықпал жасады:

• Тау туризмі. Туризмнің бұл түрі негізінен ішкі туристер арасында кеңінен тараған. Туристер жаяу немесе атпен Боралдай, Қаратау, Қазығұрт, Өгем, Қаржантау және Талас Алатауының асу, жоталарына көтеріліп, табиғат сұлулығымен танысады.

• Тарихи-қорықтық туризм. Ұлы Жібек жолы бойымен қиыстырылған маршруттар барысында Оңтүстіктің бай табиғаты мен тарихи құндылықтарын қоса таныстыру.

• Этнографиялық туризм. Халықтың салты, дәстүрі, өмірлік әдет-ғұрпы, музыкасы мен қазақ ауылының ұлттық ас мөзірімен таныстыру. Қазақ отбасында шетелдіктердің тұруы кең орын алған.

• Спелеологиялық туризм. Қазақстанның оңтүстігіндегі үңгірлермен танысу және зерттеу.

• Альпинизм. Арнаулы дайындықпен Батыс Тянь-Шань шыңдарына көтерілу.

• Балалар туризмі және экологиялық балалар лагері. Табиғи және тарихи орындармен таныстыру мақсатында мектеп балаларын топтастырып экскурсия ұйымдастыру.

• Бальнеологиялық туризм. Сарыағаш және басқа да шырайлы өлке табиғаты емдік қасиеті бар бастауларда демалу мен емделу. Физиотерпия.

• Аңшылық. Арнайы орындарда, белгіленген уақыт мерзімінде балық аулау мен дала аңдары мен құстарын аулауға рұқсат етіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында қабан, қасқыр, тау ешкілерін атуға арнайы рұқсат (лицензия) алынады.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар