Қандастар Ассамблея

Спорт

02.02.2013 5143
Оңтүстікқазақстандық спорттың дәстүрі тереңде жатыр. ОҚО спортшылары спорттың көптеген түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізін құрайды. Облыста 4650 спорт нысаны соның ішінде 21 стадион, 3447 спорт алаңдары бар, бұл халық, соның ішінде оқушы жастар арасында спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. 393,5 мың адам немесе халықтың жалпы санының 14,9%-ы спортпен шұғылданады. Жыл өткен сайын спорт саласын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артып келеді. Мысалы, 2012 жылы облыстың бюджеттен осы мақсаттарға 9,2 млрд. тг бөлу көзделген. Оңтүстікқазақстандық спортшылар халықаралық сайыстарда, әлем, Азия біріншіліктерінде, Олимпиада ойындарында ұдайы жеңіске жетіп, жүлдегер атануда. Оңтүстікқазақстандықтар жерлестері, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Кимді мақтан тұтуы әбден орынды-ақ. Шымкентте ол спортшы ретінде қалыптасып, өзінің алғашқы жеңістерін шыңдады. Бүгінде АҚШ-та тұратын ол Халықаралық гимнастика федерациясының Техникалық комитетін басқарады. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ол әрқашан туған қаласындағы дос-жарандарымен кездесуге уақыт табады. Нелии Ким салып кеткен сара жолды тағы бір гимнастшы – екі Олимпиадаға қатысушы, көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова жалғастырды. Үлкен спорттан кеткен соң спортшы қыз Шымкенттегі спорт мектебіне жетекшілік етті, бүгінде мұнда екі жөзге жуық бала шынығады. Спорт сарапшыларының пікірінше, 2000 жылы Бекзат Саттархановтың Олимпиада чемпионы атануы Қазақстанның ең үлкен және таңқаларлық жаңалығы болды. Ол бүкіл әлем спортшылары ондаған жылдарын сарп ететін биіктерге алғашқы талабынан-ақ көтерілді. 1999 жылы ересектер аренасына шығып, бір жылдан кейін Олимпиада чемпионы атанды. Бекзат – жастар арасындағы Азия біріншілігінің, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия, Орталық Азия ойындарының, Олимпиада ойындарының чемпионы. Қарапайым Түркістан түлегінің болашағы жарқын еді. Өкінішке орай, Бекзаттың спорттағы сапары мен өмірі қыршыннан қиылды. Талантты спортшы салтанатты жеңісінен кейін төрт айдан соң жол апатында қаза тапты. Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні, Жаңа жылға 15 минут қалғанда болды. Шымкент-Самара тас жолының 38-километрінде «Тойота-Карина» автокөлігімен келе жатқан Бекзат рульді басқара алмай, машина аударылып кетті. Алған жарақаттарынан Қазақстандық олимпиада чемпионы оқиға орнында қаза болды. Б. Саттархановтың аты Түркістан қаласында салынған спорт кешеніне берілді, мұнда жыл сайын бокстан сайыстар өткізіліп тұрады. Қазақстан спорты тарихында атақты боксшы Нұржан Сманов та өз ізін қалдырды. Ол 1987 жылы 15 жасында Кеңес Одағының чемпионы атанып, бокстан КСРО спорт шебері атағына ие болды. 18 жасында Еуропа чемпионы болып, Еуропаның үздік боксшысы атанды. 1988 жылы оған КСРО Халықаралық спорт шебері, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді. Халықаралық аренада Сманов Нұржанның құрметіне Қазақстан Республикасының жалауы бірнеше рет көтеріліп, Әнұраны ойналды. Нұржан Сманов Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, 4 дүркін КСРО чемпионы, 2 дүркін Азия және Азия ойындары чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиада ойындарында 5-орынға табан тіреді. Қазақстанның ұлттық құрама командасын басқарған ол бес жыл бойы оның капитаны болған еді. 15 жылдық спорттық мансабында 52 алқа тақты, олардың 35-і алтын, 9-ы күміс және 8-і қола. Сонымен бірге, 1988-89 жж. КСРО-ның, 1990 ж. Еуропаның, Азияның және 1994 ж. Хиросимада өткен Азия ойындарының үздік боксшысы атанды. Нұржан Сманов Президент сыйлығының иегері, Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы. Әлемдік спорт аренасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, каратэ-додан Азия біріншілігінің жүлдегері Шаттық Қажымұқанов, грек-рим күресінен әлем кубогының төрт дүркін иегері, Еуропа чемпионы Бисолт Дециев және т.б. көптеген спортшылар елеулі жетістіктерге жетті. Кәсіби боксер Бейбіт Шүменов – WBA және IBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпи оның Ол 2004 жылы Азия чемпионы болды да, сол жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Бүгінде ауыр атлеттер Татьяна Хромова, Валида Искандерова, Сергей Истомин, жүзуші Анастасия Прилепа, ескекшілер Дмитрий Торлопов, Сергей және Тимофей Емельяновтар, Елена Подойникова, шахматшы Гулисхан Нахыбаева, боксшылар Жайна Шекербекова, Бекжан Кибиткалиев, Аида Арапбай, Досжан Оспанов, мергендер Рашид Юнусметов, Зәуреш Байбосынова және т.б. көптеген спортшылар Қазақстанды бүкіл әлемге паш етуде. Өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Кубогын ұтып алған «Ордабасы» футбол командасы жанкүйерлерін әсерлі жеңістерімен қуантады. Биыл.ы жылдың наурыз айында «Ордабасы» ФК облыс тарихында тұңғыш рет ел чемпионы қарағандылық «Шахтерден» басым түсіп, Қазақстан Республикасының Супер Кубогын жеңіп алды. Нәтижесінде, Оңтүстікқазақстандық клуб Еуропа Чемпиондар лигасының ойындарына қатысты. Облыста футболды дамыту мақсатында қалалар мен аудандардың командалары арасында чемпионаттар өткізіледі. Үздік ойыншылар «Ордабасы» және «Қыран» командаларының құрамына алынады. Орталық «Қажымұқан» стадионын халықаралық стандарттарға сай қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын өзірлеуге аз қаражат бөлінген жоқ. Еуропа Футбол достастығы ассоциациясының талаптарына сай жабық стадион құрылысы да жоспарда бар. Облыста спорт мектептерінің материалдық-техникалық қорын нығайту жұмыстары көптеп атқарылуда. Атлеттер үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Олардың халықаралық жарыстарға шығуға, үздік спорт базаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндіктері бар. Спортшылардың қуанышына орай, өткен жылы ел Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Шымкентте заман талаптарына сай, елімізде теңдесі жоқ жабық жеңіл атлетика манежі ашылды. Оның іргесінде республика ұлттық командасының мүшелері жаттығып, жоғары деңгейдегі жарыстар өткізіледі. Биыл олимпиадалық хауыз, халықаралық теннис орталығының құрылысы аяқталды. «Бәйшешек» дене шынықтыру-сауықтыру лагері күрделі жөндеуден өтті. Алдағы жоспарларда – оқ тирінің құрылысы. Облыс тұрғындарының құзырына – «Алатау» тау шаңғысы базасы. Облыс ауылдарында 48 ашық спорт алаңдары салынды. Садақпен ату алаңының, жоғары спорт шеберлігін шыңдау мектебінің оқу-жаттығу залының, Сайрам ауданында «Ордабасы» футбол клубының жаттығу алаңының құрылысы, сондай-ақ «Цементші» стадионын қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс орталығында Мұз сарайының ашылуымен Оңтүстікқазақстандықтар қысқы спорт түрлерін белсене дамыта бастады. Мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорттрекпен айналысатындар саны көбейді. Шымкент қалалық спорт мектебінің түлектері халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп келеді. VII қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері Жібек Арапбаева мен Руслан Аблятифов фристайлда үлкен табыстарға жетіп жүр. 2008 жылы Пекиндегі Олимпиада ойындарында бірден үш Оңтүстік Қазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан табылды. Палуан қыз Елена Шалыгина мен боксшы Еркебұлан Шыналиев «қоладан», ауыр атлет қыз Алла Важенина «күмістен» алға тақты. Лондондық Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары 13 лицензия ұтып алды. Егемен Қазақстан тарихында Олимпиадаға жолдама алған 16 жасар Мөлдір Әзімбайды жыл жаңалығы деуге лайық. Төртжылдықтың басты мәресінде Қазақстанды таныту құрметіне Наталья Ивонинская, Ольга Терешкова (жеңіл атлетика), Біржан Жақыпов (бокс), Елена Шалыгина (әйелдер күресі), Евгений Алексеев (байдарка мен каноэ есу), Ермек Байдуашев (еркін күрес), Феруза Ергешова, Нұрсұлтан Мамаев (таэквондо), Ангелина Мищук (нысана ату), Александра Подрядова (дзюдо) және Александр Дьяченко (велоспорт) ие болды. Миллиондаған жанкүйерлердің үміттерін арқалаған спортшылар жарыстарға тыңғылықты дайындалды. Біржан Жақыпов ширек финалда олимпиада чемпионы Цзоу Шиминмен тең айқаста ұтылып, жеңіске жақындап тоқтады. Ангелина Мищук төртінші орын, ескекші Евгений Алексеев сегізінші орынға табан тіреді. Мөлдір Әзімбай, Нұрсұлтан Мамаев және Феруза Ергешова ең ірі сайыстың баға жетпес тәжірибесін алып қайтты. Облысымыздан шыққан Олимпиада ойындарына қатысушылардың барлығы өңір басшысының қолынан ақшалай сыйлықтар алды. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Оңтүстікқазақстандық спорттың дәстүрі тереңде жатыр. ОҚО спортшылары спорттың көптеген түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізін құрайды.

Облыста 4650 спорт нысаны соның ішінде 21 стадион, 3447 спорт алаңдары бар, бұл халық, соның ішінде оқушы жастар арасында спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. 393,5 мың адам немесе халықтың жалпы санының 14,9%-ы спортпен шұғылданады.

Жыл өткен сайын спорт саласын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артып келеді. Мысалы, 2012 жылы облыстың бюджеттен осы мақсаттарға 9,2 млрд. тг бөлу көзделген.

Оңтүстікқазақстандық спортшылар халықаралық сайыстарда, әлем, Азия біріншіліктерінде, Олимпиада ойындарында ұдайы жеңіске жетіп, жүлдегер атануда.

Оңтүстікқазақстандықтар жерлестері, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Кимді мақтан тұтуы әбден орынды-ақ. Шымкентте ол спортшы ретінде қалыптасып, өзінің алғашқы жеңістерін шыңдады. Бүгінде АҚШ-та тұратын ол Халықаралық гимнастика федерациясының Техникалық комитетін басқарады. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, ол әрқашан туған қаласындағы дос-жарандарымен кездесуге уақыт табады.

Нелии Ким салып кеткен сара жолды тағы бір гимнастшы – екі Олимпиадаға қатысушы, көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова жалғастырды.

Үлкен спорттан кеткен соң спортшы қыз Шымкенттегі спорт мектебіне жетекшілік етті, бүгінде мұнда екі жөзге жуық бала шынығады.

Спорт сарапшыларының пікірінше, 2000 жылы Бекзат Саттархановтың Олимпиада чемпионы атануы Қазақстанның ең үлкен және таңқаларлық жаңалығы болды. Ол бүкіл әлем спортшылары ондаған жылдарын сарп ететін биіктерге алғашқы талабынан-ақ көтерілді. 1999 жылы ересектер аренасына шығып, бір жылдан кейін Олимпиада чемпионы атанды.

Бекзат – жастар арасындағы Азия біріншілігінің, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия, Орталық Азия ойындарының, Олимпиада ойындарының чемпионы. Қарапайым Түркістан түлегінің болашағы жарқын еді. Өкінішке орай, Бекзаттың спорттағы сапары мен өмірі қыршыннан қиылды. Талантты спортшы салтанатты жеңісінен кейін төрт айдан соң жол апатында қаза тапты. Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні, Жаңа жылға 15 минут қалғанда болды. Шымкент-Самара тас жолының 38-километрінде «Тойота-Карина» автокөлігімен келе жатқан Бекзат рульді басқара алмай, машина аударылып кетті. Алған жарақаттарынан Қазақстандық олимпиада чемпионы оқиға орнында қаза болды.

Б. Саттархановтың аты Түркістан қаласында салынған спорт кешеніне берілді, мұнда жыл сайын бокстан сайыстар өткізіліп тұрады.

Қазақстан спорты тарихында атақты боксшы Нұржан Сманов та өз ізін қалдырды. Ол 1987 жылы 15 жасында Кеңес Одағының чемпионы атанып, бокстан КСРО спорт шебері атағына ие болды.

18 жасында Еуропа чемпионы болып, Еуропаның үздік боксшысы атанды. 1988 жылы оған КСРО Халықаралық спорт шебері, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді.

Халықаралық аренада Сманов Нұржанның құрметіне Қазақстан Республикасының жалауы бірнеше рет көтеріліп, Әнұраны ойналды.

Нұржан Сманов Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, 4 дүркін КСРО чемпионы, 2 дүркін Азия және Азия ойындары чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиада ойындарында 5-орынға табан тіреді. Қазақстанның ұлттық құрама командасын басқарған ол бес жыл бойы оның капитаны болған еді.

15 жылдық спорттық мансабында 52 алқа тақты, олардың 35-і алтын, 9-ы күміс және 8-і қола. Сонымен бірге, 1988-89 жж. КСРО-ның, 1990 ж. Еуропаның, Азияның және 1994 ж. Хиросимада өткен Азия ойындарының үздік боксшысы атанды.

Нұржан Сманов Президент сыйлығының иегері, Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы.

Әлемдік спорт аренасында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, каратэ-додан Азия біріншілігінің жүлдегері Шаттық Қажымұқанов, грек-рим күресінен әлем кубогының төрт дүркін иегері, Еуропа чемпионы Бисолт Дециев және т.б. көптеген спортшылар елеулі жетістіктерге жетті.

Кәсіби боксер Бейбіт Шүменов – WBA және IBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпи оның Ол 2004 жылы Азия чемпионы болды да, сол жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарына қатысты.

Бүгінде ауыр атлеттер Татьяна Хромова, Валида Искандерова, Сергей Истомин, жүзуші Анастасия Прилепа, ескекшілер Дмитрий Торлопов, Сергей және Тимофей Емельяновтар, Елена Подойникова, шахматшы Гулисхан Нахыбаева, боксшылар Жайна Шекербекова, Бекжан Кибиткалиев, Аида Арапбай, Досжан Оспанов, мергендер Рашид Юнусметов, Зәуреш Байбосынова және т.б. көптеген спортшылар Қазақстанды бүкіл әлемге паш етуде.

Өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Кубогын ұтып алған «Ордабасы» футбол командасы жанкүйерлерін әсерлі жеңістерімен қуантады.

Биыл.ы жылдың наурыз айында «Ордабасы» ФК облыс тарихында тұңғыш рет ел чемпионы қарағандылық «Шахтерден» басым түсіп, Қазақстан Республикасының Супер Кубогын жеңіп алды. Нәтижесінде, Оңтүстікқазақстандық клуб Еуропа Чемпиондар лигасының ойындарына қатысты.

Облыста футболды дамыту мақсатында қалалар мен аудандардың командалары арасында чемпионаттар өткізіледі. Үздік ойыншылар «Ордабасы» және «Қыран» командаларының құрамына алынады.

Орталық «Қажымұқан» стадионын халықаралық стандарттарға сай қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын өзірлеуге аз қаражат бөлінген жоқ. Еуропа Футбол достастығы ассоциациясының талаптарына сай жабық стадион құрылысы да жоспарда бар.

Облыста спорт мектептерінің материалдық-техникалық қорын нығайту жұмыстары көптеп атқарылуда. Атлеттер үшін қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Олардың халықаралық жарыстарға шығуға, үздік спорт базаларында оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндіктері бар.

Спортшылардың қуанышына орай, өткен жылы ел Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Шымкентте заман талаптарына сай, елімізде теңдесі жоқ жабық жеңіл атлетика манежі ашылды. Оның іргесінде республика ұлттық командасының мүшелері жаттығып, жоғары деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Биыл олимпиадалық хауыз, халықаралық теннис орталығының құрылысы аяқталды. «Бәйшешек» дене шынықтыру-сауықтыру лагері күрделі жөндеуден өтті. Алдағы жоспарларда – оқ тирінің құрылысы.

Облыс тұрғындарының құзырына – «Алатау» тау шаңғысы базасы.

Облыс ауылдарында 48 ашық спорт алаңдары салынды.

Садақпен ату алаңының, жоғары спорт шеберлігін шыңдау мектебінің оқу-жаттығу залының, Сайрам ауданында «Ордабасы» футбол клубының жаттығу алаңының құрылысы, сондай-ақ «Цементші» стадионын қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Облыс орталығында Мұз сарайының ашылуымен Оңтүстікқазақстандықтар қысқы спорт түрлерін белсене дамыта бастады. Мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорттрекпен айналысатындар саны көбейді. Шымкент қалалық спорт мектебінің түлектері халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп келеді. VII қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері Жібек Арапбаева мен Руслан Аблятифов фристайлда үлкен табыстарға жетіп жүр.

2008 жылы Пекиндегі Олимпиада ойындарында бірден үш Оңтүстік Қазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан табылды. Палуан қыз Елена Шалыгина мен боксшы Еркебұлан Шыналиев «қоладан», ауыр атлет қыз Алла Важенина «күмістен» алға тақты.

Лондондық Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары 13 лицензия ұтып алды. Егемен Қазақстан тарихында Олимпиадаға жолдама алған 16 жасар Мөлдір Әзімбайды жыл жаңалығы деуге лайық. Төртжылдықтың басты мәресінде Қазақстанды таныту құрметіне Наталья Ивонинская, Ольга Терешкова (жеңіл атлетика), Біржан Жақыпов (бокс), Елена Шалыгина (әйелдер күресі), Евгений Алексеев (байдарка мен каноэ есу), Ермек Байдуашев (еркін күрес), Феруза Ергешова, Нұрсұлтан Мамаев (таэквондо), Ангелина Мищук (нысана ату), Александра Подрядова (дзюдо) және Александр Дьяченко (велоспорт) ие болды. Миллиондаған жанкүйерлердің үміттерін арқалаған спортшылар жарыстарға тыңғылықты дайындалды.

Біржан Жақыпов ширек финалда олимпиада чемпионы Цзоу Шиминмен тең айқаста ұтылып, жеңіске жақындап тоқтады. Ангелина Мищук төртінші орын, ескекші Евгений Алексеев сегізінші орынға табан тіреді.

Мөлдір Әзімбай, Нұрсұлтан Мамаев және Феруза Ергешова ең ірі сайыстың баға жетпес тәжірибесін алып қайтты.

Облысымыздан шыққан Олимпиада ойындарына қатысушылардың барлығы өңір басшысының қолынан ақшалай сыйлықтар алды.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар