Қандастар Ассамблея

Білім беру

02.02.2013 1959
Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан облысындағыдай бала саны көп ешбір өңір жоқ. Сондықтан еш жерде мұншалықты көп орта білім беретін мектеп те жоқ, қазір облыс бойынша 1022 орта мектеп болса, мектеп құрылысы әлі де жалғасып келеді. Облыстағы демографиялық жағдай бұл үрдістің әрі қарай да сақтала беретіндігін көрсетеді, Оңтүстік Қазақстан облысы осы көрсеткіш бойынша бұрынғысынша көш басында. Жаңа нысандар жергілікті бюджет есебінен де, мемлекеттік бағдарламалар аясында да бой көтеруде. Мысалы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес, Оңтүстік халқына жалпы сомасы 18 миллиард теңгеге 39 мектеп салынса, облыстың бюджет есебінен елуден астам мектеп салынды. Олар өңірдегі орта білім берудегі ғимараттардың жетіспеуі мен олардың құрылыс талаптарына сай келмеуі сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көмектесті. Бұл бағдарлама мен жергілікті жобалар осыдан азғана уақыт бұрын болған «үш ауысымдық мектептердің» мәселесін шешті. Облыста мектепке дейінгі біліммен 100 мыңға жуық бала қамтылды. Мұнда 929 мектепке дейінгі мекеме, соның ішінде 532 әртүрлі шағын балалар орталықтары мен 397 балабақша жұмыс істейді. Мектептен жоғары оқу орнына дейін білім беру қызметтері нарығында алға қойылған жұмыстың басты міндеті барлық білім топтарының жұмысын үйлестіретін он екі жылдың оқыту жүйесіне көшу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болмақ. Орта білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып, жетілдіріледі. Ғаламтор желісіне облыстың 1017 мектебі, соның ішінде 827 ауыл мектептері қосылып, телефонмен жабдықталды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 32 100 бірлік компьютерлік техника бар, тек 2012-2013 оқу жылының басына қарай ОҚО мектептері үшін 11 200 компьютер сатып алынды. Жерсеріктік оқу телеарналары арқылы қашықтан оқытуға 454 мектеп қосылды. Облыс мектептерінде 644 мультимедиялық-лингофон бөлмелері, 321 мектепте 1204 интерактивті тақта орнатылды. Дарынды балаларды анықтап, әрі қарай оқыту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Балалардың бұл тобы үшін Оңтүстік Қазақстанда мамандандырылған 17 мектеп-интернат құрылды. ҰБТ нәтижелері, сондай-ақ облыстың, халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстардағы жеңістері бойынша «Дарын» мектептерінің, сондай-ақ қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттері жақсы қырларынан танылды. «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы ОҚО мақтанышына айналды, бұған оқуда және қоғамдық қызметте ерекше көзге түскен балалар жолдама алады. «Бақытты да салауатты балалыққа» қала сыртындағы лагерьлер қызмет етеді, олардың саны облыста он төрт. Облыста 24 кәсіптік лицей бар. Олардың құрылуына, сондай-ақ мамандықтарды үйлестіруде жұмысшы кәсіптерінің мамандарын даярлауға бағытталған мемлекеттік саясат түрткі болады, бұл мамандықтар ұдайы қадағаланады. Оңтүстік Қазақстан орта және арнаулы оқу орындарының көптігімен ерекшеленеді. ОҚО-да 56 колледж бар, олардың 12-сі мемлекеттік болып саналады. Бұл білім беру ортасы мамандықтардың барлық түрлеріне қажеттілікті қанағаттандырады. Соңғы уақыттың келелі үрдісі – Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тілектеріне орай жасөспірімдердің техникалық мамандықтарға қызығушылығының артуы. ОҚО жоғары оқу орындарының тізімін (олардың саны осыдан он жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есеге азайды) жоғары білімнің екі көшбасшысы – Әуезов атындағы ОҚМУ және А.Ясауи атындағы ХҚТУ бастайды. Биыл олардың екеуі де тәуелсіз рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстанның үздік он жоғары оқу орындары қатарына кірді. ОҚМУ тізімде төртінші орында тұр. Бұл жоғары оқу орнының табысын көбінесе оның ғылыми және білім жобалары, сондай-ақ кейбір бағыттар бойынша жылдар бойы қалыптасқан дәстүрімен анықталады. А.Ясауи атындағы ХҚТУ сегізінші орында. Бүгінде бұл ЖОО медициналық мамандықтарға оқыту бағытында қарқынды дамып келеді, оған көбінесе ХҚТУ-дың техниканың соңғы жетістіктері негізінде жабдықталған емханалары септігін тигізеді. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан облысындағыдай бала саны көп ешбір өңір жоқ. Сондықтан еш жерде мұншалықты көп орта білім беретін мектеп те жоқ, қазір облыс бойынша 1022 орта мектеп болса, мектеп құрылысы әлі де жалғасып келеді. Облыстағы демографиялық жағдай бұл үрдістің әрі қарай да сақтала беретіндігін көрсетеді, Оңтүстік Қазақстан облысы осы көрсеткіш бойынша бұрынғысынша көш басында. Жаңа нысандар жергілікті бюджет есебінен де, мемлекеттік бағдарламалар аясында да бой көтеруде. Мысалы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес, Оңтүстік халқына жалпы сомасы 18 миллиард теңгеге 39 мектеп салынса, облыстың бюджет есебінен елуден астам мектеп салынды. Олар өңірдегі орта білім берудегі ғимараттардың жетіспеуі мен олардың құрылыс талаптарына сай келмеуі сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көмектесті. Бұл бағдарлама мен жергілікті жобалар осыдан азғана уақыт бұрын болған «үш ауысымдық мектептердің» мәселесін шешті.

Облыста мектепке дейінгі біліммен 100 мыңға жуық бала қамтылды. Мұнда 929 мектепке дейінгі мекеме, соның ішінде 532 әртүрлі шағын балалар орталықтары мен 397 балабақша жұмыс істейді.

Мектептен жоғары оқу орнына дейін білім беру қызметтері нарығында алға қойылған жұмыстың басты міндеті барлық білім топтарының жұмысын үйлестіретін он екі жылдың оқыту жүйесіне көшу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру болмақ.

Орта білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру заманауи ақпараттық технологияларды ескере отырып, жетілдіріледі. Ғаламтор желісіне облыстың 1017 мектебі, соның ішінде 827 ауыл мектептері қосылып, телефонмен жабдықталды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 32 100 бірлік компьютерлік техника бар, тек 2012-2013 оқу жылының басына қарай ОҚО мектептері үшін 11 200 компьютер сатып алынды. Жерсеріктік оқу телеарналары арқылы қашықтан оқытуға 454 мектеп қосылды. Облыс мектептерінде 644 мультимедиялық-лингофон бөлмелері, 321 мектепте 1204 интерактивті тақта орнатылды.

Дарынды балаларды анықтап, әрі қарай оқыту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Балалардың бұл тобы үшін Оңтүстік Қазақстанда мамандандырылған 17 мектеп-интернат құрылды. ҰБТ нәтижелері, сондай-ақ облыстың, халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстардағы жеңістері бойынша «Дарын» мектептерінің, сондай-ақ қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттері жақсы қырларынан танылды. «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы ОҚО мақтанышына айналды, бұған оқуда және қоғамдық қызметте ерекше көзге түскен балалар жолдама алады. «Бақытты да салауатты балалыққа» қала сыртындағы лагерьлер қызмет етеді, олардың саны облыста он төрт.

Облыста 24 кәсіптік лицей бар. Олардың құрылуына, сондай-ақ мамандықтарды үйлестіруде жұмысшы кәсіптерінің мамандарын даярлауға бағытталған мемлекеттік саясат түрткі болады, бұл мамандықтар ұдайы қадағаланады.

Оңтүстік Қазақстан орта және арнаулы оқу орындарының көптігімен ерекшеленеді. ОҚО-да 56 колледж бар, олардың 12-сі мемлекеттік болып саналады. Бұл білім беру ортасы мамандықтардың барлық түрлеріне қажеттілікті қанағаттандырады. Соңғы уақыттың келелі үрдісі – Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тілектеріне орай жасөспірімдердің техникалық мамандықтарға қызығушылығының артуы.

ОҚО жоғары оқу орындарының тізімін (олардың саны осыдан он жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есеге азайды) жоғары білімнің екі көшбасшысы – Әуезов атындағы ОҚМУ және А.Ясауи атындағы ХҚТУ бастайды. Биыл олардың екеуі де тәуелсіз рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстанның үздік он жоғары оқу орындары қатарына кірді. ОҚМУ тізімде төртінші орында тұр. Бұл жоғары оқу орнының табысын көбінесе оның ғылыми және білім жобалары, сондай-ақ кейбір бағыттар бойынша жылдар бойы қалыптасқан дәстүрімен анықталады. А.Ясауи атындағы ХҚТУ сегізінші орында. Бүгінде бұл ЖОО медициналық мамандықтарға оқыту бағытында қарқынды дамып келеді, оған көбінесе ХҚТУ-дың техниканың соңғы жетістіктері негізінде жабдықталған емханалары септігін тигізеді.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар