Қандастар Ассамблея

Экономика

02.02.2013 2176
Соңғы онжылдықта аймақтың негізгі көрсеткіштерінің өсу динамикасы облыс экономикасының негізгі бағыттары бойынша сабақтас әрі серпінді дамуымен сипатталады. Аймақтық экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің бірі – жалпы аймақтық өнім, ол 2000 жылғы 152 миллиард теңгеден шамамен 10 есе өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы 10 жылда 2,6 есе артты. Ауыл шарушалығының жалпы өнімі 2,9 есе өсіп, 162,5 миллиард теңгеге жетті, бұл республика бойынша өнімнің жалпы көлемінен 11,3% құрайды. Инвестициялық қызмет серпінді дамып келеді, 10 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына құйылған инвестиция көлемі 17 есеге дерлік артты. Экономиканың нақты секторындағы мұндай жетістіктер облыс бюджетіне де оң ықпалын тигізді. Бюджетке түсімдер 10 жылда 6,5 есе артып, 156,9 миллиард теңгеге жетті, бұл республикалық көлемнің 5,1%-ын құрайды. Бюджетке түсетін салық түсімдерінің өсу серпіні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша бірінші орын алады. Экономиканың дамуының маңызды сәттерінің бірі – облыста өндірілетін өнімді шетелге сату мәселесі. Мемлекет кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, тасымалдау мен жарнама шығыстарын субсидиялайды. Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауына ие болып, Қырғызстанмен, Ресеймен, Украинамен, Қытаймен, Кореямен, Пәкістанмен және тағы басқа елдермен сауда қатынастарын жүзеге асырады. Облыста өндірілетін өнімнің жалпы көлемінде өнеркәсіптің жекелеген саларының үлесі мынадай: • мұнай айдау – 8,9%; • тоқыма және тігін өнеркәсібі – 4,8%; • электр энергиясын, газ және су өндіру және үлестіру– 10,6%; • тамақ өнімдері мен темекі бұйымдарын өндіру – 38,0%; • түсті металдар өндірісі – 3,6%; • машина жасау – 5,8%; • басқа салалар – 28,3%. Әсіресе, аймақ экономикасының белсенді дамуы шағын және орта бизнесті қолдау және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарламалардың игерілуімен жалғасын тапты. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облысында ел бойынша ең табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаның арқасында ондаған жаңа өндіріс іске қосылды: сұрыптық тұқым өндіретін, керамика, гигроскопиялық мақта, еспелі және талшықты жіп иіру, күркетауық еті, цемент, битум, өсімдік майы, металл құрылмалар, жылыжай зауыттары. 2005 жылы мақта өңдеу өндірісі мен тоқыма өнеркәсібі орындарын дамыту үшін Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның аумағында жіп иіру және дайын маталар, қой және түйе жүнінен және мамықтан сырылған көрпе жасау сияқты өндіріс жобалары іске қосылды. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Соңғы онжылдықта аймақтың негізгі көрсеткіштерінің өсу динамикасы облыс экономикасының негізгі бағыттары бойынша сабақтас әрі серпінді дамуымен сипатталады. Аймақтық экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын аса маңызды көрсеткіштердің бірі – жалпы аймақтық өнім, ол 2000 жылғы 152 миллиард теңгеден шамамен 10 есе өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы 10 жылда 2,6 есе артты. Ауыл шарушалығының жалпы өнімі 2,9 есе өсіп, 162,5 миллиард теңгеге жетті, бұл республика бойынша өнімнің жалпы көлемінен 11,3% құрайды. Инвестициялық қызмет серпінді дамып келеді, 10 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына құйылған инвестиция көлемі 17 есеге дерлік артты.

Экономиканың нақты секторындағы мұндай жетістіктер облыс бюджетіне де оң ықпалын тигізді. Бюджетке түсімдер 10 жылда 6,5 есе артып, 156,9 миллиард теңгеге жетті, бұл республикалық көлемнің 5,1%-ын құрайды. Бюджетке түсетін салық түсімдерінің өсу серпіні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша бірінші орын алады.

Экономиканың дамуының маңызды сәттерінің бірі – облыста өндірілетін өнімді шетелге сату мәселесі.

Мемлекет кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, тасымалдау мен жарнама шығыстарын субсидиялайды. Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауына ие болып, Қырғызстанмен, Ресеймен, Украинамен, Қытаймен, Кореямен, Пәкістанмен және тағы басқа елдермен сауда қатынастарын жүзеге асырады.

Облыста өндірілетін өнімнің жалпы көлемінде өнеркәсіптің жекелеген саларының үлесі мынадай:

• мұнай айдау – 8,9%;
• тоқыма және тігін өнеркәсібі – 4,8%;
• электр энергиясын, газ және су өндіру және үлестіру– 10,6%;
• тамақ өнімдері мен темекі бұйымдарын өндіру – 38,0%;
• түсті металдар өндірісі – 3,6%;
• машина жасау – 5,8%;
• басқа салалар – 28,3%.

Әсіресе, аймақ экономикасының белсенді дамуы шағын және орта бизнесті қолдау және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарламалардың игерілуімен жалғасын тапты. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облысында ел бойынша ең табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаның арқасында ондаған жаңа өндіріс іске қосылды: сұрыптық тұқым өндіретін, керамика, гигроскопиялық мақта, еспелі және талшықты жіп иіру, күркетауық еті, цемент, битум, өсімдік майы, металл құрылмалар, жылыжай зауыттары. 2005 жылы мақта өңдеу өндірісі мен тоқыма өнеркәсібі орындарын дамыту үшін Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның аумағында жіп иіру және дайын маталар, қой және түйе жүнінен және мамықтан сырылған көрпе жасау сияқты өндіріс жобалары іске қосылды.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар