Қандастар Ассамблея

Ауыл шаруашылығы

02.02.2013 7019
Аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды. Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті. Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылды,  оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды. ОҚО – Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс. Қазақстанның жем өндірісін дамыту тарихында тұңғыш рет институтта жоңышқаның «Көксарай» суармалы сұрыбы шығарылды, ол мақта-жоңышқа тұқым айналымын қалыптастыруға негіз болады. «Көксарайға» дейін Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның өнімділігі өте төмен болгарлық сұрыптары егілетін. Тұқымдар көршілес республикадан әкелініп, аудандастырылмады. Жемдік дақылдың нашар өнімділігі шаруалардың оны тұқым айналымында пайдаланудан тартынуына әкеліп, соның нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендей түсті. «Көксарай» жағдайды оңалтты. Тағы бір ғылыми мекеме – «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасына қосылды. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды.

Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті.

Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылды,  оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды. ОҚО – Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс.

Қазақстанның жем өндірісін дамыту тарихында тұңғыш рет институтта жоңышқаның «Көксарай» суармалы сұрыбы шығарылды, ол мақта-жоңышқа тұқым айналымын қалыптастыруға негіз болады. «Көксарайға» дейін Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның өнімділігі өте төмен болгарлық сұрыптары егілетін. Тұқымдар көршілес республикадан әкелініп, аудандастырылмады. Жемдік дақылдың нашар өнімділігі шаруалардың оны тұқым айналымында пайдаланудан тартынуына әкеліп, соның нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендей түсті. «Көксарай» жағдайды оңалтты.

Тағы бір ғылыми мекеме – «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасына қосылды. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар