Түркістан – қазақ хандығының астанасы

02.02.2013 23665
Қазақ хандығы (1470-1847) құрамына Түркістан аймағы, яғни Сырдарияның орта сағасы ХVІ ғ. соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте ұлы дала аумағында үстемдік құрған түркі мемлекеттеріне қараған. Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ хандарының бірі Есім хан (1598–1614; 1627-1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы өзі хан болмай тұрып Есім ханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы паналағанын жазып кеткен. Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады. Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін қабылдағаны сипатталады. Осы кезде өткен келіссөздер барысында қазақ ханы тең дәрежелі қатынастар болуын талап еткен. Тәуке хан түрік сұлтаны мен қызылбас (парсы) патшасын өзінен ешбір жоғары санамайтынын мәлімдейді. 1719 ж. бастап 1724 ж. дейін қазақ хандарының басшысы болған Әбілқайыр (1718-1748) Түркістан қаласын өзінің астанасы етті. 1724 ж. Әбілқайыр әскермен келіп Түркістан қаласын қалмақтардан азат етті. Бір жылдай ол қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жау қолына бермей тырысып бақты. Алайда 1725 ж. басында сан жағынан басым болған қалмақтардың қысымымен Оңтүстік Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды. Түркістан қаласында қазақ билеушілерінің хан көтеру салтанаттары өтті. Абылайды қазақтың ұлы ханы етіп сайлау жөніндегі дерек назар аударарлық: « ... 1771 ж. ... біздің барлық текті және даңқты кісілеріміз, Үш алаш – қазақ жұртының хандары, қалалар мен далалық аймақтар, және Түркістан жұртының текті кісілері мені хандардың басшысы етіп қоюды келісті. Біздің дәстүрімізге сай және алдыңғы хандардың жолымен, біздің әулие Әзірет Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның қабірі басында Фатиха сүресі оқылып, мені хан етіп көтерді ...». Сонымен кейінгі ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын болды. Қазақ хандарының Түркістан қаласына келуі үлкен салтанатпен атқарылды. 1744 ж. 24 маусымда жазылған хабар бойынша: «Әбілмәмбет хан қалаға жақындай түскенде қала ішінде бір адам қалмай қарсы алуға шықты... сонымен қоса өз дәстүрімен ұзындығы сажыннан асатын мыс кернейлар ойнатылды және қыш табақтарға тері тартылғандай етіп жасалғандай даңғыраларды ұрды. Бұған қоса оған аса қуанышты қабылдау белгісі ретінде үш сиырды үш мәрте айналдырды... Хан қалаға бөлек кетті. Қалаға енген кезде біріншіден олар әулие жатқан бас мешітке барды ...». Түркістан қаласы қазақтың бетке тұтарлары мен ақсүйектерінің мәжіліс өткізетін орны болды. Бір деректе қазақтың атақты биі Төле Әлібекұлының 1744 шілдесінде келгені көрсетіледі: «...Түркістанға Әбілмәмбетпен кездесуге ұлы жүзден Ташкентте ханнан жоғары құрметтелетін қазақтың ең атақтысы Төле би келді». XVIII ғ. 60-жылдары Қазақстан мен Орта Азия аумағына қытай басқыншылығы қаупі пайда болды. 1762 ж. Әбілмәмбет хан (1734-1771) мен Абылай сұлтанға Қытай елшілері келіп, қытай билеушісі көктемде арнайы әскер жіберіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барып құрбандық шалу жасамақ ойы барын жеткізеді. Осыған байланысты Түркістан қаласында 1763 ж. қазақ даласының ықпалды 6 мың тұлғасы қатысқан құрылтайы өтеді. Онда Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдерін жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, әсіресе, Ауғанстан патшасы Ахмад-шах Дурранимен (1747-1773) бірге әскери одақ құру мәселесі қаралып мақұлданады. Орталық Азия мұсылман мемлекеттерінің бірігуі Қытай империясының Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алу ниетінен бас тартуға мәжбүр еткен. Түркістан қаласы діни білім мен ортағасырлық ғылым орталықтарының бірі болды. Қалада Абд әл-Ғафур Түркістани жазып кеткен бір топ мектеп пен медресе жұмыс жасады. Қазақ ханы Қайыптың кейбір хаттарында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің діни қызметкерінің қолтаңбасы бар. XVIII ғасырда да Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ билеушілерін жерлейтін орын болып қала берді. Түркістанда Тәуке (1680-1715), Жолбарыс (1720-1740), Әбілмәмбет (1739-1771), басқа да хандар жерленді. Есім хан (1598-1614) үшін Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қасынан жеке кесене салынды. Кесене ішінен тек атақты Абылай хан (1771-1781) қабірі ғана жан-жақты зерттелді. Жетпіс жасында қайтыс болған Абылай хан Қожа Ахмет Йасауи жатқан қабырхананың шығысындағы дәлізде, қабырханаға кіретін шығыс есігі алдына қойылған. Бұл дәліз ескі деректерде осы жерде жерленген ханның атымен «Абылайхана» деп аталған. Бірнеше тәуелсіз деректер  оның қабыріне «айнатас» атты құлпытас қойылғанын көрсетеді. Осы тас астындағы қабырді археологиялық тұрғыдан тазалау және табылған қаңқаны антропологиялық тұрғыдан зерттеу барысында алынған нәтижелерді Абылай хан жөніндегі мәліметтермен салыстыру бұл жерде атақты хан жерленгенін айғақтады. Қазақ тарихының ең көрікті тұлғалары Қазыбек би Келдібекұлы, Бөгенбай батыр, Жәнібек батыр Түркістанда жерленген. Кейінгі ортағасырлар дәуірінде де Қожа Ахмет Йасауи кесенесі күллі Орта Азия халықтарының киелі, қастерлі орындарының бірі болып қала берді. Кеңестік дәуірде кесене көп жағдайда ортағасырлық сәулет ескерткіші ретінде ғана қаралды. Оның қазақ халқының ең атақты тұлғалары жерленген пантеоны екені, онда қазақ даласы үшін маңызды оқиғалар өткен тарихи ескерткіш екені ескерілмеді. Жөндеу және реставрациялық жұмыстар барысында құлпытастардың басым бөлігі өз орындарынан жылжытылды, олардың астындағы қабырлер зерттелмеді және жермен жексен болды. Осы кезде кесене кітапханасында болған байырғы қолжазбалар, 1959 жылы қабырхана есігіндегі ортағасырлық өнердің тамаша туындысы болып табылатын қола қоңыраушалар ізім-ғайым жоқ болды. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан ұлттық мәдени мұраны сақтауда үлкен жұмыстар атқаруда. Егемен ел ретінде Қазақстан республикасы 1994 жылы әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау конвенциясына қосылды. Қазақстанның Түркиямен жасаған келісімі бойынша 1993 – 1995 жылдары түрік мамандары Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің іргесін бекіту жұмыстарын атқарды. Қазақстан Республикасы тарапынан әлемдік мұраның әуелгі тізіміне алғаш ұсынған ескерткіш – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі болды. Әлемдік мұра комитеті өзінің Парижде 2003 жылдың 30 маусым – 5 шілде аралығында болған 27-сессиясында Қожа Ахмет Йасауи қатарына «әлемдік мұра тізіміне» қосты. Қазақстан реставраторлары ескерткіштің жағдайын зерттеу үстінде, онда соңғы реставрация барысында пайда болған мәселелерді сипаттап келеді, кесененің температуралық-ылғалдық жағдайын тұрақтандыру жөнінде ұсыныстарын дайындауда. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Қазақ хандығы (1470-1847) құрамына Түркістан аймағы, яғни Сырдарияның орта сағасы ХVІ ғ. соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте ұлы дала аумағында үстемдік құрған түркі мемлекеттеріне қараған. Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ хандарының бірі Есім хан (1598–1614; 1627-1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы өзі хан болмай тұрып Есім ханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы паналағанын жазып кеткен.

Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады.

Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін қабылдағаны сипатталады. Осы кезде өткен келіссөздер барысында қазақ ханы тең дәрежелі қатынастар болуын талап еткен. Тәуке хан түрік сұлтаны мен қызылбас (парсы) патшасын өзінен ешбір жоғары санамайтынын мәлімдейді.

1719 ж. бастап 1724 ж. дейін қазақ хандарының басшысы болған Әбілқайыр (1718-1748) Түркістан қаласын өзінің астанасы етті. 1724 ж. Әбілқайыр әскермен келіп Түркістан қаласын қалмақтардан азат етті. Бір жылдай ол қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жау қолына бермей тырысып бақты. Алайда 1725 ж. басында сан жағынан басым болған қалмақтардың қысымымен Оңтүстік Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.

Түркістан қаласында қазақ билеушілерінің хан көтеру салтанаттары өтті. Абылайды қазақтың ұлы ханы етіп сайлау жөніндегі дерек назар аударарлық: « ... 1771 ж. ... біздің барлық текті және даңқты кісілеріміз, Үш алаш – қазақ жұртының хандары, қалалар мен далалық аймақтар, және Түркістан жұртының текті кісілері мені хандардың басшысы етіп қоюды келісті. Біздің дәстүрімізге сай және алдыңғы хандардың жолымен, біздің әулие Әзірет Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның қабірі басында Фатиха сүресі оқылып, мені хан етіп көтерді ...». Сонымен кейінгі ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын болды.

Қазақ хандарының Түркістан қаласына келуі үлкен салтанатпен атқарылды. 1744 ж. 24 маусымда жазылған хабар бойынша: «Әбілмәмбет хан қалаға жақындай түскенде қала ішінде бір адам қалмай қарсы алуға шықты... сонымен қоса өз дәстүрімен ұзындығы сажыннан асатын мыс кернейлар ойнатылды және қыш табақтарға тері тартылғандай етіп жасалғандай даңғыраларды ұрды. Бұған қоса оған аса қуанышты қабылдау белгісі ретінде үш сиырды үш мәрте айналдырды... Хан қалаға бөлек кетті. Қалаға енген кезде біріншіден олар әулие жатқан бас мешітке барды ...».

Түркістан қаласы қазақтың бетке тұтарлары мен ақсүйектерінің мәжіліс өткізетін орны болды. Бір деректе қазақтың атақты биі Төле Әлібекұлының 1744 шілдесінде келгені көрсетіледі: «...Түркістанға Әбілмәмбетпен кездесуге ұлы жүзден Ташкентте ханнан жоғары құрметтелетін қазақтың ең атақтысы Төле би келді».

XVIII ғ. 60-жылдары Қазақстан мен Орта Азия аумағына қытай басқыншылығы қаупі пайда болды. 1762 ж. Әбілмәмбет хан (1734-1771) мен Абылай сұлтанға Қытай елшілері келіп, қытай билеушісі көктемде арнайы әскер жіберіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барып құрбандық шалу жасамақ ойы барын жеткізеді. Осыған байланысты Түркістан қаласында 1763 ж. қазақ даласының ықпалды 6 мың тұлғасы қатысқан құрылтайы өтеді. Онда Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдерін жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, әсіресе, Ауғанстан патшасы Ахмад-шах Дурранимен (1747-1773) бірге әскери одақ құру мәселесі қаралып мақұлданады. Орталық Азия мұсылман мемлекеттерінің бірігуі Қытай империясының Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алу ниетінен бас тартуға мәжбүр еткен.

Түркістан қаласы діни білім мен ортағасырлық ғылым орталықтарының бірі болды. Қалада Абд әл-Ғафур Түркістани жазып кеткен бір топ мектеп пен медресе жұмыс жасады. Қазақ ханы Қайыптың кейбір хаттарында Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің діни қызметкерінің қолтаңбасы бар.

XVIII ғасырда да Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ билеушілерін жерлейтін орын болып қала берді. Түркістанда Тәуке (1680-1715), Жолбарыс (1720-1740), Әбілмәмбет (1739-1771), басқа да хандар жерленді. Есім хан (1598-1614) үшін Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қасынан жеке кесене салынды. Кесене ішінен тек атақты Абылай хан (1771-1781) қабірі ғана жан-жақты зерттелді. Жетпіс жасында қайтыс болған Абылай хан Қожа Ахмет Йасауи жатқан қабырхананың шығысындағы дәлізде, қабырханаға кіретін шығыс есігі алдына қойылған. Бұл дәліз ескі деректерде осы жерде жерленген ханның атымен «Абылайхана» деп аталған. Бірнеше тәуелсіз деректер  оның қабыріне «айнатас» атты құлпытас қойылғанын көрсетеді. Осы тас астындағы қабырді археологиялық тұрғыдан тазалау және табылған қаңқаны антропологиялық тұрғыдан зерттеу барысында алынған нәтижелерді Абылай хан жөніндегі мәліметтермен салыстыру бұл жерде атақты хан жерленгенін айғақтады. Қазақ тарихының ең көрікті тұлғалары Қазыбек би Келдібекұлы, Бөгенбай батыр, Жәнібек батыр Түркістанда жерленген. Кейінгі ортағасырлар дәуірінде де Қожа Ахмет Йасауи кесенесі күллі Орта Азия халықтарының киелі, қастерлі орындарының бірі болып қала берді.

Кеңестік дәуірде кесене көп жағдайда ортағасырлық сәулет ескерткіші ретінде ғана қаралды. Оның қазақ халқының ең атақты тұлғалары жерленген пантеоны екені, онда қазақ даласы үшін маңызды оқиғалар өткен тарихи ескерткіш екені ескерілмеді.

Жөндеу және реставрациялық жұмыстар барысында құлпытастардың басым бөлігі өз орындарынан жылжытылды, олардың астындағы қабырлер зерттелмеді және жермен жексен болды. Осы кезде кесене кітапханасында болған байырғы қолжазбалар, 1959 жылы қабырхана есігіндегі ортағасырлық өнердің тамаша туындысы болып табылатын қола қоңыраушалар ізім-ғайым жоқ болды.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан ұлттық мәдени мұраны сақтауда үлкен жұмыстар атқаруда. Егемен ел ретінде Қазақстан республикасы 1994 жылы әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау конвенциясына қосылды. Қазақстанның Түркиямен жасаған келісімі бойынша 1993 – 1995 жылдары түрік мамандары Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің іргесін бекіту жұмыстарын атқарды.

Қазақстан Республикасы тарапынан әлемдік мұраның әуелгі тізіміне алғаш ұсынған ескерткіш – Қожа Ахмет Йасауи кесенесі болды. Әлемдік мұра комитеті өзінің Парижде 2003 жылдың 30 маусым – 5 шілде аралығында болған 27-сессиясында Қожа Ахмет Йасауи қатарына «әлемдік мұра тізіміне» қосты. Қазақстан реставраторлары ескерткіштің жағдайын зерттеу үстінде, онда соңғы реставрация барысында пайда болған мәселелерді сипаттап келеді, кесененің температуралық-ылғалдық жағдайын тұрақтандыру жөнінде ұсыныстарын дайындауда.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар