Қандастар Ассамблея

Мешіт. Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай

02.02.2013 4895
Ғимараттың солтүстік-батыс бөлігінде крест тәрізді бөлме – мешіт орналасқан. Мешіт төбесі қос күмбезбен көмкерілген. Күмбезге шаршы негіз жасау мақсатында Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет қиюластырылған аркалар жүйесі пайдаланылған. Сталактиттермен әшекейленген күмбездің төменгі белдемшесінде он алты терезе жасалған. Терезелерден түскен жарық желкендермен ойықтардың жапсырма әшекейлеріне түсіп отырады. Мешіттің бас есігі «жолбарысхана» дәлізінде орналасқан және  оның ойығының жоғары бөлігі ганч сталактиттермен әшекейленген. Мешіттің батыс қабырғасының ортасында мозаика тәсілімен жасалған тамаша михраб бар. Михрабтың П-үлгісіндегі жақтауында, маңдайшасында және сталактиттік төрт ойықшада жазулар орналастырылған. Әйнекеленген панельдің мозаикалық шетінде ескі алтынмен аптау іздері сақталған. М.Е. Массон жазуларына қарағанда жұма намаздан кейін мешіт ішінде дәруіштер зікір салып, Ахмет Йасауидің «Хикметінен» үзінділер оқыған. Мұны көзбен көрген орыс және еуропалық саяхатшылардың жазуынша зікірді тамашалауға орасан көп халық жиналған. Мешіт бөлмесі «жолбарысхан-хана» дәлізі арқылы кітапханамен және ғимараттың орталық залы болып саналатын қазандықпен байланысады. Қабырхана мен мешіт арасында зияратхана деп аталатын дәліз орналасқан. Мұнда зиярат жасауға келгендердің басым бөлігі әулие жатқан орынды көруге мүмкіншілік алған. Зияратхана мен Ахмет Йасауи бейіті жатқан қабырхана арасын есік ойығына қойылған ағаш тор ғана бөліп тұр. Бұған ұқсас дәліз қабырхананыі шығысында да бар. Екі бөлме төбесі де Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінде өте сирек кездесетін крест үлгісіндегі жабумен өрілген. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше, «осы шатырлар ғимарат құрылысшысының ойлап тапқандарының ең озығы және ол басқаларға ұқсамайтындығымен ерекшеленеді». Ғимараттың солтүстік-шығыс бөлігінде үлкен Ақсарай және оған қарама – қарсыда Кіші Ақсарай орналасқан. Бөлмелердің осылай аталуы олардың түсіне емес, ХVІХVІІІ ғасырларда Түркістанда қазақтың ұлы жүз бен Орта жүз хандарының ордалары орнығып, аталған бөлмелердің түрлі салтанаттар үшін пайдалануымен байланысты болғанын Т.К. Басенов көрсетті. Үлкен және Кіші Ақсарай залдарының жоғарғы қабаттарында жүріп тұруға болатын өтпелі дәліздер жасалған. Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде «халім» немесе В.А. Гордлевский бойынша «атала көже» деп аталған рәсім-жоралық тағам дайындайтын халімхана, яғни асхана орналасқан. Бөлмеде екі қазан орналасқан ірі пеш құрылған. Мұнда осы уақытқа дейін сақталып келген «шара» деп аталатын үлкен ағаш астау ішіне «атала көже» құйылып, астауды төрт кісі көтеріп, қазандық бөлмесіне жеткерген соң кедей-кепшік пен зияратқа келгендерге үлестірілген. Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан үлкен күмбезді бөлмеде құдық болғандықтан «құдықхана» деп аталыпты. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ғимараттың солтүстік-батыс бөлігінде крест тәрізді бөлме – мешіт орналасқан. Мешіт төбесі қос күмбезбен көмкерілген. Күмбезге шаршы негіз жасау мақсатында Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет қиюластырылған аркалар жүйесі пайдаланылған. Сталактиттермен әшекейленген күмбездің төменгі белдемшесінде он алты терезе жасалған. Терезелерден түскен жарық желкендермен ойықтардың жапсырма әшекейлеріне түсіп отырады. Мешіттің бас есігі «жолбарысхана» дәлізінде орналасқан және  оның ойығының жоғары бөлігі ганч сталактиттермен әшекейленген.

Мешіттің батыс қабырғасының ортасында мозаика тәсілімен жасалған тамаша михраб бар. Михрабтың П-үлгісіндегі жақтауында, маңдайшасында және сталактиттік төрт ойықшада жазулар орналастырылған.

Әйнекеленген панельдің мозаикалық шетінде ескі алтынмен аптау іздері сақталған. М.Е. Массон жазуларына қарағанда жұма намаздан кейін мешіт ішінде дәруіштер зікір салып, Ахмет Йасауидің «Хикметінен» үзінділер оқыған. Мұны көзбен көрген орыс және еуропалық саяхатшылардың жазуынша зікірді тамашалауға орасан көп халық жиналған. Мешіт бөлмесі «жолбарысхан-хана» дәлізі арқылы кітапханамен және ғимараттың орталық залы болып саналатын қазандықпен байланысады.

Қабырхана мен мешіт арасында зияратхана деп аталатын дәліз орналасқан. Мұнда зиярат жасауға келгендердің басым бөлігі әулие жатқан орынды көруге мүмкіншілік алған. Зияратхана мен Ахмет Йасауи бейіті жатқан қабырхана арасын есік ойығына қойылған ағаш тор ғана бөліп тұр. Бұған ұқсас дәліз қабырхананыі шығысында да бар. Екі бөлме төбесі де Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінде өте сирек кездесетін крест үлгісіндегі жабумен өрілген. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше, «осы шатырлар ғимарат құрылысшысының ойлап тапқандарының ең озығы және ол басқаларға ұқсамайтындығымен ерекшеленеді».

Ғимараттың солтүстік-шығыс бөлігінде үлкен Ақсарай және оған қарама – қарсыда Кіші Ақсарай орналасқан. Бөлмелердің осылай аталуы олардың түсіне емес, ХVІХVІІІ ғасырларда Түркістанда қазақтың ұлы жүз бен Орта жүз хандарының ордалары орнығып, аталған бөлмелердің түрлі салтанаттар үшін пайдалануымен байланысты болғанын Т.К. Басенов көрсетті. Үлкен және Кіші Ақсарай залдарының жоғарғы қабаттарында жүріп тұруға болатын өтпелі дәліздер жасалған.

Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде «халім» немесе В.А. Гордлевский бойынша «атала көже» деп аталған рәсім-жоралық тағам дайындайтын халімхана, яғни асхана орналасқан. Бөлмеде екі қазан орналасқан ірі пеш құрылған. Мұнда осы уақытқа дейін сақталып келген «шара» деп аталатын үлкен ағаш астау ішіне «атала көже» құйылып, астауды төрт кісі көтеріп, қазандық бөлмесіне жеткерген соң кедей-кепшік пен зияратқа келгендерге үлестірілген. Ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан үлкен күмбезді бөлмеде құдық болғандықтан «құдықхана» деп аталыпты.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар