Қандастар Ассамблея

Орталық зал және қазандық

02.02.2013 2567
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі – әдетте діни кешендерде жеке-дара болып тұратын кесене, мешіт, ханака, медресе құрылыстарын, олардың қызметтерін сәулетшілердің бір ғимаратқа біріктіре білген аса ірі кешені. Оның құрамында аумағы әрқилы ұзын саны 34 бөлмесі бар. Оңтүстіктен шығысқа қарай бір жіпке тізілгендей алып портал, орталық залы – қазандық және әулие қабырханасы орналасқан. Орталық залға және қабырханаға бүйірінен шығыс пен батыстан бөлмелер қосылған. Орталық залдың бұрыштарынан ғимаратты сегіз бөлікке бөлетін екі қабатты сегіз дәліз жапсырылған. Жоспарда құрылыстың жалпы ауданы 65,5х46,5 м. Жеке құрылыстардың кешені орнына жеке-дара зәулім қоғамдық ғимараттың пайда болуы өз заманында сәулет өнерінің дамуында айтулы жаңа қадам болды. Сәулеттік кешен – кесененің бас (Оңтүстік) кіре-берісі орналасқан маңдай беті – пештак салтанатты портал үлгісінде сомдалып және ол ғимараттың басқа бөлігінен 20 м жоғары етіп жасалған. Бас портал ойығының ені 18,2 м. Пештактың ғимараттың негізгі бөлігінен биік, үстем болуы ғимараттың сәулеттілігін айқындап отырады. Бұрын М.Е. Массонның көрсетуінше, екі шеткі шағын бөлмелер арқылы енетін есіктер әдетте жабық болады екен. Ал келген адам ғимарат ішіне аса шеберлікпен жасалып сүйектелген, үш деңгейлі аса әсем ою-өрнек түскен, күмістелген, құм алтын жалатылған қола алқасы бар орталық ағаш есік арқылы жіберілген. Бас есік табалдырығын аттай отырып, келуші бірден ғимараттың орталық залына тап болады. Бұл әр қыры 18,5 м шаршы зал аса зәулім етіп жасалған. Қазандық ортасында ортағасырлық қола құю өнерінің таңғажайып жетістігі, шебер Әбділ Әзиз ибн Шараф ад-дин Тебрезидің туындысы – алып тайқазан қойылған. Оның биіктігі 158,3 см, ернеуінің диаметрі 243,4 см. Қазанның салмағы екі тонна, сыйымдылығы 3000 литр. Қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне Темірдің тапсырысымен 1399 ж. 25 маусымда құйылған. Бір кездері тайқазанға дәмі келтірілген су құйылып, жұма намаздан соң кесенеге келгендерге таратылған екен. Қазан тұрғандыұтан кесененің орталық бөлмесі қазандық деп аталған. Қазандыққа шығыс пен батыс жақтардан бірінші және екінші қабаттарда шағын құжыраханалар – тұрғын бөлмелер жапсарлас етіп салынған. Қазандық Орта Азия мен Қазақстан аумағында ең үлкен күмбезбен көмкерілген. Күмбез жасыл түсті сырлы қышпен қапталған. Қазандық күмбезінің ең жоғарғы нүктесі жер деңгейінен 39 м биіктікте орналасқан. Күмбез іш жағынан бедерлі сталактиттермен безендірілген, ХХ ғ. басында олардың бетінде боялған өрнек іздері анық байқалатын болатын. Орталық залдың байырғы мозаикалық панелінің бір бөлігі тек қазандықтың солтүстік ойығында ғана сақталған. Қабырханаға апаратын есіктің қабырғасында кашиннан құрастырылған жоғарғы бөлігі үшжапырақ болып аяқталатын дөңгелек, солтүстік ойық қырларында гүл іспетті медальондар сақталыпты. Панельдің негізгі бөлігі көк түсті алты өырлы сырлы қаптамалардан құрастырылып, мозаикалық бордюрмен қоршалған. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше, «композициялық талғампаздығы жағынан бұларға пара-пар келетін панельдер сол кездегі Самарқандық ескерткіштерде де жоқ». Қабырғаның төменгі бөлігінде өсімдік өрнек түскен құмтастан жасалған белбеу өтеді. Қазіргі кезде қазандықтың солтүстік ойығында, қабырханаға апаратын есік алдында қоладан сомдалған лаухасы бар ұзындығы 8 м шамасындағы ту сабы сүйеулі тұр. 1885 жылы кесенеде болған Н.И. Веселовскийдің жазбаларына қарағанда, «есік үстінде қырынан қойылған, ұзындығы төрт саженьнен де көптеу болса керек, жасыл жалау тұр». Солтүстік ойық ортасындағы оюлы өрнек түскен, сүйектелген ХІV ғасырдың ағаш есігі қазандықты қабырханамен жалғап тұр. Есік жақтауы темір қаңылтырмен қапталып, бетіндегі созыңқы нақыштар ішіне құран мәтіндері алтын әріптермен жазылған. Есік үстіне бетіне жазу түскен тас тақта орнатылған. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі – әдетте діни кешендерде жеке-дара болып тұратын кесене, мешіт, ханака, медресе құрылыстарын, олардың қызметтерін сәулетшілердің бір ғимаратқа біріктіре білген аса ірі кешені. Оның құрамында аумағы әрқилы ұзын саны 34 бөлмесі бар. Оңтүстіктен шығысқа қарай бір жіпке тізілгендей алып портал, орталық залы – қазандық және әулие қабырханасы орналасқан.

Орталық залға және қабырханаға бүйірінен шығыс пен батыстан бөлмелер қосылған. Орталық залдың бұрыштарынан ғимаратты сегіз бөлікке бөлетін екі қабатты сегіз дәліз жапсырылған. Жоспарда құрылыстың жалпы ауданы 65,5х46,5 м. Жеке құрылыстардың кешені орнына жеке-дара зәулім қоғамдық ғимараттың пайда болуы өз заманында сәулет өнерінің дамуында айтулы жаңа қадам болды.

Сәулеттік кешен – кесененің бас (Оңтүстік) кіре-берісі орналасқан маңдай беті – пештак салтанатты портал үлгісінде сомдалып және ол ғимараттың басқа бөлігінен 20 м жоғары етіп жасалған. Бас портал ойығының ені 18,2 м. Пештактың ғимараттың негізгі бөлігінен биік, үстем болуы ғимараттың сәулеттілігін айқындап отырады. Бұрын М.Е. Массонның көрсетуінше, екі шеткі шағын бөлмелер арқылы енетін есіктер әдетте жабық болады екен. Ал келген адам ғимарат ішіне аса шеберлікпен жасалып сүйектелген, үш деңгейлі аса әсем ою-өрнек түскен, күмістелген, құм алтын жалатылған қола алқасы бар орталық ағаш есік арқылы жіберілген.

Бас есік табалдырығын аттай отырып, келуші бірден ғимараттың орталық залына тап болады. Бұл әр қыры 18,5 м шаршы зал аса зәулім етіп жасалған. Қазандық ортасында ортағасырлық қола құю өнерінің таңғажайып жетістігі, шебер Әбділ Әзиз ибн Шараф ад-дин Тебрезидің туындысы – алып тайқазан қойылған. Оның биіктігі 158,3 см, ернеуінің диаметрі 243,4 см. Қазанның салмағы екі тонна, сыйымдылығы 3000 литр. Қазан Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне Темірдің тапсырысымен 1399 ж. 25 маусымда құйылған. Бір кездері тайқазанға дәмі келтірілген су құйылып, жұма намаздан соң кесенеге келгендерге таратылған екен. Қазан тұрғандыұтан кесененің орталық бөлмесі қазандық деп аталған. Қазандыққа шығыс пен батыс жақтардан бірінші және екінші қабаттарда шағын құжыраханалар – тұрғын бөлмелер жапсарлас етіп салынған.

Қазандық Орта Азия мен Қазақстан аумағында ең үлкен күмбезбен көмкерілген. Күмбез жасыл түсті сырлы қышпен қапталған. Қазандық күмбезінің ең жоғарғы нүктесі жер деңгейінен 39 м биіктікте орналасқан. Күмбез іш жағынан бедерлі сталактиттермен безендірілген, ХХ ғ. басында олардың бетінде боялған өрнек іздері анық байқалатын болатын. Орталық залдың байырғы мозаикалық панелінің бір бөлігі тек қазандықтың солтүстік ойығында ғана сақталған. Қабырханаға апаратын есіктің қабырғасында кашиннан құрастырылған жоғарғы бөлігі үшжапырақ болып аяқталатын дөңгелек, солтүстік ойық қырларында гүл іспетті медальондар сақталыпты. Панельдің негізгі бөлігі көк түсті алты өырлы сырлы қаптамалардан құрастырылып, мозаикалық бордюрмен қоршалған. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше, «композициялық талғампаздығы жағынан бұларға пара-пар келетін панельдер сол кездегі Самарқандық ескерткіштерде де жоқ». Қабырғаның төменгі бөлігінде өсімдік өрнек түскен құмтастан жасалған белбеу өтеді.

Қазіргі кезде қазандықтың солтүстік ойығында, қабырханаға апаратын есік алдында қоладан сомдалған лаухасы бар ұзындығы 8 м шамасындағы ту сабы сүйеулі тұр. 1885 жылы кесенеде болған Н.И. Веселовскийдің жазбаларына қарағанда, «есік үстінде қырынан қойылған, ұзындығы төрт саженьнен де көптеу болса керек, жасыл жалау тұр».

Солтүстік ойық ортасындағы оюлы өрнек түскен, сүйектелген ХІV ғасырдың ағаш есігі қазандықты қабырханамен жалғап тұр. Есік жақтауы темір қаңылтырмен қапталып, бетіндегі созыңқы нақыштар ішіне құран мәтіндері алтын әріптермен жазылған. Есік үстіне бетіне жазу түскен тас тақта орнатылған.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар