Қандастар Ассамблея

Адам қолымен сомдалған ғажайып әлемдік мұра

02.02.2013 2789
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында орналасқан. Сәулет өнерінің дара үлгісі ретінде ескерткіш ЮНЕСКО-ның «әлемдік мұра» тізіміне қосылған. Ғимараттың зәулім сұлбасы қалаға он шақты шақырым қалғанда-ақ көріне бастайды. Түркістанның бас ескерткішінің алып және аса көрікті пішіні зияратқа келген адамды да, туристі де тәнті етеді. Қожа Ахмет Йасауидың өмірбаяны мен оның кесенесінің сипаттамасы тарихшылар мен географтардың, саяхатшылар мен шығыстанушылардың, археологтар мен сәулет өнерін танушылардың еңбектерінде баяндалады. «...құрылыс дүние жүзінде салынған керемет ғимараттардың және адамзат баласының таңғажайып туындыларының бірі» – деп жазады ХVІ ғ. белгілі тарихшысы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани (1521 ж. дүние салған). «Адам қолымен сомдалған ғажайып дүние сол замандағы шеберлердің дарындылығын көрсетумен қатар қазіргі көркемдік дүниелерге де үлгі боларлық деңгейде...» – деп жазды Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылғаннан кейін Түркістан қаласында болған Орынбордың генерал-губернаторы Н.А. Крыжановскийдің аудармашысы Мир-Салих Бекчурин. Орта Азияның Темір (1370-1405) билік жүргізген кездегі алып құрылыстарының басым бөлігі бізге тек құлаған қалпында жеткен. Тек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі ғана тұтас сақталып қалды. Кесенені 1928 жылы зерттеген және ол жөнінде екі арнайы еңбек жазған М.Е. Массонның пікірінше: «Салынған алып кесенеге Орта Азияда қай жағынан болмасын тең келетін құрылыс жоқ. Ол қайталанбас дара ғимарат». Құрылысты көп жағдайда сәулеткерлік кешен-кесене деп белгілейді. құрылысшылар көлемі әртүрлі 34 бөлмені біртұтас кешен етіп біріктіре білген. Ғимараттың биіктігі 39 м, бұл қазіргі он қабат үймен пара-пар. Орта Азия сәулет өнерінің білгірі және Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің 1951-1959 жылдардағы бас реставрациясының кураторы Л.Ю. Маньковская ғимаратты – «ескерткіштер қаласы» деп атаған. Кесененің ғажап архитектурасымен қатар мұнда ХІV-ХV ғасырлардың шеберлері жасаған көркем дүниелер тобы: алып тайқазан, қола шырағдандар, қола лаухасы бар ту мен өрнекті есіктері сақталған. Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен қатар  оның айналасында бір топ ортағасырлық сәулет өнері мен археологиялық нысандар орналасқан Түркістан қаласының тарихы да аса қызықты. Қабырі үстінен алып кесене тұрғызылған Қожа Ахмет Йасауи аса атақты түркі әулиесі, дін таратушы, сопылық бірлестіктің негізін қалаушы болды. Күллі түркі әлемінде оның хикметтері кең тарады. Хикметтерде қарапайым халық тілінде көпшілікті имандылыққа шақырып, барға қанағат тұтуға үйретті, екіжүзділікті, өтірікті, пайдакүнемділікті мінеді. Оның атақ-даңқы Түркістан аймағынан шығып, Орталық және Кіші Азияның, Әзербайжан мен Еділ бойының кең байтақ даласына тарады. ХІV ғасырдың соңғы ширегінде Әмір Темір Сырдария бойындағы бір топ жерлерді өзіне қаратты. Оның әкімдері Отырар қаласында отырды. Ясы қаласы темірліктер тарихнамасында алғаш рет Әмір Темір мен Тоқтамыс хан (1376-1395) арасындағы соғыс барысында аталады. Екі жақ Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды иелену үшін ұзақ соғыс жүргізеді. 1388 жылы Тоқтамыс Сауран қаласын басып ала алмаған соң, Ясыны басып алып тонаған. Жергілікті аңыз бойынша Алтын Орда ханы Тоқтамыс жорықтарының бірінде Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін және  оның айналасында тұратын шайқыларды тонап кетеді. Темір әулие үшін кек алып, оларды талқандайды, тоналған заттарды қайтарады. Қолға түсірген үлкен олжа есебінен Қожа Ахмет Йасауидің қабырі үстінен жаңа алып кесене тұрғызуды бастайды. Жаңа құрылыс жұмыстарын бастамай тұрып, бірінші кезекте осы жерде тұрған ХІІ – ХІV ғ. кесенесін бұзады. Жаңа құрылыстың алғашқы кезеңі 1389-1391 жылдары басталып, ХІV ғасырдың 90-жылдарының ортасында аяқталады. Шамамен 1397 жылы басталған құрылыстың екінші кезеңінде бас порталдың тегіс биік бөліктері, қазандық пен қабырхана күмбездері тұрғызылған, ғимараттың солтүстік-батыс бұрышындағы бөлме мешіт болып өзгертілді. Бұл кезеңде ғимараттың өрнектелуі күшейтілді: негізгі бөлмелердің күмбездері іш жағынан сталактиттермен жасақталды, көрші бөлмелер сыланды. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында орналасқан. Сәулет өнерінің дара үлгісі ретінде ескерткіш ЮНЕСКО-ның «әлемдік мұра» тізіміне қосылған. Ғимараттың зәулім сұлбасы қалаға он шақты шақырым қалғанда-ақ көріне бастайды. Түркістанның бас ескерткішінің алып және аса көрікті пішіні зияратқа келген адамды да, туристі де тәнті етеді.

Қожа Ахмет Йасауидың өмірбаяны мен оның кесенесінің сипаттамасы тарихшылар мен географтардың, саяхатшылар мен шығыстанушылардың, археологтар мен сәулет өнерін танушылардың еңбектерінде баяндалады.

«...құрылыс дүние жүзінде салынған керемет ғимараттардың және адамзат баласының таңғажайып туындыларының бірі» – деп жазады ХVІ ғ. белгілі тарихшысы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани (1521 ж. дүние салған).

«Адам қолымен сомдалған ғажайып дүние сол замандағы шеберлердің дарындылығын көрсетумен қатар қазіргі көркемдік дүниелерге де үлгі боларлық деңгейде...» – деп жазды Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылғаннан кейін Түркістан қаласында болған Орынбордың генерал-губернаторы Н.А. Крыжановскийдің аудармашысы Мир-Салих Бекчурин.

Орта Азияның Темір (1370-1405) билік жүргізген кездегі алып құрылыстарының басым бөлігі бізге тек құлаған қалпында жеткен. Тек Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі ғана тұтас сақталып қалды. Кесенені 1928 жылы зерттеген және ол жөнінде екі арнайы еңбек жазған М.Е. Массонның пікірінше: «Салынған алып кесенеге Орта Азияда қай жағынан болмасын тең келетін құрылыс жоқ. Ол қайталанбас дара ғимарат».

Құрылысты көп жағдайда сәулеткерлік кешен-кесене деп белгілейді. құрылысшылар көлемі әртүрлі 34 бөлмені біртұтас кешен етіп біріктіре білген. Ғимараттың биіктігі 39 м, бұл қазіргі он қабат үймен пара-пар. Орта Азия сәулет өнерінің білгірі және Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің 1951-1959 жылдардағы бас реставрациясының кураторы Л.Ю. Маньковская ғимаратты – «ескерткіштер қаласы» деп атаған.

Кесененің ғажап архитектурасымен қатар мұнда ХІV-ХV ғасырлардың шеберлері жасаған көркем дүниелер тобы: алып тайқазан, қола шырағдандар, қола лаухасы бар ту мен өрнекті есіктері сақталған. Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен қатар  оның айналасында бір топ ортағасырлық сәулет өнері мен археологиялық нысандар орналасқан Түркістан қаласының тарихы да аса қызықты.

Қабырі үстінен алып кесене тұрғызылған Қожа Ахмет Йасауи аса атақты түркі әулиесі, дін таратушы, сопылық бірлестіктің негізін қалаушы болды. Күллі түркі әлемінде оның хикметтері кең тарады. Хикметтерде қарапайым халық тілінде көпшілікті имандылыққа шақырып, барға қанағат тұтуға үйретті, екіжүзділікті, өтірікті, пайдакүнемділікті мінеді. Оның атақ-даңқы Түркістан аймағынан шығып, Орталық және Кіші Азияның, Әзербайжан мен Еділ бойының кең байтақ даласына тарады.

ХІV ғасырдың соңғы ширегінде Әмір Темір Сырдария бойындағы бір топ жерлерді өзіне қаратты. Оның әкімдері Отырар қаласында отырды. Ясы қаласы темірліктер тарихнамасында алғаш рет Әмір Темір мен Тоқтамыс хан (1376-1395) арасындағы соғыс барысында аталады. Екі жақ Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды иелену үшін ұзақ соғыс жүргізеді. 1388 жылы Тоқтамыс Сауран қаласын басып ала алмаған соң, Ясыны басып алып тонаған. Жергілікті аңыз бойынша Алтын Орда ханы Тоқтамыс жорықтарының бірінде Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін және  оның айналасында тұратын шайқыларды тонап кетеді. Темір әулие үшін кек алып, оларды талқандайды, тоналған заттарды қайтарады. Қолға түсірген үлкен олжа есебінен Қожа Ахмет Йасауидің қабырі үстінен жаңа алып кесене тұрғызуды бастайды.

Жаңа құрылыс жұмыстарын бастамай тұрып, бірінші кезекте осы жерде тұрған ХІІ – ХІV ғ. кесенесін бұзады. Жаңа құрылыстың алғашқы кезеңі 1389-1391 жылдары басталып, ХІV ғасырдың 90-жылдарының ортасында аяқталады. Шамамен 1397 жылы басталған құрылыстың екінші кезеңінде бас порталдың тегіс биік бөліктері, қазандық пен қабырхана күмбездері тұрғызылған, ғимараттың солтүстік-батыс бұрышындағы бөлме мешіт болып өзгертілді. Бұл кезеңде ғимараттың өрнектелуі күшейтілді: негізгі бөлмелердің күмбездері іш жағынан сталактиттермен жасақталды, көрші бөлмелер сыланды.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар