Қандастар Ассамблея

ХХ ғасырдың ІІ жартысы және қазіргі кезең

02.02.2013 6911
Соғыстан кейін облыстың өнеркәсіптік және экономикалық дамуы жалғаса түсті. 1947 жылы Шымкентте Қазақстандағы тұңғыш мақта-мата комбинатының құрылысы басталды. ХХ ғасырдың 50-60-жылдары экономикалық өсу қарқыны күшейді. Қысқа мерзімде қаракөл, гидролиз, экскаватор, «Электр аппараты», мақта-мата комбинаты, «Восход» тігін фабрикасы салынды. Өз өнімдерін Шымкент пен Састөбе цемент зауыттары берді. Сол кезеңде Ташкент-Шымкент газ құбыры салынды. Ауыл шаруашылығы да тоқтап қалған жоқ. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Оның дамуының жаңа белесі Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі Шардара су қоймасының іске қосылуынан басталды. Осыған орай ХХ ғасырдың 60-жылдары Қызылқұм массиві қарқынды игеріле бастады. Соның арқасында арнайы бөлінген жерлерде аса ірі күріш өсіру шаруашылықтары, бүкіл Кеңес Одағына танымал «Қазақстан», «Восход», «Комсомол» кеңшарлары құрылды. Сол жылдары тамақ өнеркәсібі өте екпінді дамыды – бірқатар сүт зауыттары, ет және балық комбинаттары, сыра қайнату және нан зауыттары салынды. Химия өнеркәсібі де қарқынды дамыды. Фосфор және шина зауыттары іске қосылды. 80-жылдардың басында мұнай өңдеу зауыты салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры пайдалануға берілді. 1987 жылы облыстағы өнеркәсіп орындарының саны 170-тен асты. Мақта, бағбандық, жүзім, көкөніс, бақша шаруашылығы дамыды. Мал шаруашылығында биязы жүнді және қаракөл қой шаруашылықтары жетекші орында болды. Аймақ өнеркәсібінің, өндірісінің және жалпы экономикасы Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары тағы бір тың көшпен дамыды. Мемлекеттік «Бизнесті. жол картасы – 2020», индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары өнімдері республикада да, шетелдерде де сұранымға ие жаңа, заманауи және инновациялық өндірістердің құрылуына түрткі болды. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын және орта бизнесі бүгінде елдегі ең қуаттыларының бірінен саналады. Оңтүстік Қазақстанның мәдени дамуы,  оның тек қана Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін де бай тарихи-мәдени мұрасын ескерсек, тәуелсіздік жылдары еліміз үшін де басты мұрат болып табылады. Археологиялық ескерткіштердің, тарих пен қала құрылысы ескерткіштерінің көпшілігі Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөнделіп, қалпына келтірілді. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Соғыстан кейін облыстың өнеркәсіптік және экономикалық дамуы жалғаса түсті. 1947 жылы Шымкентте Қазақстандағы тұңғыш мақта-мата комбинатының құрылысы басталды. ХХ ғасырдың 50-60-жылдары экономикалық өсу қарқыны күшейді. Қысқа мерзімде қаракөл, гидролиз, экскаватор, «Электр аппараты», мақта-мата комбинаты, «Восход» тігін фабрикасы салынды. Өз өнімдерін Шымкент пен Састөбе цемент зауыттары берді.

Сол кезеңде Ташкент-Шымкент газ құбыры салынды. Ауыл шаруашылығы да тоқтап қалған жоқ. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Оның дамуының жаңа белесі Қазақстанның оңтүстігінде аса ірі Шардара су қоймасының іске қосылуынан басталды. Осыған орай ХХ ғасырдың 60-жылдары Қызылқұм массиві қарқынды игеріле бастады. Соның арқасында арнайы бөлінген жерлерде аса ірі күріш өсіру шаруашылықтары, бүкіл Кеңес Одағына танымал «Қазақстан», «Восход», «Комсомол» кеңшарлары құрылды. Сол жылдары тамақ өнеркәсібі өте екпінді дамыды – бірқатар сүт зауыттары, ет және балық комбинаттары, сыра қайнату және нан зауыттары салынды. Химия өнеркәсібі де қарқынды дамыды. Фосфор және шина зауыттары іске қосылды. 80-жылдардың басында мұнай өңдеу зауыты салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры пайдалануға берілді. 1987 жылы облыстағы өнеркәсіп орындарының саны 170-тен асты. Мақта, бағбандық, жүзім, көкөніс, бақша шаруашылығы дамыды. Мал шаруашылығында биязы жүнді және қаракөл қой шаруашылықтары жетекші орында болды.

Аймақ өнеркәсібінің, өндірісінің және жалпы экономикасы Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары тағы бір тың көшпен дамыды. Мемлекеттік «Бизнесті. жол картасы – 2020», индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары өнімдері республикада да, шетелдерде де сұранымға ие жаңа, заманауи және инновациялық өндірістердің құрылуына түрткі болды. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын және орта бизнесі бүгінде елдегі ең қуаттыларының бірінен саналады.

Оңтүстік Қазақстанның мәдени дамуы,  оның тек қана Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін де бай тарихи-мәдени мұрасын ескерсек, тәуелсіздік жылдары еліміз үшін де басты мұрат болып табылады. Археологиялық ескерткіштердің, тарих пен қала құрылысы ескерткіштерінің көпшілігі Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөнделіп, қалпына келтірілді.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар