Қандастар Ассамблея

Ұлы тұлғаны танып-білу – ұрпақ парызы (видео)

02.02.2013 2174
Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 140 жыл. Қостанайда көрнекті қайраткердің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде. Халқына мол мұра қалдырған ұлы тұлғаны танып-білу – ұрпақ парызы. Кітапхана залында А.Байтұрсынұлының әр жылдардағы еңбектерінен мағлұмат беретін көрме қойылған. Мерекелік кешке жиналғандар А.Байтұрсынұлы өмірінен сыр шертетін фильмді тамашалап, зерттеушілердің баяндамасын тыңдады. Дегенмен ұлы тұлғаның өмірі әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді. Қабылахат СЕЙДАХМЕТОВ, журналист: - Біз А.Байтұрсынұлын ғалым, тілші, әдебиет зерттеуші ретінде білеміз. Сондай-ақ ол қазақтың алғашқы әліпбиін жасаған. Бірақ оның қоғамдық саяси қызметін аса ескере бермейміз. Бір ғана қырымен шектеліп қалмай, оның осы саяси еңбектерін де бірге қарау керек. Мысалы, Қостанай жерінінің көп ауданы Ресейге қарап кете жаздағанда А.Байтұрсынұлы Ленинге дейін барып, алып қалған.

Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 140 жыл.

Қостанайда көрнекті қайраткердің құрметіне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде. Халқына мол мұра қалдырған ұлы тұлғаны танып-білу – ұрпақ парызы. Кітапхана залында А.Байтұрсынұлының әр жылдардағы еңбектерінен мағлұмат беретін көрме қойылған. Мерекелік кешке жиналғандар А.Байтұрсынұлы өмірінен сыр шертетін фильмді тамашалап, зерттеушілердің баяндамасын тыңдады. Дегенмен ұлы тұлғаның өмірі әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Қабылахат СЕЙДАХМЕТОВ, журналист:

- Біз А.Байтұрсынұлын ғалым, тілші, әдебиет зерттеуші ретінде білеміз. Сондай-ақ ол қазақтың алғашқы әліпбиін жасаған. Бірақ оның қоғамдық саяси қызметін аса ескере бермейміз. Бір ғана қырымен шектеліп қалмай, оның осы саяси еңбектерін де бірге қарау керек. Мысалы, Қостанай жерінінің көп ауданы Ресейге қарап кете жаздағанда А.Байтұрсынұлы Ленинге дейін барып, алып қалған.

Ұқсас материалдар