Қандастар Ассамблея

Ерте темір дәуірі

01.02.2013 20194
Ерте темір дәуірі. Б.з.д. VIII-III ғасырларда облыс аймағында Окса (Әмудария) мен Алтайға дейінгі кең аумақты сақ тайпалары мекендеді. Олардың негізгі кәсібі егін мен мал шаруашылығы болды. Кейбіреулері отырықшы, енді біреулері көшіп-қонып жүрсе, үшіншілері егін мен мал өсіруді қатар алып жүрді. Олар Жетісу мен Арал төңірегінде бірнеше мемлекеттік бірлестіктер құрған ұлы да өте қызықты мәдениеті бар ержүрек жауынгер халық еді. Бұған көрнекті қазақ археологы К. Ақышевтың Алматы қаласынан шығысқа қарай 40 км жерде Есік қорымынан тапқан «Алтын адамы» толық дәлел бола алады. Осы дәуірге жататын обалар саны облыс кәлемінде көп-ақ. Шымкенттен сақ қаруы – қола жебе ұшының табылуы да кездейсоқтық емес. Темір ғасыры петроглифтері де қола дәуіріндегі бейнелер сияқты тас, құз беттеріне шеку тәсілімен салынған. Мұндай шатқалдар бірнеше жүздеген жылдар бойы ғибадат өткізетін орын болғанға ұқсайды. Ешкі, түйе бейнелерімен қоса жаңа суреттер: бұғы, қабан, аю бейнесі, түйе шайқасының көріністері пайда болды. Моңғолия мен Дунайға дейінгі кең алқапқа таралған тасқа салынған сурет өнеріндегі бейнелеу ережесі ерекше дамуымен көзге түседі. Петроглифтердің бірқатары көркемдік шеберлігімен – суреттің асқан шеберлікпен орындалуымен, жануарлардың кейпін және олардың мінез-құлықтық ерекшеліктерін еркін беруімен өзгешеленеді. Сақтардан кейінгі қаңлылар б.д.д. І мың жылдықтың соңы мен б.д. І мың жылдығының бірінші жартысында Сырдарияның орта сағасында орасан зор күшті мемлекет құрды. Жазба деректерде отырықшы және жартылай отырықшы тайпалардан тұратын, қала мен шағын елдімекендерде тұратын тұрақты тұрғындары бар үлкен мемлекет жайлы мәліметтер кездеседі. Қаңлы мемлекеті арқылы Сырдария бойымен ұлы Жібек жолы өткендіктен, олар Қытай, Үйсін мемлекеттерімен, Орта Азиядағы Соғды, Шаш, Хорезм елдерімен саяси, сауда және мәдени қатынаста болған. Күлтөбе қалажұртын (Арыстың орта сағасы) зерттеу кезінде археолог А.Н. Подушкин күйдірілген тақта (кірпіш) сынықтарын және бетінде түсініксіз жазуы бар бүтін біреуін тапты. Оның бетіндегі жазуды шығыс зерттеушісі ағылшын ғалымы Н. Сили-Вильямс ғана оқи алды. Онда соғдыша І-ІІ, ІV-V ғасырларда, екінші жорамал бойынша, ХІІ ғасырды. екінші жартысында Соғды әскерінің Шаш, Бұхара, Самарқан, Киша және Нахшаба қарулы қолдарымен біріккен әскери жорығының дала көшпенділерімен болғандығы жайлы және ондағы қала құрылысы жайлы баяндайды. Бұл тарихи дәуір ескерткіштерін археологтар жақсы зерттеген. Олардың арасында Сырдария аңғары мен салалары, тау баурайындағы Отырар-Қаратау және Жетіасар, Қауыншы мәдениеттеріне жататын мекендер мен қорымдар көптеп кездеседі. Осы мекендерде тұратын адамдар, негізінен, суарылмайтын және суармалы егін егумен, үй жануарларын өсірумен айналысқан. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ерте темір дәуірі. Б.з.д. VIII-III ғасырларда облыс аймағында Окса (Әмудария) мен Алтайға дейінгі кең аумақты сақ тайпалары мекендеді. Олардың негізгі кәсібі егін мен мал шаруашылығы болды. Кейбіреулері отырықшы, енді біреулері көшіп-қонып жүрсе, үшіншілері егін мен мал өсіруді қатар алып жүрді. Олар Жетісу мен Арал төңірегінде бірнеше мемлекеттік бірлестіктер құрған ұлы да өте қызықты мәдениеті бар ержүрек жауынгер халық еді. Бұған көрнекті қазақ археологы К. Ақышевтың Алматы қаласынан шығысқа қарай 40 км жерде Есік қорымынан тапқан «Алтын адамы» толық дәлел бола алады. Осы дәуірге жататын обалар саны облыс кәлемінде көп-ақ. Шымкенттен сақ қаруы – қола жебе ұшының табылуы да кездейсоқтық емес.

Темір ғасыры петроглифтері де қола дәуіріндегі бейнелер сияқты тас, құз беттеріне шеку тәсілімен салынған. Мұндай шатқалдар бірнеше жүздеген жылдар бойы ғибадат өткізетін орын болғанға ұқсайды. Ешкі, түйе бейнелерімен қоса жаңа суреттер: бұғы, қабан, аю бейнесі, түйе шайқасының көріністері пайда болды. Моңғолия мен Дунайға дейінгі кең алқапқа таралған тасқа салынған сурет өнеріндегі бейнелеу ережесі ерекше дамуымен көзге түседі. Петроглифтердің бірқатары көркемдік шеберлігімен – суреттің асқан шеберлікпен орындалуымен, жануарлардың кейпін және олардың мінез-құлықтық ерекшеліктерін еркін беруімен өзгешеленеді.

Сақтардан кейінгі қаңлылар б.д.д. І мың жылдықтың соңы мен б.д. І мың жылдығының бірінші жартысында Сырдарияның орта сағасында орасан зор күшті мемлекет құрды. Жазба деректерде отырықшы және жартылай отырықшы тайпалардан тұратын, қала мен шағын елдімекендерде тұратын тұрақты тұрғындары бар үлкен мемлекет жайлы мәліметтер кездеседі.

Қаңлы мемлекеті арқылы Сырдария бойымен ұлы Жібек жолы өткендіктен, олар Қытай, Үйсін мемлекеттерімен, Орта Азиядағы Соғды, Шаш, Хорезм елдерімен саяси, сауда және мәдени қатынаста болған. Күлтөбе қалажұртын (Арыстың орта сағасы) зерттеу кезінде археолог А.Н. Подушкин күйдірілген тақта (кірпіш) сынықтарын және бетінде түсініксіз жазуы бар бүтін біреуін тапты. Оның бетіндегі жазуды шығыс зерттеушісі ағылшын ғалымы Н. Сили-Вильямс ғана оқи алды. Онда соғдыша І-ІІ, ІV-V ғасырларда, екінші жорамал бойынша, ХІІ ғасырды. екінші жартысында Соғды әскерінің Шаш, Бұхара, Самарқан, Киша және Нахшаба қарулы қолдарымен біріккен әскери жорығының дала көшпенділерімен болғандығы жайлы және ондағы қала құрылысы жайлы баяндайды.

Бұл тарихи дәуір ескерткіштерін археологтар жақсы зерттеген. Олардың арасында Сырдария аңғары мен салалары, тау баурайындағы Отырар-Қаратау және Жетіасар, Қауыншы мәдениеттеріне жататын мекендер мен қорымдар көптеп кездеседі. Осы мекендерде тұратын адамдар, негізінен, суарылмайтын және суармалы егін егумен, үй жануарларын өсірумен айналысқан.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Ұқсас материалдар