Қандастар Ассамблея

Алматыда археологиялық жәдігерлер көрмесі өтуде

01.02.2013 3307
Темір дәуіріндегі ыдыс-аяқ пен орта ғасырдағы қару-жарақ. Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайда осындай тарихи жәдігерлер қойылған көрме ашылды. Бұл - мұражай қызметкерлері жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған құнды заттар. Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қызметкерлері мекеменің археологиялық топтамасын толықтыру мақсатында 2011 жылы экспедицияға шыққан. Олар екі топқа бөлініп Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кейбір аймақтарында қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде темір дәуірі мен орта ғасырға тиесілі көптеген құнды заттар табылыпты. Досбол БАЙҒОНАҚОВ, тарих ғылымдарының докторы: - Жерлеу қабірлерінен табылған әйелдердің әшекейлері, жауынгерлердің қару-жарақтарының бөлшектері, тұрмыстық заттар мен керамикалық ыдыстар. Көрмеге қойылған экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартқаны IX-XI ғасырларға тиесілі су құбыры болды. Бұл Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан орта ғасырлық қалалардың бірінен табылған. Мамандар бұл жәдігер сол кездегі қалалар инфрақұрылымның айтарлықтай дамығандығын көрсетеді деп отыр. Хамит АЙТҚҰЛ, Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қызметкері: - Экспедиция барысында тек қазба жұмыстарын ғана емес, барлау жұмыстарымен де айналысамыз. Қоңыртөбе немесе Күйікмардан деген атау ол Отырарда орналасқан орта ғасырлық қалалардың бірі, сол қалалық мәдениеттің көрінісі ретінде су құбыры табылды. Қазір елімізде 200-ге жуық мұражай бар. Мамандар «бүгінде бұл мекемелерді ғылыми орталыққа айналдыру маңызды» дейді. Яғни, «әлемдік үрдіске сай мұражайлар тек қолда барды көрсетумен шектелмей, өз қорын кеңейту үшін зерттеу жұмыстарымен айналысқаны дұрыс» дейді олар. Досбол БАЙҒОНАҚОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: - Бізге мұржайлардың ғылыми орталықтарға айналғаны қызық. Мұражай тек көрсетіліммен шектелуі керек. Мұражай әлем бойынша өте ауқымы кең тәрбие жұмысын беруде. Жастарды патриоттыққа жетелейді. Мұражай ғаламат мекеме болып табылады. Орталық мұражайдың археологиялық экспедициялық көрмесі бір ай бой көрермен назарына ұсынылады.

Темір дәуіріндегі ыдыс-аяқ пен орта ғасырдағы қару-жарақ. Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайда осындай тарихи жәдігерлер қойылған көрме ашылды.

Бұл - мұражай қызметкерлері жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған құнды заттар. Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қызметкерлері мекеменің археологиялық топтамасын толықтыру мақсатында 2011 жылы экспедицияға шыққан. Олар екі топқа бөлініп Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кейбір аймақтарында қазба жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде темір дәуірі мен орта ғасырға тиесілі көптеген құнды заттар табылыпты.

Досбол БАЙҒОНАҚОВ, тарих ғылымдарының докторы:

- Жерлеу қабірлерінен табылған әйелдердің әшекейлері, жауынгерлердің қару-жарақтарының бөлшектері, тұрмыстық заттар мен керамикалық ыдыстар.

Көрмеге қойылған экспонаттардың ішінде ерекше назар аудартқаны IX-XI ғасырларға тиесілі су құбыры болды. Бұл Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан орта ғасырлық қалалардың бірінен табылған. Мамандар бұл жәдігер сол кездегі қалалар инфрақұрылымның айтарлықтай дамығандығын көрсетеді деп отыр.

Хамит АЙТҚҰЛ, Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қызметкері:

- Экспедиция барысында тек қазба жұмыстарын ғана емес, барлау жұмыстарымен де айналысамыз. Қоңыртөбе немесе Күйікмардан деген атау ол Отырарда орналасқан орта ғасырлық қалалардың бірі, сол қалалық мәдениеттің көрінісі ретінде су құбыры табылды.

Қазір елімізде 200-ге жуық мұражай бар. Мамандар «бүгінде бұл мекемелерді ғылыми орталыққа айналдыру маңызды» дейді. Яғни, «әлемдік үрдіске сай мұражайлар тек қолда барды көрсетумен шектелмей, өз қорын кеңейту үшін зерттеу жұмыстарымен айналысқаны дұрыс» дейді олар.

Досбол БАЙҒОНАҚОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Бізге мұржайлардың ғылыми орталықтарға айналғаны қызық. Мұражай тек көрсетіліммен шектелуі керек. Мұражай әлем бойынша өте ауқымы кең тәрбие жұмысын беруде. Жастарды патриоттыққа жетелейді. Мұражай ғаламат мекеме болып табылады.

Орталық мұражайдың археологиялық экспедициялық көрмесі бір ай бой көрермен назарына ұсынылады.

Ұқсас материалдар