Қандастар Ассамблея

852 өрт сөндіруші мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған

01.02.2013 1836
Былтыр 852 өрт сөндіруші мемлекеттік аттестаттаудан сүрінген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы В.Божко мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысуда. «Елбасының тапсырмасын орындау үшін Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссияларында мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының 15942 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның қорытындысы бойынша 1096 қызметкер кадрлық резервке қойылып, 672 адамның лауазымы төмендетілді, 260 адам басқа қызметке ауысса, 852 өрт сөндіруші жұмыстан босатылды», - деді министр. Кенжекей Тоқтамұрат

Былтыр 852 өрт сөндіруші мемлекеттік аттестаттаудан сүрінген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы В.Божко мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысуда.

«Елбасының тапсырмасын орындау үшін Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссияларында мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының 15942 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның қорытындысы бойынша 1096 қызметкер кадрлық резервке қойылып, 672 адамның лауазымы төмендетілді, 260 адам басқа қызметке ауысса, 852 өрт сөндіруші жұмыстан босатылды», - деді министр.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар