Қандастар Ассамблея

В.Божко Алматыдағы жер сілкінісі туралы Б.Сағынтаевтан естіген

01.02.2013 2852
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жуырда Алматыда болған жер сілкінісі туралы туысқандарынан естіп білген соң, Төтенше жағдайлар министріне телефон шалғанын, ал Владимир Божко жер сілкінісі туралы әлі бейхабар отырғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасы былтырғы жылғы Жолдауында халқымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсартуды басты міндет етіп қойды. Оның үстіне, өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында еліміздің оңтүстік өңірлерінде табиғат апаттарының, шамадан тыс аяздың, су тасқыны мен жер сілкінісінің, өрт және тағы да басқа төтенше жағдайлардың орын алғаны белгілі. Сол себепті биылғы жылдың басында Үкімет төтенше жағдайлар мәселесіне қатысты бірнеше жиын өткізді», - дей келе Үкімет басшысының бірінші орынбасары министрліктің атқарған жұмысы жақсы екенін, дегенмен халықты апат кезінде ақпараттандыру мәселесінің ақсап тұрғанын айтты. «Бүгінгі қорытынды, министрлік атқарған жұмыстардың нәтижесі қуантады. Әрине, бәрін бірдей алып жүру мүмкін емес болғанымен, халықты төтенше жағдайлар кезінде ақпараттандыру мәселесіне қатысты жұмыс атқару керекпіз. Мысалы, Алматы мен Алматы облысында болған соңғы жер сілкінісі бәрін алаңдатып отыр. Жер сілкінісі туралы мен туысқандарымнан естіп, Владимир Карповқа телефон шалсам, ол кісі әлі естімеген екен. Яғни жер сілкінісі туралы Төтенше жағдайлар министрі әлі хабарсыз отырған. Алматылықтар түгелдей естіп, твиттер парақшаларында жазбалар қалдыра бастады. Біз АҚШ сейсмология институты сияқты шұғыл ақпарат бермесек те, халықты ақпаратсыз қалдыруға болмайды. АҚШ сияқты жұмыс істеу үшін, әрине, қыруар қаржы керек. Дегенмен, біздің, Үкімет тарапынан дұрыс ақпарат берілуі керек. Үкімет осы мәселені қарайтын болады», - деді Б.Сағынтаев. Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Кенжекей Тоқтамұрат

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жуырда Алматыда болған жер сілкінісі туралы туысқандарынан естіп білген соң, Төтенше жағдайлар министріне телефон шалғанын, ал Владимир Божко жер сілкінісі туралы әлі бейхабар отырғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы былтырғы жылғы Жолдауында халқымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсартуды басты міндет етіп қойды. Оның үстіне, өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың басында еліміздің оңтүстік өңірлерінде табиғат апаттарының, шамадан тыс аяздың, су тасқыны мен жер сілкінісінің, өрт және тағы да басқа төтенше жағдайлардың орын алғаны белгілі. Сол себепті биылғы жылдың басында Үкімет төтенше жағдайлар мәселесіне қатысты бірнеше жиын өткізді», - дей келе Үкімет басшысының бірінші орынбасары министрліктің атқарған жұмысы жақсы екенін, дегенмен халықты апат кезінде ақпараттандыру мәселесінің ақсап тұрғанын айтты.

«Бүгінгі қорытынды, министрлік атқарған жұмыстардың нәтижесі қуантады. Әрине, бәрін бірдей алып жүру мүмкін емес болғанымен, халықты төтенше жағдайлар кезінде ақпараттандыру мәселесіне қатысты жұмыс атқару керекпіз. Мысалы, Алматы мен Алматы облысында болған соңғы жер сілкінісі бәрін алаңдатып отыр. Жер сілкінісі туралы мен туысқандарымнан естіп, Владимир Карповқа телефон шалсам, ол кісі әлі естімеген екен. Яғни жер сілкінісі туралы Төтенше жағдайлар министрі әлі хабарсыз отырған. Алматылықтар түгелдей естіп, твиттер парақшаларында жазбалар қалдыра бастады. Біз АҚШ сейсмология институты сияқты шұғыл ақпарат бермесек те, халықты ақпаратсыз қалдыруға болмайды. АҚШ сияқты жұмыс істеу үшін, әрине, қыруар қаржы керек. Дегенмен, біздің, Үкімет тарапынан дұрыс ақпарат берілуі керек. Үкімет осы мәселені қарайтын болады», - деді Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісі өтті.

Кенжекей Тоқтамұрат

Ұқсас материалдар