Қандастар Ассамблея

Б.Сағынтаев: Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін «жасыл» экономикаға көшуіміз керек

01.02.2013 2188
«Жасыл» экономикаға көшпей, дамыған 30 елдің қатарына қосыла алмаймыз. Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Елбасы биылғы Жолдауында дамыған отыз елдің қатарына қосылу туралы үлкен мақсат қойды. Ал «жасыл» экономиканы дамытпай, біз бұл елдердің қатарына қосыла алмаймыз. Айта кетерлік маңызды жайт, бұл орайда республиканың барлық өңірлері белсенді ат салысуы қажет. Өңірлер дамымаса, бәсекеге қабілетті болмаса, бұл үлкен мақсатқа жету қиын. «Жасыл» технологиялар негізінде өңірлерді өзгеше бағытта дамытуға мүмкіндік мол», - деді Бақытжан Сағынтаев. Ол облыс әкімдерінің «жасыл» экономикаға көшу үшін тиісті іс-шараларды кешенді түрде қолға алуы қажеттігін атап өтті. Бақытжан Сағынтаев қоршаған ортаны қорғау министріне «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегияның жоспарын әзірлеуді жеделдетіп, мерзімінде Үкімет қарауына ұсынуларын тапсырды. Жұмыс тобының жоспары ақпан айында бекітілуі тиіс. Айымгүл ӘБІЛЕВА

«Жасыл» экономикаға көшпей, дамыған 30 елдің қатарына қосыла алмаймыз. Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы биылғы Жолдауында дамыған отыз елдің қатарына қосылу туралы үлкен мақсат қойды. Ал «жасыл» экономиканы дамытпай, біз бұл елдердің қатарына қосыла алмаймыз. Айта кетерлік маңызды жайт, бұл орайда республиканың барлық өңірлері белсенді ат салысуы қажет. Өңірлер дамымаса, бәсекеге қабілетті болмаса, бұл үлкен мақсатқа жету қиын. «Жасыл» технологиялар негізінде өңірлерді өзгеше бағытта дамытуға мүмкіндік мол», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол облыс әкімдерінің «жасыл» экономикаға көшу үшін тиісті іс-шараларды кешенді түрде қолға алуы қажеттігін атап өтті. Бақытжан Сағынтаев қоршаған ортаны қорғау министріне «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі стратегияның жоспарын әзірлеуді жеделдетіп, мерзімінде Үкімет қарауына ұсынуларын тапсырды. Жұмыс тобының жоспары ақпан айында бекітілуі тиіс.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Ұқсас материалдар