Қандастар Ассамблея

2012 жылы елорданың 1 380 студенті қоғамдық жұмыстарға тартылды

01.02.2013 1722
2012 жылы жастардың тәжірибе жинауы жұмысына  елорданың 692 тұрғыны жіберілсе, олардың 347-сі «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша барды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы  Алма Алтыбаева мәлім етті. Жастар тәжірибесі уақытша жұмыс орнын ұсыну арқылы арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан түлектердің жұмыссыз ретінде тіркелгендеріне ұйымдастырылады. Орындалатын жұмыс түлектің мамандығы мен біліктілігіне сәйкес келуі керек. Жастар тәжірибесіне қатысушыларға ақы төлеу бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады.    Сонымен қатар, Басқарма бастығы өткен жылы Астанада 1380 студент сабақтан  бос уақыттарында қоғамдық жұмыстарға қатысқандығын баяндады.  Олар: қала аумағын қардан тазартуда ТШК мекемелеріне көмек көрсету, тұрғын үйлерді жөндеу мен  қайта жаңарту, қаланы экологиялық сауықтыру, қоғамдық науқандар өткізу, басқа да (үйлердің сатылары аумағы мен жертөле орынжайларын жинау және басқалары) жұмыстарды атқарды. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

2012 жылы жастардың тәжірибе жинауы жұмысына  елорданың 692 тұрғыны жіберілсе, олардың 347-сі «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша барды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы  Алма Алтыбаева мәлім етті.

Жастар тәжірибесі уақытша жұмыс орнын ұсыну арқылы арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан түлектердің жұмыссыз ретінде тіркелгендеріне ұйымдастырылады. Орындалатын жұмыс түлектің мамандығы мен біліктілігіне сәйкес келуі керек. Жастар тәжірибесіне қатысушыларға ақы төлеу бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады.   

Сонымен қатар, Басқарма бастығы өткен жылы Астанада 1380 студент сабақтан  бос уақыттарында қоғамдық жұмыстарға қатысқандығын баяндады.  Олар: қала аумағын қардан тазартуда ТШК мекемелеріне көмек көрсету, тұрғын үйлерді жөндеу мен  қайта жаңарту, қаланы экологиялық сауықтыру, қоғамдық науқандар өткізу, басқа да (үйлердің сатылары аумағы мен жертөле орынжайларын жинау және басқалары) жұмыстарды атқарды.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар