Қандастар Ассамблея

Қазақ жастарының қабілеттілігі – қанның тазалығынан

01.02.2013 3392
Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы  Жақсылық Үшкемпіров – грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ұлттың мықтылығын әлемге танытатын бір сала спорт болса, Жақаң бұл жағынан әлемді мойындатқаны анық. Әжесінің Жақайы Атақты балуан 1951 жылдың 6 мамы­рында Жамбыл облысы Байзақ ауданы­­ның Тегістік ауылында дүниеге келген. Ба­луан­ның өмірге келуінің өзі қызық. Анасы Күн­төре ауылда дүкенші болатын. Бұ­лар­дың үйінің бір бөлмесі – ауылдың кәдімгі дүкені. Онда күнделікті тұрмысқа қажет заттар сатылады. Анасы айы-күні жетіп отырса да, жұмысын жүргізе береді. Қоян-қолтық араласып, біте қайнасып жатқан ауыл адамдары дүкенге күн-түн демей келе бе­реді. Ол ауыл адамдары үшін үйреншікті жағдай. Үйде жалғыз қалған анасын тол­ғақ қысып, жаны қиналып жатса, сырттан ат тұяғының дүрсілі естіледі де, біреу терезені тықылдатып «Әй, келін, сабыныңнан бер­ші, айналайын» деп айқайлайды. Дауыс осы өңірге сыйлы Сарманқұл ақсақалды­­кі. Ол кісіге келіні «Мен толғатып жатыр едім» деп қалай айтады? Қаймағы бұзыл­маған қазақы ауылда бұл ұят. Әрең дегенде ор­нынан тұрып, сабынды алып, табал­ды­рықтың ішкі жағынан оны қартқа ұсына бергенде шыр етіп дүниеге бала келеді. Қатты сасқан қарт аттан секіріп түсіп, ша­рананы жерден көтеріп алады. Абырой болғанда, жамиғатпен бірге намаз оқуға кеткен әжесі де қуаныш үстінен түсіпті. Ал ойда-жоқта жас нәрестенің жарық дүниеге келгенінің куәгері болған Сарманқұл ата «Жолаушылап келе жатыр едім, үйіме жет­пей жаңадан дүниеге келген сәбидің үнін естідім. Бұл баланың аты Жақсылық бол­сын» дейді. – Тағдырым спортпен байланысты болған соң әлемнің 50-ден астам елінде бол­дым. Іссапарға көп шықтым. Сонда анам «Кісі көп жүретін есік аузында, та­балдырықта туып едің. Жерден алғаш көтеріп алған да жолаушы адам. Әу бастан-ақ сенің өміріңнің көбі жол үстінде, сапарда өтер-ау деп топшылап едім. Сол жо­рамалым шындыққа айналды» деп отыратын. Анам­ның олай дейтін жөні бар, – дейді Жақсы­лық аға сол бір кезді жымия еске алып. – Мен әжем Бәтимаға тән бала болдым. Сондықтан өз әкемді «тәте», анамды «же­ңеше» дейтінмін. Әкем Үшкемпір – Әмі­рәлі атам мен Бәтима әжемнің зарығып көр­ген баласы. Он төрт ұл-қыз сүйіп, бірақ бәрі жастайынан шетіней берген. Он бе­сін­ші болып менің әкем дүниеге келіпті. Сол кезде әбден амалы таусылып, үміт пен күдік астасқан шақта қазақтың ежелгі ырымы бойынша жаңа туған нәрестені он шақты шалдың шапанының етегіне бө­леп, қолдан-қолға өткізіп, сосын үш кемпірге кезек кө­­тертіпті де, атын да елеусіздеу етіп Үш­кем­пір қоя салыпты. Міне, сол зарығып көрген ұлынан туған мені әжем алақанына салып өсірді, «Жа­қайым» деп еркелетті. Әпкем Алтынкүл мен қарындасым Шы­рынкүлдің ортасында өстім. Менің алдымда дүниеге келген ұл бала ерте шетінеп кетіпті. Бірақ әкем мені жалғыз ұл екен деп ерке­леткен емес. Оның мамандығы есепші бол­ды. Біртоға мінезді, тіпті бала тәрбиесінде қа­талдау болды. Отбасындағы үш баланы да үй шаруасы­на жастайымыздан бе­йім­деді. «Алып анадан туады» демекші, жас­тайынан колхоз шаруасына араласқан Күн­төре ана орта бойлы, шағын денелі кісі бол­ған. Бірақ қимыл-қозғалысы ширақ, де­несі мығым екен. Ол кездері колхозда түр­­лі жарыстар, мерекелік шаралар өтіп жа­татын. Сонда бәсекелестерінен қалып қой­мау үшін екі қап бидайды екі қол­ты­ғының астына қысып тасиды екен. Ұн са­лын­ған 70 келілік қаптарды ешкімнің кө­ме­г­ін­сіз-ақ сарайға кіргізіп жүре беретін бол­ған.   Ойтамызық – Мен кезінде Семейдің Зоовет институтына бекерге бармаппын. Айналып осы мамандығыма келдім. Қазір шаруашылығымызда жылқы, ірі қара өсіреміз. Кезінде құрама командада жүргенде ылғи Семейден ұшып барамын ғой. Бір ғана рейс бар, үнемі кешігіп қаламын. Зооветте оқитынымды нұсқап жігіттер маған сол кезде «директор» деген лақап ат қойған. Сол жігіттердің аузына құдай салған болар, міне, қазір директор болып отырмын. Әне бір жылы кезінде Кеңес Одағының құрамасында бірге болған жігіттер келді. ФИЛА-ның бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов: «Аға, мына кісілер өзіңіздің қатарластарыңыз, қасында бірге болсаңыз» деді. Оларды Үшқоңырға апарып, шаруашылығыммен таныс­тырып, бір тайды сойып, көкпар тартқызып, аң атып, балық аулап, не керек әбден күтіп, алма, қауын-қарбыз, оны-мұнының бәрін жолдарына салып беріп шығарып салдық. Дән риза болған жігіттер: «Жак, есіңде ме, біз сені кезінде «ди­ректор» деп келеке етуші едік қой. Сен шынында да нағыз директор бо­лып­сың» дегені. Қазір шаруашылығымызда 100-ден аса отбасы жұмыс жасайды. Негізі, біздің елімізде жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған. Талас бізді шынықтырды Жақаң туып-өскен Тегістік ауылы ша­ғын ғана, отыз шақты түтіні бар болатын. Бұл ауылда мектеп болған емес. Оқушылар Талас өзенінен пароммен өтіп, Сарбарақ­тағы бастауыш мектепке баруға тиіс. Бірінші сыныпқа әжесінің ертіп барғаны бүгінгідей есінде. Ол көршілес Диқан, Ақ­құм, Жетібай ауылдарындағы мектепке қатынап оқы­ды. Жетібай ауылындағы мек­тепте онжыл­дықты тамамдады. Мате­ма­тика, биология, зоология пәндері қы­зық­тыратын. Тіпті, осы пәндерден кілең бестік алатын. Балалық шақтың қызығы таусылған ба?! Ауыл балаларына тән ойынның бә­рінің бұлар да түбін түсіретін. Талас өзені ауылдың тап іргесінен ағып жататын. Үл­кен­дер қанша қақпайласа да олардың кө­зін ала бере, күллі бала өзенге қарай лап қояды. Суға жүзуден күнде жарыс. Кіш­кентай Жақай, тіпті ауыл балалары ара­сын­да чем­пион болып жүрген Жарастан қалай да озамын деп жанталасып жүріп ақыры дегеніне жеткен. Құлаштап жүзу, итшелеп жүзу, шалқалап жүзу, су астымен жүзу сияқты жүзудің неше түрін білетін. – Мен өзі кішкентайымнан суды жақ­сы көріппін. Оны әжемнен естігенмін, – дей­ді Жақсылық аға. – Әжем: «бала күніңде өте толық болдың, аяғың да кештеу шық­ты. Жазда есіктің алдындағы ағаш астауға тү­сіп алып мен қашан су құйып бергенше тапжылмай отыра беретінсің. Су құйылған соң одан шығуың тіпті қиын болатын» дейтін. Суға қатысты менің басымнан өткен қызықты оқиға көп. Үй шаруасынан қо­лы­мыз қалт ете қалса, Таластың бойынан та­былатынбыз. 10-11 жас шамасында өзен­ге қой тоғытамын деп жүріп суға түсіп ке­тіп, батып бара жатқан әйелді құтқарып қал­­ғаным бар. Өзенде суға бір батып, бір шы­­ғып, жанталасып жатқан адамды бай­қа­­­дым да, «Құтқару керек» деген оймен суға қо­йып кеттім. Оған қалай жетіп, судан қа­лай алып шыққанымды білмеймін, әй­те­уір мұның бәрі қас-қағым сәтте өте шық­ты. Сәлден соң есін жиған әлгі апа мені айналып-толғанып, алғысын жау­дыр­ғаны есімде. Не істерімді білмей, ұялға­нымнан үн-түнсіз тұра жүгіргенім бар... Ойтамызық – Мәскеу Олимпиадасынан 4-5 жыл өткенде ежелгі Олимпиада отаны – Грекияға бардым. Астанасы – Афиныға тоқтадым. Сол жолы Олимп тауының баурайындағы үлкен мәрмәр таста алтын әріптермен қашалып жазылған өз аты-жөнім мен ұлтымды көріп, еріксіз көзіме жас алғаным бар. Сол сәтте ел алдындағы еңбегімнің ақталғанын сезіндім... Семейге сапар – Мектеп бітірген соң зоотехник бола­мын деп ауылдас Қарахан деген баламен Семейге бардым,– дейді балуан. – Ол бір жыл бұрын да барып, бақ сынап көріп қайт­қан. Жол бастаушы – сол. Мені үй­дегілер Қараханға әбден тапсырып, шетелге ке­тетіндей әрең шығарып салды. Анам ақ­шам­ның көбін ышқырыма жаға­лай тігіп берген. Кетерде қолыма жол қа­ра­жатқа деп 10 сом ұстатты. №41 пойызбен Жамбыл­дан Семейге төрт күн жүріп әзер жеттік. Екеуміз жалдамалы вагонда тұрып жаттық. Қара­ханға әбден сеніп алғаным сонша, тіпті алғашында қандай факультетті таңдаға­нымызды да білмеппін. Менікі әйтеуір оқуға түсіп кету. Біраз күннен кейін әлгі вагон-үйімізден шығып қалып, бір орыстың үйін жалдадық. Ауылдан беріп жіберген ақшаның түбі көріне бастаған. Бір күні Ертіс жағасына барсам, бір кісі жігіттерді топтап жарыстырып жатыр екен. Біраз бақылап қарап тұрдым, ақша тігіп жары­сып жатыр. Мен де қалтамның тү­бін­дегі соң­ғы 5 сомымды ұйымдастыру­шы­ға ұсынып, ойынға қатыстыруын сұ­радым. Бойым онша ұзын болмағандық­тан ол кісі мені баласынып маңына жолататын емес. Жам­был жақтан оқуға түсуге келген талап­к­ер екенімді айтып, жалынып жүріп қатар­ға қосылдым. Сөйтіп, суға қатысты хикаям Семейде тағы жалғасты. Қатысатындар бес сомнан шығарады, 10 кісіден 50 сом бола­ды. Ұйымдастырушы 10 сомын алады да, қал­ғаны – ұтқандыкі. Ол дегеніңіз қыруар ақша. Қатысарымды қатысып алып, ұтылып қа­ламын ба деп ішім қылпылдап тұр. Сон­дағы ышқынғаным-ай! Не керек – бәйге менікі! 40 сомды қалтаға басып, шала байып үйге тарттым. Ертеңіне бірінші емтихан. Бас­талуы – түс мезгілі. Мен Қа­раханмен ай­тысып жүріп емтиханға «жа­рыстан» соң бір-ақ бардым. Шалбардың арты су-су. «Жа­рыстың» қызығына әбден беріліп ал­ғам. Билетті алып, Қараханның қасына жай­ғастым. Билетімнің сұрақ­тарына көз жүгір­тіп өттім. Аса қиын емес. Қараханның сұ­рақ­тары күрделірек екен. Мұғалімнің көзін ала беріп, Қараханның билетін алып, оның есептерін шығарып бердім. Дегенмен, мұ­ғалім қырағы екен, байқап қойыпты. Қасына шақырып алды да, билеттің жауабын сұрай бастады. Өз билетім жайына қалды. Сөйтіп, қарап отырмай оңай билеттен оңай айырылып, Қараханның билетіне жауап беріп «үш алдым да, ал мұғалім оған екі қо­йып бер­гені. Басқа емтихандарды да «4» пен «5»-ке тапсырып, жолым болып, оқуға түсіп кеттім. Күреске келген жол Оқу басталған соң оларды дене шы­нықтыру сабағынан қалаған спорт түрлері бойынша үйірмелерге бөлді. Ол еркін кү­реске жазылды. Бірақ күрес үйірмесі жуық арада басталған жоқ. Ал жаттықты­рушы Микрихов студенттерді үнемі шаң­ғымен жарыстыратын. Жамбыл жақта қар қа­лың түспейді. Өмірі аяғына шаңғы байлап көрмеген. Мұғалімнің тапсырмасын орын­дамаса «зачет» жоқ. Шаңғы тебе алмаған­дарға спорт залындағы күрес кілемінің сө­гіліп кеткен жерлерін тіктіріп қоятын. Са­бақтан соң зырылдап отырып кілем ті­гуге барады. Ол еркін күрестің үйірмесі бас­тал­ған кез. Жаттықтырушы Лю Вен Хай сту­дент Жақсылықты шақырып алып, мәсе­ленің мән-жайын сұрады да, ойланып тұрып: «Сен өзі күресе білесің бе? Егер ана баланы жықсаң, «зачетыңды» мен қойды­рып беремін. Күресесің бе?» деді қызық­тырып. Аз-кем ойланған ол, дереу шешініп тастап, күресе кетті. Ауылда күрестің әдіс-тәсілін кім үйретті дейсің? Өз білгенінше «әрекет» жасап, әлгі баланы жерге алып соқты. Бапкер аң-таң болып қалады. «Енді ана баламен күрес» деді. Ол күрестен біраз тәжірибесі бар және ересектеу әрі салмағы да үлкендеу бала екен. Біраз арпалысып оны да жеңді. Бапкер «Сен еркін күресте жоқ әдісті қолдандың, қайта күресіңдер» деді. Бұл да қарап қалмай «Сіз «жықсаң болды» дегенсіз. Қалай күресуді айтқан жоқсыз ғой» деп еді, бапкер «жарайды» дей салды. Не керек, зачет алынды. Ал бапкер оған еркін күрестен жаттығудан қалмауын тап­сырды. Әлемді мойындатқан Жақсылық ағамыздың күреске келу жолы – осы. Шыдамды Жак немесе Қабыш ағамның қайрауы Еркін күрес үйірмесіне алынған ал­ғашқы күннен бастап ол бірде-бір жат­тығуды жі­бермейді. Жаттығу залына жұрт­тан бұрын барады, кейін қайтады. Бап­кердің үйреткен әдістерін жанын са­лып қайталайды. Күреске шындап бет бұрғаннан кейін екі айдан соң институт біріншілігі өтті. Сол кездің өзінде қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды иемденді. Одан қалалық, облыстық чем­пионаттарға қатысты. Чемпион болды. Жеңістің дәмін тата бастады. Өзгелердің құрмет-қошеме­тін сезініп қалды. Дегенмен, алғашқы әді­летсіздіктер де алдан шыға бастады. Сол себепті еркін күрестен кетіп, грек-рим күресінде бақ сынап көрмек болды. Еркін күресте көптің бірі болып жүрсе, грек-рим күресінде Ром Ильматов бірден бауырына тартып, бар білгенін үйретуден жалықпады. Алғашқы бапкерінің оны Олимпиада чем­пионы атандыруға деген құлшынысы тым жоғары еді және балуанды да соған сендіре білді. Ол 1970 жылы-ақ Ал­матыда грек-рим күресі бо­йынша Қа­зақстан бірінші­лігінде топ жарды. Әйгілі бапкер Вадим Псарев те талапкер жасқа үлкен үміт артты. Владимир Угре­нинов те қамқор ұстаз бола білді. Сол кездерді оймен шолып өткен Жақсылық ағаның әңгімесі былай өрбіді: – Негізі, шынын айту керек, мен КСРО құрамасына алынғанға дейін көп кедергі көрген жоқпын. Кеңес Одағының құ­ра­масы әр салмақта үш-төрт орын ғана ұс­тайды. Он бес республиканың балуандары сол үш-төрт орынға «таласады». Өзіңнің мықты екеніңді дәлелдесең ғана КСРО құрамасының мүшесісің және сол орныңды сақтап қалу үшін үнемі бабыңда болуың керек. Қанша өзімді дәлелдесем де мен баруға тиіс әлем, Еуропа чемпионаттарына Зубков, Шумаков, Нецветаевтар кезек-кезегімен кетіп жатты. Сол кездері «Егер ірі жарыстарға апармайтын болса, КСРО құрамасында несіне жүрмін, күресті тастап кетсем бе екен?!» деген ой да санаңды сарсылтады. Сондай бір қажып жүрген кезде Украина бапкері Кондрат маған қолқа салып, өз елінің атынан жарыстарға қа­тысуға шақырып еді. Себебі оның ал­дында мен Киевте өткен КСРО ауыл спорт­шылары арасындағы чемпионат пен ірі халықаралық турнирде қатарынан екі рет топ жарған болатынмын. Менің кү­ресімді көрген украин бапкері өздеріне ша­қырып «төрт бөлмелі үй, машина бе­ре­міз, алдағы Еуропа чемпионаты мен Олим­пиадаға қатысасың, университеттің дипломы қалтаңда болады, стипендияңды екі есе өсіреміз» деп әбден үгіттеген. Бұл әң­гіме біреуден біреуге тарап, Семей об­лыстық «Қайрат» ерікті спорт қо­ғамының басшысы Қабыш Омаровқа же­тіпті. Ол кісінің жаттығу залында жүрген маған келіп, «Қазақ болсаң, Киевте атаңның басы бар ма?» деп қайрайтын кезі сол. Шы­­нын айтсам, сол жылдары әділетсіз­дікке менің етім әбден өліп кетті. Сондық­тан да болар, маған айналамдағылар «Шы­дамды Жак» деген лақап ат та қойған. Ұйықтап қалып, Олимпиадаға кешіге жаздағаным-ай... – 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына 48 келі салмақта КСРО құрамасынан ба­руға үміткерлер жеткілікті болатын. Әсі­ресе, А.Бозин, В.Савчук, А.Шумаков­тер­дің Олимпиада жеңімпазы болудан үміттері жоғары еді. Мені құрамада 4, 5-орын алып жүргендермен де белдесу­ге шы­ғарды. Бұл кісі күлерлік жағдай болса да, бапкерлер әділдікті белден басты. Бәрін жеңіп тұрған күннің өзінде басшылардан «Олимпиадаға сен барасың» деген сөзді есту мұң болды. Қаншама талас-тартыспен Олимпиадаға екі күн қалғанда ғана оған менің қатыса­тыным анықталды. Сол кезде бірге жүрген жігіттердің қандай екендігі де сынға тү­сіп, көбінің бет пердесі ашылды. Мен өзім­нің сол шақтардағы жүйкем­нің мықтылығы­на, ұйқымның тыныштығы­на қазір таңға­ламын. Тіпті, өзім әрең дегенде қатысу жол­дамасына қол жеткізгеніме қарамай, Олимпиаданың бірінші күнінде ұйық­тап қалып, жарыстан кешіге жазда­ғаным есі­ме түсіп отыр. Бапкеріміз Генна­дий Сапу­нов­тың мені іздетіп құрамадағы жігіттердің екі аяғын бір етікке тығатыны сол кез ғой. Баскетболшыларға арналған кең төсектің бір шетін көтеріп сүңгіп кетіп, қалың ұй­қыға басқан мені жігіттердің із­демеген жері қалмайды. Ақырында жарыс басталуға санаулы минуттар қалғанда Геннадий Андреевичтің өзі келіп, бөлменің бұрыш-бұрышын, төсектің астына дейін қарап, амалы таусылып, «бәрі бітті» деп дәл мен жатқан төсекке отыра кеткен ғой. Мен орнымнан атып тұрғанда бапкеріміз «Сен неге тығылып жатырсың?» деп айқайға басты. Сонда жайбарақат қана «Мен ты­ғыл­ған жоқпын, тынығып жатырмын» де­­геніме ашулы бапкер еріксіз күліп жі­беріп, арқамнан қаққаны бар. Олимпиаданың финалында Павел Хрис­товты ұтып, алтын медальді омыра­уыма тағып, қуанышым қойныма сыймай тұрған шақта Алматыдан сүйіншілеген жеделхат жетті. Үшінші ұлым дүниеге келіпті. Қуа­ныш үстіне қуаныш қосылды. Ойланбастан «Ұлымның атын Жеңіс қоя­мын» дедім дүйім жұртқа. Расында да, мұндай жеңісті шақта дүниеге келген ұлға Жеңістен басқа ат лайық па?! Димекеңнің бір жапырақ Жақсылығы Балуан осы күні еліміздің біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтан көрген жақсылы­ғын, қамқорлығын жиі еске алады. Кез­дес­кенде «Бір жапырақ Жақсылығым ме­нің» деп емірене мол құшағын жайып, ба­уы­рына қатты қысып амандасатын қам­қор ағаның ыстық ықыласының өзі неге тұрады?! – КСРО командасындағы мықты ба­луандарды үлкен спорттан салтанатты түр­де шығарып салу дәстүрі болады. Мұн­дай сал­танат бірнеше жылда бір болатын. Спорт­қа сіңірген 15 жылдық еңбегімді ес­керге­ні болар, әйтеуір бапкерлер осындай құрмет­ке мені де лайықты деп таныпты. Сөйтіп, 1984 жылы сәуірде Красноярск қаласын­да өтіп жатқан КСРО чемпионаты кезінде мені спорттан құрметпен шығарып салу рәсімі жасалды. Сол жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының мамандан­ды­рылған күрес мектебінің директоры болып тағайын­далдым. Бұл орыннан үміттілер көп болды, бірақ тап осы қызметті маған Ди­маш ағам сеніп тапсырды. Қайран Ди­мекем, әр нәрсені тереңнен ойлайтын ке­меңгер еді ғой, – деп аз-кем ойланған Жақ­­сылық аға әңгімесін одан әрі сабақ­тады. – Бірде Димаш ағам мені Алматы облысының Шелек ауданындағы бір мерекелік шараға өзімен бірге ертіп барды. Жиналғандар кіл мықтылар, министрлер мен түрлі лауазымды қызметкерлер. Ағыл-тегіл дастарқан, дуылдап бірін-бірі қолпаштаған сөздер... Сонда Димаш ағам «Әй, жігіттер, айтқан­дарыңмен келісемін. Бірақ заман өтеді, бәрі ұмытылады. Сендердің керемет қызметкер болғандарың да ұмытылады. Дегенмен, бұл жерде қанша жыл өтсе де аты-атағы ұмы­тылмайтын бір жігіт отыр. Ол – Жақсылық Үшкемпіров. Оның Олимпиаданың алтын медалін алған тұңғыш қазақ екенін халық өмірі ұмыт­пайды. Соны есте сақтаңдар» деп мені министрлерден де жоғары, төрге отыр­ғызып қойды. Расында да халықтың маған деген ыстық ықыласы әлі күнге басылған емес. Қашан да құрмет, қошеметке бөлеп жатады. Сондай кездері мен еріксіз Димаш ағамды ойыма аламын... Жастар әрбір мүмкіндікті пайдалана білуі керек – 21 жылдан бері егемен елміз, бірақ сол жақсылықты көбі сезінбейді. Біреуге тәуелді болудың қандай қиын екендігін басынан өтпегендер білмейді. Мысалы, КСРО ке­зінде менің өмірім, үлкен жа­рыстарға қа­тысуым өте қиын жағдайда өтті. 10 жыл бойы КСРО құрамасында болдым. Сол жылдардың бәрінде Кеңес Одағында өт­кен жарыстарда бірінші, екінші, үшінші орын алып жүрдім. Соның өзінде әлемдік дең­гейдегі жарыстарға шыға алмай, қинал­дық. Қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Се­рік Қонақбаев екі дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері болды. 1980 жылы ғана Мәскеу Олимпиадасында бірі­міз алтын, екіншіміз күміс медаль алып, қа­зақ елі кім екенін таныттық. Оған дейін біз­дің талай жастарымыз Әбдісалан Нұрмаха­нов, Әбілсейіт Айхановтар Кеңес Одағының чем­пионы болғанмен, әлемдік жарыстарға бара алмады. Қазіргі жастар әлемдік жа­рыстарға жылда барады. Көбіне жеңіліп жатады. Сол кездері мен «Қазір ата-баба­мыз­дың аңсаған арманы орындалды, сол бақытты сендер неге сезінбейсіңдер? Ке­ңес Одағы кезінде күрессеңдер бір рет үшінші орын алып келіңдерші, сол күні құраманың қатарынан шығарып тастар еді» деп жас­тарымызды қайраймын. Жас­тар өздеріне берілген әрбір мүмкіндікті пайдалана білуі керек. Біздің қазақтың жастары қай салада болсын меңгеремін деп ден қойған ісін тез-ақ игеріп алып кетеді. Бұл – қанның тазалығы. Жеті атаға дейін қыз алыспай, ұрпағының амандығын ойлаған қазақтың бүгінгі ұрпағы зерек, қабілетті. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында жастарымыз қандай ерен еңбек жасады. Біздің жас­тарымыз тарихта болмаған жағдайды бол­дырды. Күллі әлеммен бірге мен де соның куәсі болдым. 250 мемлекеттің ішінен 12-орын алу – тарихта болмаған көрсеткіш. Спорт саласынан қазақ елі өзін әлемге мойындатты. Ал спорт деген мемлекеттің өскендігін көрсетеді. Қай мемлекеттің спорты дамыған болса, сол мемлекет күшті деген сөз. Әрине, бұл тарих қайталана ма, жоқ па, білмеймін. Мен жастарға риза­мын. Қазір алпыстан астым. Менің ойымша, қазақша мектепті көбейтуіміз керек. Бала­ларымыздың бойына ана тілін жастайы­нан сіңіруіміз қажет. Қазіргі «100 мектеп, 100 ау­рухана» бағдарламасының түп-төркіні осында жатыр. Осы Алматыда кезінде екі-ақ қазақ мектебі болған. Қазір, Құдайға шүкір, қазақ мектебінің саны жыл сайын көбейіп келеді. Латын әліпбиіне ертерек көшіп, Ресейден іргемізді бөліп алуымыз керек. Бұл – Елбасымыздың азаматтығы. Бұл жас қазақ мемлекетінің қарыштап да­мып, гүлденуіне жол ашатын жол бол­мақ. Жеріміз үлкен, ал өзгелер жан-жақтан ан­талап отыр. Менделеев кес­тесіндегі барлық элемент біздің жер қойнауымыздан табы­лады. Біз жастарымызды сол байлыққа бі­лімімен, қабілет-қарымымен ие бола­тындай етіп тәрбиелеуіміз керек. Балуанның өмір жолына көз салсақ, Таластың бойындағы кішкентай ғана Те­гістік ауылында дүние есігін ашқан оның тағ­дыры еліміздің бір қиырындағы Семейге түпкілікті байланғандай. Боз кілемдегі ал­ғашқы күрес жолын осы қалада бастағанын жоғарыда әңгіме етсек, ал өмірлік қосағы Күл­панды да осы жерде жолықтырып, мәң­гілікке бір болмаққа серт байласып, өмірдің сан алуан белестерін қол ұстасып бірге бағындырып келеді. Темірдей тәртіпті талап ететін КСРО құрамасында 15 жыл бойы тер төгіп, апталап, айлап үй бетін көрмей, жаттығу залдарынан шықпай, одан қала берді үнемі ат үстінде іссапарларда жүретін спортшының жары болу сырт көзге қы­зығарлықтай болғанмен, қиын­шылығы да аз емес. Отағасына сол ауыртпа­лықтың бірін білдірмей, оның елдің азаматы екенін түсініп, үнемі қолдау көрсетіп отыруды айт. Үш ұлды дүниеге әкелген Күлпан жеңгей – қазір батыр ағамызбен бірге ұлдарын аяқтандырып, немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Үшкемпіровтер отбасының тату-тәтті бірлігіне, жұмыла кіріскен тірлігіне қар­ап қызықтық. Әрбір әулеттің өзіне тән қадір-қасиеті болады. Жақсылық ағаның қара шаңырағының табалдырығын аттағаннан сондай бір жайма-шуақ жылылық есіп тұрды. Мұндай жайлылық пен жылылық әрбір шаңырақтан сезілмейді... Дайындаған Гүлнар Жұмабайқызы  Айқын

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы 

Жақсылық Үшкемпіров – грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Ұлттың мықтылығын әлемге танытатын бір сала спорт болса, Жақаң бұл жағынан әлемді мойындатқаны анық.

Әжесінің Жақайы

Атақты балуан 1951 жылдың 6 мамы­рында Жамбыл облысы Байзақ ауданы­­ның Тегістік ауылында дүниеге келген. Ба­луан­ның өмірге келуінің өзі қызық. Анасы Күн­төре ауылда дүкенші болатын. Бұ­лар­дың үйінің бір бөлмесі – ауылдың кәдімгі дүкені. Онда күнделікті тұрмысқа қажет заттар сатылады. Анасы айы-күні жетіп отырса да, жұмысын жүргізе береді. Қоян-қолтық араласып, біте қайнасып жатқан ауыл адамдары дүкенге күн-түн демей келе бе­реді. Ол ауыл адамдары үшін үйреншікті жағдай. Үйде жалғыз қалған анасын тол­ғақ қысып, жаны қиналып жатса, сырттан ат тұяғының дүрсілі естіледі де, біреу терезені тықылдатып «Әй, келін, сабыныңнан бер­ші, айналайын» деп айқайлайды. Дауыс осы өңірге сыйлы Сарманқұл ақсақалды­­кі. Ол кісіге келіні «Мен толғатып жатыр едім» деп қалай айтады? Қаймағы бұзыл­маған қазақы ауылда бұл ұят. Әрең дегенде ор­нынан тұрып, сабынды алып, табал­ды­рықтың ішкі жағынан оны қартқа ұсына бергенде шыр етіп дүниеге бала келеді. Қатты сасқан қарт аттан секіріп түсіп, ша­рананы жерден көтеріп алады. Абырой болғанда, жамиғатпен бірге намаз оқуға кеткен әжесі де қуаныш үстінен түсіпті. Ал ойда-жоқта жас нәрестенің жарық дүниеге келгенінің куәгері болған Сарманқұл ата «Жолаушылап келе жатыр едім, үйіме жет­пей жаңадан дүниеге келген сәбидің үнін естідім. Бұл баланың аты Жақсылық бол­сын» дейді.

– Тағдырым спортпен байланысты болған соң әлемнің 50-ден астам елінде бол­дым. Іссапарға көп шықтым. Сонда анам «Кісі көп жүретін есік аузында, та­балдырықта туып едің. Жерден алғаш көтеріп алған да жолаушы адам. Әу бастан-ақ сенің өміріңнің көбі жол үстінде, сапарда өтер-ау деп топшылап едім. Сол жо­рамалым шындыққа айналды» деп отыратын. Анам­ның олай дейтін жөні бар, – дейді Жақсы­лық аға сол бір кезді жымия еске алып.

– Мен әжем Бәтимаға тән бала болдым. Сондықтан өз әкемді «тәте», анамды «же­ңеше» дейтінмін. Әкем Үшкемпір – Әмі­рәлі атам мен Бәтима әжемнің зарығып көр­ген баласы. Он төрт ұл-қыз сүйіп, бірақ бәрі жастайынан шетіней берген. Он бе­сін­ші болып менің әкем дүниеге келіпті. Сол кезде әбден амалы таусылып, үміт пен күдік астасқан шақта қазақтың ежелгі ырымы бойынша жаңа туған нәрестені

он шақты шалдың шапанының етегіне бө­леп, қолдан-қолға өткізіп, сосын үш кемпірге кезек кө­­тертіпті де, атын да елеусіздеу етіп Үш­кем­пір қоя салыпты. Міне, сол зарығып көрген ұлынан туған мені әжем алақанына салып өсірді, «Жа­қайым» деп еркелетті. Әпкем Алтынкүл мен қарындасым Шы­рынкүлдің ортасында өстім. Менің алдымда дүниеге келген ұл бала ерте шетінеп кетіпті. Бірақ әкем мені жалғыз ұл екен деп ерке­леткен емес. Оның мамандығы есепші бол­ды. Біртоға мінезді, тіпті бала тәрбиесінде қа­талдау болды. Отбасындағы үш баланы да үй шаруасы­на жастайымыздан бе­йім­деді.

«Алып анадан туады» демекші, жас­тайынан колхоз шаруасына араласқан Күн­төре ана орта бойлы, шағын денелі кісі бол­ған. Бірақ қимыл-қозғалысы ширақ, де­несі мығым екен. Ол кездері колхозда түр­­лі жарыстар, мерекелік шаралар өтіп жа­татын. Сонда бәсекелестерінен қалып қой­мау үшін екі қап бидайды екі қол­ты­ғының астына қысып тасиды екен. Ұн са­лын­ған 70 келілік қаптарды ешкімнің кө­ме­г­ін­сіз-ақ сарайға кіргізіп жүре беретін бол­ған.

 

Ойтамызық

– Мен кезінде Семейдің Зоовет институтына бекерге бармаппын. Айналып осы мамандығыма келдім. Қазір шаруашылығымызда жылқы, ірі қара өсіреміз. Кезінде құрама командада жүргенде ылғи Семейден ұшып барамын ғой. Бір ғана рейс бар, үнемі кешігіп қаламын. Зооветте оқитынымды нұсқап жігіттер маған сол кезде «директор» деген лақап ат қойған. Сол жігіттердің аузына құдай салған болар, міне, қазір директор болып отырмын. Әне бір жылы кезінде Кеңес Одағының құрамасында бірге болған жігіттер келді. ФИЛА-ның бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов: «Аға, мына кісілер өзіңіздің қатарластарыңыз, қасында бірге болсаңыз» деді. Оларды Үшқоңырға апарып, шаруашылығыммен таныс­тырып, бір тайды сойып, көкпар тартқызып, аң атып, балық аулап, не керек әбден күтіп, алма, қауын-қарбыз, оны-мұнының бәрін жолдарына салып беріп шығарып салдық. Дән риза болған жігіттер: «Жак, есіңде ме, біз сені кезінде «ди­ректор» деп келеке етуші едік қой. Сен шынында да нағыз директор бо­лып­сың» дегені. Қазір шаруашылығымызда 100-ден аса отбасы жұмыс жасайды. Негізі, біздің елімізде жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған.

Талас бізді шынықтырды

Жақаң туып-өскен Тегістік ауылы ша­ғын ғана, отыз шақты түтіні бар болатын. Бұл ауылда мектеп болған емес. Оқушылар Талас өзенінен пароммен өтіп, Сарбарақ­тағы бастауыш мектепке баруға тиіс. Бірінші сыныпқа әжесінің ертіп барғаны бүгінгідей есінде. Ол көршілес Диқан, Ақ­құм, Жетібай ауылдарындағы мектепке қатынап оқы­ды. Жетібай ауылындағы мек­тепте онжыл­дықты тамамдады. Мате­ма­тика, биология, зоология пәндері қы­зық­тыратын. Тіпті, осы пәндерден кілең бестік алатын.

Балалық шақтың қызығы таусылған ба?! Ауыл балаларына тән ойынның бә­рінің бұлар да түбін түсіретін. Талас өзені ауылдың тап іргесінен ағып жататын. Үл­кен­дер қанша қақпайласа да олардың кө­зін ала бере, күллі бала өзенге қарай лап қояды. Суға жүзуден күнде жарыс. Кіш­кентай Жақай, тіпті ауыл балалары ара­сын­да чем­пион болып жүрген Жарастан қалай да озамын деп жанталасып жүріп ақыры дегеніне жеткен. Құлаштап жүзу, итшелеп жүзу, шалқалап жүзу, су астымен жүзу сияқты жүзудің неше түрін білетін.

– Мен өзі кішкентайымнан суды жақ­сы көріппін. Оны әжемнен естігенмін, – дей­ді Жақсылық аға. – Әжем: «бала күніңде өте толық болдың, аяғың да кештеу шық­ты. Жазда есіктің алдындағы ағаш астауға тү­сіп алып мен қашан су құйып бергенше тапжылмай отыра беретінсің. Су құйылған соң одан шығуың тіпті қиын болатын» дейтін.

Суға қатысты менің басымнан өткен қызықты оқиға көп. Үй шаруасынан қо­лы­мыз қалт ете қалса, Таластың бойынан та­былатынбыз. 10-11 жас шамасында өзен­ге қой тоғытамын деп жүріп суға түсіп ке­тіп, батып бара жатқан әйелді құтқарып қал­­ғаным бар. Өзенде суға бір батып, бір шы­­ғып, жанталасып жатқан адамды бай­қа­­­дым да, «Құтқару керек» деген оймен суға қо­йып кеттім. Оған қалай жетіп, судан қа­лай алып шыққанымды білмеймін, әй­те­уір мұның бәрі қас-қағым сәтте өте шық­ты. Сәлден соң есін жиған әлгі апа мені айналып-толғанып, алғысын жау­дыр­ғаны есімде. Не істерімді білмей, ұялға­нымнан үн-түнсіз тұра жүгіргенім бар...

Ойтамызық

– Мәскеу Олимпиадасынан 4-5 жыл өткенде ежелгі Олимпиада отаны – Грекияға бардым. Астанасы – Афиныға тоқтадым. Сол жолы Олимп тауының баурайындағы үлкен мәрмәр таста алтын әріптермен қашалып жазылған өз аты-жөнім мен ұлтымды көріп, еріксіз көзіме жас алғаным бар. Сол сәтте ел алдындағы еңбегімнің ақталғанын сезіндім...

Семейге сапар

– Мектеп бітірген соң зоотехник бола­мын деп ауылдас Қарахан деген баламен Семейге бардым,– дейді балуан. – Ол бір жыл бұрын да барып, бақ сынап көріп қайт­қан. Жол бастаушы – сол. Мені үй­дегілер Қараханға әбден тапсырып, шетелге ке­тетіндей әрең шығарып салды. Анам ақ­шам­ның көбін ышқырыма жаға­лай тігіп берген. Кетерде қолыма жол қа­ра­жатқа деп 10 сом ұстатты. №41 пойызбен Жамбыл­дан Семейге төрт күн жүріп әзер жеттік. Екеуміз жалдамалы вагонда тұрып жаттық. Қара­ханға әбден сеніп алғаным сонша, тіпті алғашында қандай факультетті таңдаға­нымызды да білмеппін. Менікі әйтеуір оқуға түсіп кету. Біраз күннен кейін әлгі вагон-үйімізден шығып қалып, бір орыстың үйін жалдадық. Ауылдан беріп жіберген ақшаның түбі көріне бастаған. Бір күні Ертіс жағасына барсам, бір кісі жігіттерді топтап жарыстырып жатыр екен. Біраз бақылап қарап тұрдым, ақша тігіп жары­сып жатыр. Мен де қалтамның тү­бін­дегі соң­ғы 5 сомымды ұйымдастыру­шы­ға ұсынып, ойынға қатыстыруын сұ­радым. Бойым онша ұзын болмағандық­тан ол кісі мені баласынып маңына жолататын емес. Жам­был жақтан оқуға түсуге келген талап­к­ер екенімді айтып, жалынып жүріп қатар­ға қосылдым. Сөйтіп, суға қатысты хикаям Семейде тағы жалғасты. Қатысатындар бес сомнан шығарады, 10 кісіден 50 сом бола­ды. Ұйымдастырушы 10 сомын алады да, қал­ғаны – ұтқандыкі. Ол дегеніңіз қыруар ақша. Қатысарымды қатысып алып, ұтылып қа­ламын ба деп ішім қылпылдап тұр. Сон­дағы ышқынғаным-ай! Не керек – бәйге менікі! 40 сомды қалтаға басып, шала байып үйге тарттым. Ертеңіне бірінші емтихан. Бас­талуы – түс мезгілі. Мен Қа­раханмен ай­тысып жүріп емтиханға «жа­рыстан» соң бір-ақ бардым. Шалбардың арты су-су. «Жа­рыстың» қызығына әбден беріліп ал­ғам. Билетті алып, Қараханның қасына жай­ғастым. Билетімнің сұрақ­тарына көз жүгір­тіп өттім. Аса қиын емес. Қараханның сұ­рақ­тары күрделірек екен. Мұғалімнің көзін ала беріп, Қараханның билетін алып, оның есептерін шығарып бердім. Дегенмен, мұ­ғалім қырағы екен, байқап қойыпты. Қасына шақырып алды да, билеттің жауабын сұрай бастады. Өз билетім жайына қалды. Сөйтіп, қарап отырмай оңай билеттен оңай айырылып, Қараханның билетіне жауап беріп «үш алдым да, ал мұғалім оған екі қо­йып бер­гені. Басқа емтихандарды да «4» пен «5»-ке тапсырып, жолым болып, оқуға түсіп кеттім.

Күреске келген жол

Оқу басталған соң оларды дене шы­нықтыру сабағынан қалаған спорт түрлері бойынша үйірмелерге бөлді. Ол еркін кү­реске жазылды. Бірақ күрес үйірмесі жуық арада басталған жоқ. Ал жаттықты­рушы Микрихов студенттерді үнемі шаң­ғымен жарыстыратын. Жамбыл жақта қар қа­лың түспейді. Өмірі аяғына шаңғы байлап көрмеген. Мұғалімнің тапсырмасын орын­дамаса «зачет» жоқ. Шаңғы тебе алмаған­дарға спорт залындағы күрес кілемінің сө­гіліп кеткен жерлерін тіктіріп қоятын. Са­бақтан соң зырылдап отырып кілем ті­гуге барады. Ол еркін күрестің үйірмесі бас­тал­ған кез. Жаттықтырушы Лю Вен Хай сту­дент Жақсылықты шақырып алып, мәсе­ленің мән-жайын сұрады да, ойланып тұрып: «Сен өзі күресе білесің бе? Егер ана баланы жықсаң, «зачетыңды» мен қойды­рып беремін. Күресесің бе?» деді қызық­тырып. Аз-кем ойланған ол, дереу шешініп тастап, күресе кетті. Ауылда күрестің әдіс-тәсілін кім үйретті дейсің? Өз білгенінше «әрекет» жасап, әлгі баланы жерге алып соқты. Бапкер аң-таң болып қалады. «Енді ана баламен күрес» деді. Ол күрестен біраз тәжірибесі бар және ересектеу әрі салмағы да үлкендеу бала екен. Біраз арпалысып оны да жеңді. Бапкер «Сен еркін күресте жоқ әдісті қолдандың, қайта күресіңдер» деді. Бұл да қарап қалмай «Сіз «жықсаң болды» дегенсіз. Қалай күресуді айтқан жоқсыз ғой» деп еді, бапкер «жарайды» дей салды. Не керек, зачет алынды. Ал бапкер оған еркін күрестен жаттығудан қалмауын тап­сырды. Әлемді мойындатқан Жақсылық ағамыздың күреске келу жолы – осы.

Шыдамды Жак немесе Қабыш ағамның қайрауы

Еркін күрес үйірмесіне алынған ал­ғашқы күннен бастап ол бірде-бір жат­тығуды жі­бермейді. Жаттығу залына жұрт­тан бұрын барады, кейін қайтады. Бап­кердің үйреткен әдістерін жанын са­лып қайталайды. Күреске шындап бет бұрғаннан кейін екі айдан соң институт біріншілігі өтті. Сол кездің өзінде қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды иемденді. Одан қалалық, облыстық чем­пионаттарға қатысты. Чемпион болды. Жеңістің дәмін тата бастады. Өзгелердің құрмет-қошеме­тін сезініп қалды. Дегенмен, алғашқы әді­летсіздіктер де алдан шыға бастады. Сол себепті еркін күрестен кетіп, грек-рим күресінде бақ сынап көрмек болды. Еркін күресте көптің бірі болып жүрсе, грек-рим күресінде Ром Ильматов бірден бауырына тартып, бар білгенін үйретуден жалықпады. Алғашқы бапкерінің оны Олимпиада чем­пионы атандыруға деген құлшынысы тым жоғары еді және балуанды да соған сендіре білді. Ол 1970 жылы-ақ Ал­матыда грек-рим күресі бо­йынша Қа­зақстан бірінші­лігінде топ жарды. Әйгілі бапкер Вадим Псарев те талапкер жасқа үлкен үміт артты. Владимир Угре­нинов те қамқор ұстаз бола білді. Сол кездерді оймен шолып өткен Жақсылық ағаның әңгімесі былай өрбіді:

– Негізі, шынын айту керек, мен КСРО құрамасына алынғанға дейін көп кедергі көрген жоқпын. Кеңес Одағының құ­ра­масы әр салмақта үш-төрт орын ғана ұс­тайды. Он бес республиканың балуандары сол үш-төрт орынға «таласады». Өзіңнің мықты екеніңді дәлелдесең ғана КСРО құрамасының мүшесісің және сол орныңды сақтап қалу үшін үнемі бабыңда болуың керек. Қанша өзімді дәлелдесем де мен баруға тиіс әлем, Еуропа чемпионаттарына Зубков, Шумаков, Нецветаевтар кезек-кезегімен кетіп жатты. Сол кездері «Егер ірі жарыстарға апармайтын болса, КСРО құрамасында несіне жүрмін, күресті тастап кетсем бе екен?!» деген ой да санаңды сарсылтады. Сондай бір қажып жүрген кезде Украина бапкері Кондрат маған қолқа салып, өз елінің атынан жарыстарға қа­тысуға шақырып еді. Себебі оның ал­дында мен Киевте өткен КСРО ауыл спорт­шылары арасындағы чемпионат пен ірі халықаралық турнирде қатарынан екі рет топ жарған болатынмын. Менің кү­ресімді көрген украин бапкері өздеріне ша­қырып «төрт бөлмелі үй, машина бе­ре­міз, алдағы Еуропа чемпионаты мен Олим­пиадаға қатысасың, университеттің дипломы қалтаңда болады, стипендияңды екі есе өсіреміз» деп әбден үгіттеген. Бұл әң­гіме біреуден біреуге тарап, Семей об­лыстық «Қайрат» ерікті спорт қо­ғамының басшысы Қабыш Омаровқа же­тіпті. Ол кісінің жаттығу залында жүрген маған келіп, «Қазақ болсаң, Киевте атаңның басы бар ма?» деп қайрайтын кезі сол. Шы­­нын айтсам, сол жылдары әділетсіз­дікке менің етім әбден өліп кетті. Сондық­тан да болар, маған айналамдағылар «Шы­дамды Жак» деген лақап ат та қойған.

Ұйықтап қалып, Олимпиадаға кешіге жаздағаным-ай...

– 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына 48 келі салмақта КСРО құрамасынан ба­руға үміткерлер жеткілікті болатын. Әсі­ресе, А.Бозин, В.Савчук, А.Шумаков­тер­дің Олимпиада жеңімпазы болудан үміттері жоғары еді. Мені құрамада 4, 5-орын алып жүргендермен де белдесу­ге шы­ғарды. Бұл кісі күлерлік жағдай болса да, бапкерлер әділдікті белден басты. Бәрін жеңіп тұрған күннің өзінде басшылардан «Олимпиадаға сен барасың» деген сөзді есту мұң болды. Қаншама талас-тартыспен Олимпиадаға екі күн қалғанда ғана оған менің қатыса­тыным анықталды. Сол кезде бірге жүрген жігіттердің қандай екендігі де сынға тү­сіп, көбінің бет пердесі ашылды. Мен өзім­нің сол шақтардағы жүйкем­нің мықтылығы­на, ұйқымның тыныштығы­на қазір таңға­ламын. Тіпті, өзім әрең дегенде қатысу жол­дамасына қол жеткізгеніме қарамай, Олимпиаданың бірінші күнінде ұйық­тап қалып, жарыстан кешіге жазда­ғаным есі­ме түсіп отыр. Бапкеріміз Генна­дий Сапу­нов­тың мені іздетіп құрамадағы жігіттердің екі аяғын бір етікке тығатыны сол кез ғой. Баскетболшыларға арналған кең төсектің бір шетін көтеріп сүңгіп кетіп, қалың ұй­қыға басқан мені жігіттердің із­демеген жері қалмайды. Ақырында жарыс басталуға санаулы минуттар қалғанда Геннадий Андреевичтің өзі келіп, бөлменің бұрыш-бұрышын, төсектің астына дейін қарап, амалы таусылып, «бәрі бітті» деп дәл мен жатқан төсекке отыра кеткен ғой. Мен орнымнан атып тұрғанда бапкеріміз «Сен неге тығылып жатырсың?» деп айқайға басты. Сонда жайбарақат қана «Мен ты­ғыл­ған жоқпын, тынығып жатырмын» де­­геніме ашулы бапкер еріксіз күліп жі­беріп, арқамнан қаққаны бар.

Олимпиаданың финалында Павел Хрис­товты ұтып, алтын медальді омыра­уыма тағып, қуанышым қойныма сыймай тұрған шақта Алматыдан сүйіншілеген жеделхат жетті. Үшінші ұлым дүниеге келіпті. Қуа­ныш үстіне қуаныш қосылды. Ойланбастан «Ұлымның атын Жеңіс қоя­мын» дедім дүйім жұртқа. Расында да, мұндай жеңісті шақта дүниеге келген ұлға Жеңістен басқа ат лайық па?!

Димекеңнің бір жапырақ Жақсылығы

Балуан осы күні еліміздің біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтан көрген жақсылы­ғын, қамқорлығын жиі еске алады. Кез­дес­кенде «Бір жапырақ Жақсылығым ме­нің» деп емірене мол құшағын жайып, ба­уы­рына қатты қысып амандасатын қам­қор ағаның ыстық ықыласының өзі неге тұрады?!

– КСРО командасындағы мықты ба­луандарды үлкен спорттан салтанатты түр­де шығарып салу дәстүрі болады. Мұн­дай сал­танат бірнеше жылда бір болатын. Спорт­қа сіңірген 15 жылдық еңбегімді ес­керге­ні болар, әйтеуір бапкерлер осындай құрмет­ке мені де лайықты деп таныпты. Сөйтіп, 1984 жылы сәуірде Красноярск қаласын­да өтіп жатқан КСРО чемпионаты кезінде мені спорттан құрметпен шығарып салу рәсімі жасалды. Сол жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының мамандан­ды­рылған күрес мектебінің директоры болып тағайын­далдым. Бұл орыннан үміттілер көп болды, бірақ тап осы қызметті маған Ди­маш ағам сеніп тапсырды. Қайран Ди­мекем, әр нәрсені тереңнен ойлайтын ке­меңгер еді ғой, – деп аз-кем ойланған Жақ­­сылық аға әңгімесін одан әрі сабақ­тады. – Бірде Димаш ағам мені Алматы облысының Шелек ауданындағы бір мерекелік шараға өзімен бірге ертіп барды. Жиналғандар кіл мықтылар, министрлер мен түрлі лауазымды қызметкерлер. Ағыл-тегіл дастарқан, дуылдап бірін-бірі қолпаштаған сөздер... Сонда Димаш ағам «Әй, жігіттер, айтқан­дарыңмен келісемін. Бірақ заман өтеді, бәрі ұмытылады. Сендердің керемет қызметкер болғандарың да ұмытылады. Дегенмен, бұл жерде қанша жыл өтсе де аты-атағы ұмы­тылмайтын бір жігіт отыр. Ол – Жақсылық Үшкемпіров. Оның Олимпиаданың алтын медалін алған тұңғыш қазақ екенін халық өмірі ұмыт­пайды. Соны есте сақтаңдар» деп мені министрлерден де жоғары, төрге отыр­ғызып қойды. Расында да халықтың маған деген ыстық ықыласы әлі күнге басылған емес. Қашан да құрмет, қошеметке бөлеп жатады. Сондай кездері мен еріксіз Димаш ағамды ойыма аламын...

Жастар әрбір мүмкіндікті пайдалана білуі керек

– 21 жылдан бері егемен елміз, бірақ сол жақсылықты көбі сезінбейді. Біреуге тәуелді болудың қандай қиын екендігін басынан өтпегендер білмейді. Мысалы, КСРО ке­зінде менің өмірім, үлкен жа­рыстарға қа­тысуым өте қиын жағдайда өтті. 10 жыл бойы КСРО құрамасында болдым. Сол жылдардың бәрінде Кеңес Одағында өт­кен жарыстарда бірінші, екінші, үшінші орын алып жүрдім. Соның өзінде әлемдік дең­гейдегі жарыстарға шыға алмай, қинал­дық. Қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Се­рік Қонақбаев екі дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері болды. 1980 жылы ғана Мәскеу Олимпиадасында бірі­міз алтын, екіншіміз күміс медаль алып, қа­зақ елі кім екенін таныттық. Оған дейін біз­дің талай жастарымыз Әбдісалан Нұрмаха­нов, Әбілсейіт Айхановтар Кеңес Одағының чем­пионы болғанмен, әлемдік жарыстарға бара алмады. Қазіргі жастар әлемдік жа­рыстарға жылда барады. Көбіне жеңіліп жатады. Сол кездері мен «Қазір ата-баба­мыз­дың аңсаған арманы орындалды, сол бақытты сендер неге сезінбейсіңдер? Ке­ңес Одағы кезінде күрессеңдер бір рет үшінші орын алып келіңдерші, сол күні құраманың қатарынан шығарып тастар еді» деп жас­тарымызды қайраймын. Жас­тар өздеріне берілген әрбір мүмкіндікті пайдалана білуі керек.

Біздің қазақтың жастары қай салада болсын меңгеремін деп ден қойған ісін тез-ақ игеріп алып кетеді. Бұл – қанның тазалығы. Жеті атаға дейін қыз алыспай, ұрпағының амандығын ойлаған қазақтың бүгінгі ұрпағы зерек, қабілетті. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында жастарымыз қандай ерен еңбек жасады. Біздің жас­тарымыз тарихта болмаған жағдайды бол­дырды. Күллі әлеммен бірге мен де соның куәсі болдым. 250 мемлекеттің ішінен 12-орын алу – тарихта болмаған көрсеткіш. Спорт саласынан қазақ елі өзін әлемге мойындатты. Ал спорт деген мемлекеттің өскендігін көрсетеді. Қай мемлекеттің спорты дамыған болса, сол мемлекет күшті деген сөз. Әрине, бұл тарих қайталана ма, жоқ па, білмеймін. Мен жастарға риза­мын.

Қазір алпыстан астым. Менің ойымша, қазақша мектепті көбейтуіміз керек. Бала­ларымыздың бойына ана тілін жастайы­нан сіңіруіміз қажет. Қазіргі «100 мектеп, 100 ау­рухана» бағдарламасының түп-төркіні осында жатыр. Осы Алматыда кезінде екі-ақ қазақ мектебі болған. Қазір, Құдайға шүкір, қазақ мектебінің саны жыл сайын көбейіп келеді. Латын әліпбиіне ертерек көшіп, Ресейден іргемізді бөліп алуымыз керек. Бұл – Елбасымыздың азаматтығы. Бұл жас қазақ мемлекетінің қарыштап да­мып, гүлденуіне жол ашатын жол бол­мақ. Жеріміз үлкен, ал өзгелер жан-жақтан ан­талап отыр. Менделеев кес­тесіндегі барлық элемент біздің жер қойнауымыздан табы­лады. Біз жастарымызды сол байлыққа бі­лімімен, қабілет-қарымымен ие бола­тындай етіп тәрбиелеуіміз керек.

Балуанның өмір жолына көз салсақ, Таластың бойындағы кішкентай ғана Те­гістік ауылында дүние есігін ашқан оның тағ­дыры еліміздің бір қиырындағы Семейге түпкілікті байланғандай. Боз кілемдегі ал­ғашқы күрес жолын осы қалада бастағанын жоғарыда әңгіме етсек, ал өмірлік қосағы Күл­панды да осы жерде жолықтырып, мәң­гілікке бір болмаққа серт байласып, өмірдің сан алуан белестерін қол ұстасып бірге бағындырып келеді. Темірдей тәртіпті талап ететін КСРО құрамасында 15 жыл бойы тер төгіп, апталап, айлап үй бетін көрмей, жаттығу залдарынан шықпай, одан қала берді үнемі ат үстінде іссапарларда жүретін спортшының жары болу сырт көзге қы­зығарлықтай болғанмен, қиын­шылығы да аз емес. Отағасына сол ауыртпа­лықтың бірін білдірмей, оның елдің азаматы екенін түсініп, үнемі қолдау көрсетіп отыруды айт. Үш ұлды дүниеге әкелген Күлпан жеңгей – қазір батыр ағамызбен бірге ұлдарын аяқтандырып, немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Үшкемпіровтер отбасының тату-тәтті бірлігіне, жұмыла кіріскен тірлігіне қар­ап қызықтық. Әрбір әулеттің өзіне тән қадір-қасиеті болады. Жақсылық ағаның қара шаңырағының табалдырығын аттағаннан сондай бір жайма-шуақ жылылық есіп тұрды. Мұндай жайлылық пен жылылық әрбір шаңырақтан сезілмейді...

Дайындаған

Гүлнар Жұмабайқызы 

Айқын

Ұқсас материалдар